Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
askazan.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Асқазан рагының диагностикасы

Асқазан рагын анықтап, дәлелдеу үшін - жан-жақты терең сыртартқысын жинап, физикалық тексеруді қолданып, жалпы қанды зерттеп, содан соң рентген мен эндоскопиялық әдістерді қолдану арқылы, ал алысқы мүшелерде бөгелме ісіктерді, ультрадыбыс тәсілімен анықтайды.

Сыртартқы. Науқастың сыртартқысын жинау кезде, асқазан рагына тән белгілерді, олардың пайда болу мерзімі мен барысын, ауырсыну сезімінің ерекшелігін анықтау керек

Науқас ауырсыну сезіміне шағымданса, онда мыналарды анықтау керек:

  1. ауырсыну сезімнің орналасқан жерін,

  2. оның күші мен дәрежесін,

  3. ауырсыну сезімнің мерзімін, ұзақтығы мен, тұрақтылығын,

  4. осы сезімнің тағаммен байланыстылығын.

Рак ауруында ауырсыну сезімі біртіндеп ұлғаяды. Егер асқазан тесілсе «қанжар сұққан» тәрізді ауырсыну, ал рак көрші сау мүшені зақымдаса онда оның тұрақтануы анықталады. Әдеттенген тағамнан кейін, ауырсыну сезімі қайталанады, ал асқазан ойық жарасында тек тамақтан кейін ауырсыну пайда болып, күшейеді.

Ауырсыну сезімін жан-жақты сұрап, болғаннан кейін, басқа белгілерді: кекіру, жүрегінің айнуын, лоқсу мен құсуын анықтау керек. Бұл белгілер пайда болса, олардың көлемін, тұрақтылығын байқайды. Сонымен бірге, тамақтың жүрмей, қиналып өтуіне (дисфагия) ерекше көңіл бөлу керек. Төс асты тұсында тағамның тұрып қалуы, оны науқастың өзі көрсетуі дисфагияға тән белгі болып саналады.

Науқастың сыртартқысын жинағанда оның шағымына да аса көңіл бөлу қажет. Себебі ол жанға бататын бір-екі белгіні айтып, басқа да өте керекті көріністерді қозғамай кетуі мүмкін. Сондықтан ісік белгілерінің даму жолдары мен ерекшеліктеріне аса маңызды мән беру керек. Осыларға қосымша науқастың емхана мен ауруханада қаралып, емделгені туралы, тексеру қорытындылары да, болуы міндетті.

Асқазан рагына қауіпті белгілер

Олар:

  1. кез келген асқазан рагіне тән белгілердің апталап, айлап сақталуы, олардың қайталанып, тұрақтанып үдеуі,

  2. созылмалы асқазан аурулары бар адамдардың шағымының өзгеруі,

  3. асқазан зақымдалып, құрылысы мен құрылымы бұзылса немесе қысылып, қуысы тарылып, ағза уыттана басталуы,

  4. тағамдану ережесі бұзылмай, бірақ осыған қарамастан асқазанда қолайсыздық орын алуы.

Осы аталған көріністердің біреуі болған жағдайда, науқасқа міндетті түрде рентген мен эндоскопия жасау қажет.

Көру және сипау кезінде - ішті, бұғана үсті лимфа бездерін, тік ішекті және әйелдерде - гинекологиялық мүшелерін тексереді.

Көргенде: теріге, көз алмасына, бет-пішінге күш-қуатына мән беріледі. Іш мүшелерін сипағанда Щелагуров тәсілімен 5 бағытта: шалқасынан, оң жақ, сол жақ бүйіріне, екпетінен және тұрғызып тұрып көреді. Сол кезде терінің түсіне, ылғалдығына, қызуына көңіл бөледі. Іштің томпиып өзгерген жерін анықтайды. Сипау кезінде түйін табылса, онда оны бес бағытта сипаттау керек:

  1. Көлемін,

  2. Тығыздығын,

  3. Пішінін,

  4. Қозғалысын,

  5. Шекарасын.

Ісік көрші мүшеге көшсе, онда оның қозғалысы тежеледі. Үлкен ісік түйіні операцияға қарсы көрсеткіш болмайды.

Іш қуысын сипау кезінде бауырдың көлеміне, төменгі қырына, оның шетіне аса көңіл бөлген жөн. Кейде ол шеті тегіс болғанмен, ортасында ісік болуы мүмкін, сондықтан бөгелме ісіктің бар-жоғын ультрадыбыс, немесе компьютерлік томография жасау арқылы анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]