Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
askazan.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Ситуациялық есептер

1- есеп

59 жастағы адам арықтаған, тамаққа тәбеті жоқ, тоқтық сезімі бар. Эндоскопиялық тексеру кезінде атрофиялық гастрит пен ойық жара оның денесінде орналасқан. Сұрақтар: 1. Алғашқы диагноз?

2. Морфологиялық диагноз қою үшін не істеу керек? 3. Қандай стандартты рентген зерттеу әдісін қолданылуы тиіс? 4. Қандай ем қажет? 5. Хирургиялық емде операцияның көлемі қандай? 2- есеп

56 жасар адам жүрек қыжылына, төс асты аймағында ауырсыну сезіміне, ас қабылдаған соң лоқсып, кейде құсатынына шағымданады. Эндоскопиялық тексеру кезінде – антральды бөлігінде ойық жара анықталған, ол асқазан каналын 0,5 см-ге шейін тарылтып тұр.

Сұрақтар:

  1. асқазанның қандай ауруларынан ажырату керек?

  2. морфологиялық диагноз үшін не істеу қажет?

  3. ісіктің өсу сатысын анықтау үшін қандай стандартты рентгенмен зертеу жүргізесіз?

  4. қандай ем қолданылады?

  5. қандай көлемде операция жасауға болады?

3- есеп

50 жастағы науқас арықтағанына, тамаққа тәбеттінің жоқтығына және астың қиналып өтуіне шағымданады. Эндоскопиялық тексеру кезінде – асқазанның кардий бөлігінде көлемі 5 см ойық жара өңешке дейін жететіні анықталған.

Сұрақтар:

  1. алғашқы диагноз?

  2. морфологиялық түрін анықтау үшін не қажет?

  3. қандай рентген әдісін қолданасыз?

  4. қандай ем тиімді?

  5. қандай көлемде операция жасау керек?

Ситуациялық есептердің жауабы:

1- есеп:

  1. Асқазан рагы.

  2. Жарадан биопсия алу.

  3. Асқазанды рентгенге түсіру.

  4. Хирургиялық әдіс.

  5. Гастроэктомия.

2- есеп:

  1. Асқазан рагы, не оның ойық жарасы.

  2. Жарадан биопсия алу.

  3. Асқазанға контрасты рентгенскопия жасау керек.

  4. Хирургиялық әдіс.

  5. Субтотальды резекция.

3- есеп:

1. Асқазан рагы. 2. Жарадан биопсия алу. 3. Өңеш пен асқазанға контрасты рентгенскопия жасау. 4. Хирургиялық әдіс. 5. Өңештің төменгі бөлігі мен қоса гастроэктомия,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]