Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
askazan.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Асқазан рагынан сақтандыру шаралары мен жолдары

Асқазанды рак ауруынан қорғайтындарға витаминдер (А, С, Е) және магний, селен тұздары жатады. Ісік көкөністі көп жегендерде өте сирек кездеседі.

Витамин А және каротиноидтар - канцерогендерді азайтады, олардың клеткаларға деген зиянды әрекеттерін төмендетеді. Тәулігіне әр адамға 1000 мкг витамин А қажет. Рак ауруымен ауырғандарда бұл витаминнің мөлшері 2 есе төмен. Сонымен осы тапшылықты толықтыру үшін, олардың жиі кездесетін тағамдарды білген жөн.

Олар:

  1. Витамин А мал бауырларында, тауықтарда, балықтарда, жүгеріде, сәбізде, қызылшада көп,

  2. Ал каротин болса кез келген жеміс-жидектерде, бау-бақша өндірістерінде көп сақталады

Витамин С – тотықсыздандыру реакциясын реттеп отырады, иммундық жүйені көтереді.Тәулік мөлшері – 70 мг. Көкөніс, жеміс-жидектер – бұл витаминге өте бай.

Витаминдерден бөлек топырақтағы микроэлементтердің де маңызы зор. Магний тұзының топырақта көптігінен кейбір жерлерде (Армения, Молдова, Қазақстан) асқазан рагы сирек тіркеледі, ал енді осындай құбылыс Қытайдың да кейбір аудандарында анықталған. Бұл сол жердегі топырақта селен тұздарының артық мөлшерде болғанымен түсіндіріледі.

Тағамның рөлі. Эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары ас тұзды көп пайдаланған (тұздалған ет, жеміс-жидектер т.б.) жерлерде, асқазан рагының жиіленгенін көрсетіп, соның ішінде біркелкі тағамдану, әсіресе, құрғақ тамақ пен, күйдірілген, ыссы ас-тағамдар, ысталған заттар өте зиянды екені дәлелденген. Еуропалық және Американдық үлгіде - майлы, консервіленген, ысталған тағамдар аз қолданылады және тамақтың көбісі мұздатылған күйде ішуге беріледі. Міне, осылардың салдарынан оларда асқазан рагы сирек дамиды.

Сонымен, асқазан рагынан сақтану шараларына: тағамдану ережесін дұрыс сақтау, канцерогендерді тағаммен бірге түсуді кеміту, олардың зиянды іс-әрекеттерін тежейтін витаминдерді көбейту – ең негізгі сақтану шара деп саналады. Осындай негізгі шараларға жататындар:

  1. көкөністерді күніне 4-5 рет қолдану,

  2. күйдірілген, ысталған, тұзды астардан және майлы тағамдарды аз қолдану,

  3. арақты аз ішу,

  4. темекі тартпау,

  5. нитрит, нитраттарды ауыл шаруашылығында, бақшаларда аз пайдалану

Асқазан рагының патологиялық анатомиясы

Рак асқазанның бір жерінде, немесе бірнеше бөліктерінде бір мезгілде өніп-өсуі мүмкін. Кейінгі түрін алғашқы пайда болған, біріншілік көп ісікті рак дейді, ол асқазан рагының 2-3% құрайды. Асқазанның шырышты қабатында пайда болған ісік көзі біртіндеп жайылып, асқазанның басқа қабаттарын зақымдай бастайды. Алғашқы кезде ол тек шырышты қабаттан аспайды, мұны алғашқы ерте рак түрі деп атайды.

Сонымен, алғашқы ерте пайда болған асқазан рагы деп, морфологиялық түріне және ісіктің көлеміне қарамастан, ол тек шырышты қабатты ғана зақымдап, сонда орналасқан түрін айтады. Рак түйіннің көлемі бұл кезде 2-3мм-ден 5,0мм-ге шейін болғандықтан, өте сирек бөгелме ісік береді. Осы өсу дәрежесінде емделсе, онда ауру адам толық 100% жазылып шығады.

Рак асқазанның кез келген жерінде орналасады, ол өсе келіп, асқазанды түгел жарақаттауы мүмкін. Бұл уақытта оның қай жерден өніп-өскенін анықтау қиынға соғады, сондықтан мұндайда ісік көлемінің ең үлкен жеріне байланысты орналасақан жері анықталынады. Көбінде қатерлі ісік асқазанның антральды бөлімін (60-70%), одан кейін - кіші иін (20-25%) мен жоғарғы бөлігі - кардийді (10-15%) зақымдайды. Асқазанның үлкен иіні, алдыңғы мен артқы қабырғалары және күмбезі (2-5%), ал ракка тұтас зақымдануы (5%) сирек кездеседі.

Макроскопиялық түрі бойынша - ісік асқазан қуысына қарай өссе, оны экзофитті, ал асқазан бойымен өрбісе –эндофитті рак дейді.

Экзофитті рактың шеттері тегіс, түймешік (полип), түймедақ (бляшка) және саңырауқұлақ (гриб) тәрізді болып келеді де, өсе келе ортасы ойылып табақ пішінді болып өзгереді. Ісіктің көзге көрінген аналасынан 2-3 см. қашықтығында, рак клеткаларының жайылмасы болмайды.

Эндофитті ісіктер шырышты қабаттың астында жайыла өсіп, шекарасы анық емес және асқазан ішіне қарай өспей, асқазан рагының ең қатерлі тобын құрайды, тез бөгелме ісіктерді береді; рактың бұл түрінде болжам өте қиын, оның себебі емнің нәтижесі өте төмен болғандықтан. Ісік өскен сайын түйіннің ортасы ыдырап іриді, өліеттеніп шіриді, ойық жара пайда болады.

Асқазан рагының үшіншісіне - осы екі түрі қосарланып пайда болған аралас түрі жатады. Ісіктің ағымы эндофитті құрылымына байланысты болады.

Бұлар түйіннің бет-пішініне тікелей әсерін тигізеді. Осы бет-пішінге сәйкес жапон эндоскопистері асқазан рагын үшке бөледі:

1-түйін, шырышты қабат деңгейінен сәл шығып тұрған «төмпешік» ісік,

2- шырышты қабаттың қабыршығы сәл желінген «жалақ» ісік,

3- шырышты қабаттың қабыршығы ойық жаралы ісік

Ісіктің эндоскопиялық бірінші көрінісінде шырышты қабаттың қабыршығында асқазан қуысына қарай шыққан өспе, түймешік сияқты қабыршықтан 5мм-ден артық емес болып көрінеді,

Екінші түрінде шырышты қабаттың өзектері білінбей кетеді де, бұл жер қатая түседі, түсі бозғылттау болып өзгереді. Шырышты қабат қабыршығындағы шұңқыр тереңдігі 5мм-ден аспайды. Біртіндеп бұл өзгерістер жайыла түседі де рактың жайылмалы түрін құрайды.

Үшінші – ойық жара түрінде - шырышты қабаттың қабыршығы терең ойық жараға айналады, оның тереңдігі 5 мм-ден асып кетеді.

Асқазан рагын патанатомиялық түріне сәйкес ісік түйінін 4-түрге бөледі:

  1. «саңырауқұлақ» тәрізді,

  2. «табақша» тәрізді

  3. жайылмалы шекарасы белгісіз ісік,

  4. жайылмалы-ойық жаралы боп өскен ісік,

Бірінші екі түрлері - экзофитті ісіктерді, ал соңғы екеуі - эндофитті ісіктерді қалыптастырады.

  • Экзофитті ісік сыртқы түріне қарағанда қырыққабатқа (капуста) ұқсайды; асқазан қуысына қарай шығып тұрады. Беті тегіс емес, адыр-бұдыр, бірақ шекарасы ап-айқын – сау ұлпадан бөлініп тұрады (№8- сурет),.

  • «Табақша» сияқты ракта, тығыздығы өте қатты, үлкен жара көзге көрінеді, оның жағалары білеулене көтеріңкі келіп, ортасы ойыс болып, беті іріңді қабықпен жабылады (№9- сурет),.

  • Жайылмалы ракта, асқазан қуысына шығып тұрған жағы білінбейді, бірақ оның қабырғасы қатты, өзектері өзгеріп, білінбей қалған ісік. Кейде бұл көрініс бүкіл асқазан бойымен мүшені тұтас жарақаттайды

  • Жайылмалы-ойық жаралы ісікте (№10- сурет),., асқазаннан және оның анық қабырғасынан жара анық байқалады да, ешқандай шекарасы білінбейді, ол мүшені тұтас зақымдайды.

№8- сурет. Түймешік тәрізді асқазан рагы

№9- сурет. Табақша- тәрізді асқазан рагы

№10- сурет. Жайылмалы-ойық жаралы асхазан рагы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]