Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Қоянның құлағында артериялық гиперемияның сыртқы

көріністерінің үлгісін алып зерттеу.

Әдісі. Қоянның қүлағын эфир немесе ксилолмен суланған мақтамен ақырындап ысқылайды. Қоянның екі құлағын жарық түсіру арқылы салыстырады. Артериялық гиперемияның көрістеріне назар аударып, хаттама толтырып, суретін салады.

2 тапсырма.

Бақаның тілінде артериялық гиперемияны зерттеу.

Әдісі. Бақаны қимылсыздандырып, астыңғы жағының жиегін тактайша тесігінің шетіне орналыстырады.Бақаның ауыз қуысын пинцетпен ашқаннан кейін, төменгі жағының бурыштарын, тақтайшаға қисайта кіргізілген екі инемен белітеді, үшінші иненің басымен бақаның жоғарғы жағын тіреп қояды.Көз пинцетімен тілдің бір бүртігін, одан кейін екіншісін ұстап алып, бақаның тілін ақырындап созып, тақтайдағы тесіктің үстіне керіп бекітеді. Осылайша істелген тілді микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда қарайды. Ұсақ қан тамырларда қан ағымының бастапқы жағдайын зерттейді.Осыдан кейін бақаның қалпын өзгертпей, микроскоптың объективін көтеріп, тілін, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен суланған мақтамен сүртеді.

3 тапсырма.

Бақаның тілінде веналық гиперемияны зерттеу.

Әдісі. Осы тәжірибеде де №4 тапсырмадағы бақаның тілін қолдануға болады. Веналық гиперемияны тілдің түбіріндегі көктамырларды байлау арқылы алады. Венаны артериядан және жүйкеден ақырындап ажыратып алады да көктамырдың астынан жіп өткізеді. Осынддай қимыл - әрекеттерді бақаның тілінің түбірінің екінші жағынан жасайды. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда шеткері қанайналымның жағдайын бір көктамырды, сонан соң екінші көктамырды байлағаннан соң зерттейді. Қорытынды жасайды.

4 тапсырма.

Майлық эмболияны алу және бақаның шажырқай немесе тілінің қан тамырының эмболиясы кезіндегі канайналымын зерттеу.

Әдісі: Қимылсыздандырылған бақаның кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. 0,2 – 0,3 мл жылытылған вазелин майын жіңішке инемен журектің қарыншасына жібереміз. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда бақа шажырқайының қан тамырларын, олардың ішіндегі эмболдардың қозғалуын және эмболия туындатқан қан ағымының бұзылыстарын зерттейді. Эмболияны суретке салады және қысқаша сипаттап жазады.

5 тапсырма. Бақа шажырқайында қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің эмиграциясын зерттеу (Конгейм тәжірибесі)

Әдісі: Бақа шажырқайын тақтайша тесігінің үстіне керіп бекітеді. Микроскоптың кішкене үлкейтуімен ұсақ тамырларындағы қанайналымын бақылайды. Қан тамырларының саңылауларнының өзгерістеріне, қылтамырлар санына, қан ағысының жылдамдығына назар аудару кажет. Лейкоциттердің қан тамырларының жиектеріне кемерленіп тұруын байкайды. Ары қарай микроскоптың үлкейтуін кішкенеден үлкенге алма-кезек ауыстырып отырып, қан ағысы жылдамдығының өзгерістерін байкай келе, лейкоциттердің тамырдың сыртына шығуын көруге болады. Дәптерге лейкоциттердің эмиграциясының сатыларын жазып, сүретін салады.