Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Глоссарий

Патофизиология(от греч.Pathos- болезнь,physis– природа, функция,logos- учение) – наука о функциях больного организма.

Патофизиология изучает общие закономерности возникновения, развития и исходов болезней.

Патофизиология(грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.

Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Pathophysiology (from Greek words): pathos - illness, suffering; physis - nature, function; logos - study Pathophysiology is the science about the functions of a sick organism.

Pathophysiology is scientific study of disease - its nature, cause, mechanisms and effects. It is the science about general laws of pathological processes and diseases. It studies "why" and "how" disease occurs and develops.

Задачи патофизиологии

  • Изучение вопросов общей этиологии

  • Изучение вопросов патогенеза

  • Разработка методов экспериментальной терапии

  • Формирование врачебного мышления

Патофизиологияның міндеттері

  • Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу

  • Патогенез сұрақтарын зерттеу

  • Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу

  • Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру

Purposes of pathophysiology

  • Study the questions of general etiology

  • Study the questions of pathogenesis

  • Investigation methods of experimental therapy

  • Formation of medical mode of thinking

Основной метод патофизиологии – патофизиологический эксперимент.

Особенность патофизиологического эксперимента: моделирование болезней человека у животных.

Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент.

Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.

The main method of pathophysiology – is pathophysiological experiment.

The main feature of pathophysiological experiment is modelling of human illness at animals.

Нозология – учение о болезни (от греч.nosus-болезнь)

Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).

Nosology – is the study of disease in general (from Greek word nosus – disease):

«Здоровье– это состояние полного физического, духовного и социального благополучия, а не только отсутствие болезней или физических дефектов» ВОЗ.

«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.

“Health is a state of complete physical, psychological and social well-being, and is not just the absence of illnesses or physical defects” (WHO).

«Болезнь– нарушение нормальной жизни организма под влиянием различных повреждающих факторов, характеризующееся ограничением приспособления к окружающей среде и снижением трудоспособности» И.Петров.

Ауру– әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.

“Disease is normal life disturbances under the influence of pathogenic factors, it is characterized by restriction in adaptation to the environment and reduction in work capacity” (I.Petrov)

Предболезнь – состояние между здоровьем и болезнью.

Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.

Predisease is a condition between health and illness.

Патологическая реакция–(re- против,action- действие) – кратковременная, необычная (неадекватная) реакция организма на какое-либо воздействие

Дерттік серпіліс–(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –

Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы

Pathological reaction – (re-against) – is short-term, unusual, inadequate organism’s responce to different factors

Патологический процесс – сочетание патологических и защитно-приспособительных реакций при повреждении.

Дерттік үрдіс– зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы

Pathological process – is a combination of pathological and protective - adaptive reactions to damage.

Типовые патологические процессы:

  • протекают однотипно у разных видов животных и человека (монопатогенез)

  • характерна многопричинность (полиэтиологичность),

  • развиваются в разных органах и тканях,

  • имеют более или менее выраженное защитно-приспособительное значение,

  • выработаны в ходе эволюции.

Біртектес дерттік үрдістер:

  • Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,

  • Көп себепті (полиэтиологиялы),

  • әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,

  • айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,

  • эволюцияда барысында түзілген

Typical (general) pathological processes

  • have the same pathogenesis in different kinds of animals and men (monopathogenesis)

  • Have many causes (multicausality)

  • develop in different organs and tissues

  • have more or less expressed protective - adaptive value

  • are formed during evolution

Патологическое состояние– стойкое отклонение от нормы, не имеющее приспособительного значения для организма.

Дерттік жағдай–организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.

Pathological state is firm departure from the norm, which doesn’t have adaptive value for an organism.

Реанимация – оживление организма. Возможна на обратимых этапах умирания.

Реанимация –организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.

Reanimation is resuscitation of an organism. It is possible at reversible stages of dying.

Ә

ДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 6-8

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 5-23.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, с.63-89

  4. ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің (ДСМ) № 697 бұйрығы «Қазақстан Республикасында медициналық – биологиялық эксперименттер мен клиникалық тексерулер бойынша клиника алды зерттеулер жүргізудің тәртіптерін бекіту« және ҚР Индустрия және Сауда (ИС) министірлігінің техникалық метрологиялық реттеу Комитетінің №575 бұйрығы. «ҚР мемлекеттік стандарт заңды тәртіптегі лабораториялық тәжірибе. Негізгі қағидалары».

  5. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и совет Механизм развития патологии в полости рта. Моделирование воспалительных прцессов в слюнных железах. Алматы, 2010, с 14-16

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.23-30

Қосымша

  1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нұрмұхамбетова.-Алматы: РПО «Кітап», 2004 С. 3-10, 12-17.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-11.

  4. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24

БАҚЫЛАУ

  1. Ауызша сұрау

  2. Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24

Құқықтық құзыреттілік бойынша тест тапсырмаларыҚР ДСМ 697 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің № 575 2006 жылдың 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы. Негізгі қағидаларының ережелері.

1 Нұсқа

1. Медико-биологиялық эксперимент –бұл

  1. әртүрлі аурулардың пайда болуы, даму заңдылықтарын қалыптастыру, алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерінің тиімділігін тексеру және өңдеу

  2. нақты ғылыми зерттеулерді тексеру

  3. зерттеуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде қажетті ғылыми зерттеу жүргізу

  4. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

  5. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

2.Үлгіге қойылатын талаптар:

  1. дерт дамытуға және оны үлгілеуге қолданылатын себептің және жағдайдың сәйкестігі

  2. дерттің функционалдық және морфологиялық айырмашылығы

  3. сәйкес асықынулар дамуынан айырмашылығы жануарды бір түрін қолдану   

3. Жануарларда медико-биологиялық эксперимент және клиникаға дейінгі зерттеулер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі:

А) «Тиісті зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалар»

В) «Виварийлерді құру, жабдықтау және күту санитарлық ережелері»

4.Кәмелеттік жасқа толмағандарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жазбаша түрде келісуі қажет

А) медициналық –әлеуметтік сарапшы комиссия тұжырымы

В) асырау және қамқорлық көрсету комиссиясы

С) ата-анасының келісу қажет емес

Д) олардың заңды ұстаушысы

5. Калибровка - бұл

  1. прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы

  2. бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

  3. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зертеу

  4. әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

6. Ғылыми-техникалық зерттеуханалардың меңгерушілері қадағаламайды:

А) зерттеулердің жүргізіліуін

В) құжаттарды жүйелі түрде толтырылуын,

С) жинақталған мәліметтердің дәлелімділігі мен сапасын, алынған нәтижелердің өңделуін

Д) зерттеушілердің жеке басты қызығушылықтарын

7. «Қазақстар Республикасында клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді және клиникалық сынақтарды жүргізу ережелері» 2007 жылғы 25 шілдедегі бұйрықтың номері

А. №523

В. №506

С. № 697

D.№ 582

Е. № 124

8. Клиникалық зерттеуде басты маңыздысы

А) ғылыми қызығушылық

В) қоғамдық қызығушылық

С) зерттеушінің қызығушылығы

Д) зерттелушінің құқығы, қауіпсіздігі және денсаулығы

9. Зерттеудің немесе жеке бөліктерінің аяқасты тоқтатылатындығын зерттеу жетекшісі мәлімдеу қажет

А) денсаулық саласындағы меңгеру мекемесін және әдептілік сұрақтары бойынша

В) адам құқығы бойынша комиссияны

С) медициналық-әлеуметтік комиссияны

Д) тергеу комитетін

10. Ақпараттық келісім –бұл

  1. бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

  2. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

  3. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

  4. әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту

2 Нұсқа

1. Клиникаға дейінгі зерттеулер –

  1. Клиникалық тәжірибеге енгізу алдында жүргізілетін биологиялық, токсикологиялық, химиялық, физикалық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер

  2. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

  3. дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, аңғарымдау және емдеудің жаңа тәсілдері

  4. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

2. Медико-биологиялық эксперимент келесі негізгі міндеттерді атқармайды:

  1. жаңа ғылыми мәліметтерді алу үшін қажет

  2. ұқсас құбылыстар топтамасының ортақ, заңдылықтарды негіздеу, болжамдарды қалыптастыру әдісі болып табылады

  3. клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдану алдындағы салыстармалы гарант болып табылады

  4. клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдануда шынайы гарант болып табылады

3. Клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық эксперименттің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді:

  1. ресурстар

  2. сәйкес басқару

  3. зерттеудің сәйкес параметрлерін жоспарлау

  4. құжаттарды сәйкес рәсімдеу жүйесі

  5. виварийде жануарларды сәйкессіз ұстау

4. Клиникалық зерттеулер өткізуге тыйым салынбайды

А) әскери қызметкерлерге;

В) бостандықтан бас кешкендерге, тергеу айықтырғышта қамауда отырғандарға;

С) сот арқылы қабілетсіз деп анықталғандар

Д) зерттелетін адам жазбаша түрінде өз еркімен келісім немесе денсаулық сақтау ұжымымен келісім шарты бойынша

5. Валидация - бұл

  1. бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім

  2. барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты

  3. дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технолгиялар, аурулардың алдын алу, дагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері

  4. зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу

6. Зерттелетін нәтижелері бойынша жауапты орындаушы құрастырады:

А) есеп

В) құжат

С) келісім шарт

Д) кәсіптік хат

7. Есепте көрсетілмейді:

А) тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі

В) тәжірибе барысында өткізілген аудиттер туралы мәлімет

С) өлшемдік құқықтық құжаттарға және әдебиет көздеріне сүйенген қолданылған әдістердің сипаттамалары

Д) қызметкерлердің жеке мәліметтері

8. Сынақтан өткізілетін жеке тұлғаны анықтайтын мәліметтер лауазымды

А) ҚР заңы талаптарына сәйкес жеке бастың құпиясын сақтап қорғалады

В) БАҚ беттерінде жарияланады

С) интернет жүйесінде жарияланады

Д) халыққа жолдама ретінде жарияланады

Е) факс арқылы жіберіледі

9. Клиникалық зерттеулер мақұлданған сәйкестік хаттамаларымен жүргізіледі:

А) әдептілік сұрақтар комиссиясымен

В) адам құқығы бойынша комиссиясымен

С) сапа және тәжірибені тиімді өткізу сарапшы комиссиясымен

Д) медицина –әлеуметтік сарапшы комиссиясымен

10. Зерттелінетін – бұл:

А) зерттелетін заттардың клиникалық сынақтан өтетін науқас

В) қызығушылық танытқан студенттер

С) ғылыми қызметкер

Д) ауырған жануар

Тақырып: «ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ» «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РОЛІ»

Сабақ мақсаты:

    • Жалпы этиология мен патогенездің, организм реактивтілігінің патологиядағы ролінің негізгі түсініктері туралы білім қалыптастыру

    • Теориялық материалдарды, алған мәліметтерді игеріп, оны тәжірибе нәтижелерін талдағанда қолдана білу машығын қалыптастыру.

    • Тақырып сұрақтарын талдағанда коммуниациялық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  1. Тақырып сұрақтары бойынша білімін жетілдіру

  2. Тәжірибе нәтижелерін сараптау машығын жетілдіру

  3. 3 тілде глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

  4. Этиология және патогенез, реактивтілік сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізуде коммуникациялық дағдыны жетілдіру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Ауыз қуысы ауруларының туындауындағы биологиялық факторлардың ролі. Жалпы этиологияның экологиялық аспектілері.

  3. Психогенді патогенді факторлар. Ядрогенді ауру туралы түсінік. Денсаулық сақтау және адамның ауру дамуында әлеуметтік ықпалдардың маңызы.

  4. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогнездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.

  5. Ауыз құысы қызметінің қалпына келу және икемделу үрдістерінің ерекшеліктері. Тіс-жақ сүіек жүйесінің патогенездік алдын-алу және емдеу ұстанымдары.

  6. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауру, негізгі көріністері, патогенезі.

  7. Организм реактивтілігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  8. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын ықпалдар (тұқым қуалаушылық, конституция, жас, жыныс, жүйке жүйе жағдайы, эндокрин жүйесінің және т.б.).

  9. Конституция, түсінік. С.Сиго, Э. Кречмер, И.П.Павлов, Черноруцкий М.В бойынша конституциялық түрлердің жіктелуі. Организм конституциясының реактивтілікте маңызы.

  10. Жастың реактивтіліктегі маңызы. Балалық және қарттық шақ реактивтілігінің ерекшеліктері.

  11. Жыныстың реактивтіліктегі маңызы. Ер және әйел организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.

Оқыту тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, организмнің гипоксияға төзімділігі мен реактивтілігінде түрдің, жастың, ОЖЖ қызметінің рөлін зерттеу бейнефильміндегі тәжірибе нәтижелерін талқылау, аз топта жұмыс жасау.

Машықтық сабақты өткізу жоспары

Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт (мин)

1

Тақырыптың сұрақтарын талқылау (№ 1-3 сұрақтар), №1 тапсырма, глоссариймен жұмыс

50

2

Үзіліс

10

3

Тақырыптың сұрақтарын талқылау (№ 4-5 сұрақтар)

10

4

Бейнефильм көру және талқылау

10

5

Тақырыптың сұрақтарын талқылау (№ 6-11 сұрақтар)

10

6

Тестілеу

10

7

Сабақты қорытындылау, құзыреттіліктерді бағалау

10