Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Машықтық жұмыс

№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.

1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.

Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аспабының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аапабының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.

Тәжірибе хаттамасы.

Барометрлік қысымның деңгейі

Негізгі көріністері

Бастапқы жағдайы

0,8 атм.

0,6 атм.

0,4 атм.

0,2 атм.

Сұрақтар.

1.Бұл экспериментте жануарлар қандай патогендік жайттың ықпалына душар болды?

Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?

    1. Айтылған жорамалдарды тәжірибе барысында қалай тексеруге болады?

1. Биіктік ауруы

Себептері

Патогенездің негізгі тізбегі

ОЖЖ

Жүрек- қан тамыр жүйесі

Тыныс алу жүйесі

Қан жүйесі

Барометрлік қысымның төмендеуі,

дем алатын ауада рО2төмендеуі

гипоксемия

зат алмасудың бұзылуы

гликолиздің белсенділенуі

зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы

негізгі көріністері

Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.

Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.

Гиперпноэ, кейін брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысады

Эритроцитоз

Газдар және сұй-ықтардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі

Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларының жыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия

2. Биіктік ауруының патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері

Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі

гипоксемия

Тыныс алу орталығының қозуы

гиперпноэ

Гипокапния, тыныстық алкалоз

Тыныс алу орталығының әлсіреуі

брадипноэ

2 тапсырма.Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)

Организм реактивтілігінде жануарлар түрлерінің маңызын анықтау

Әдісі: Комовский аспабының астына бір ақ тышқанды және бір бақаны отырғызады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жануарлардың жалпы тәртібі, тыныс алуы, терілерінің түсінің өзгерістерін байқайды. Алынған деректерді талдап, тұжырым жасайды.

Реактивтіліктегі жас мөлшерінің маңызын анықтау

Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 18-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.

Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау

Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% 0,5 мл. гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% 0,5 мл. кофеин ерітіндісі дене салмағына есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтер сарапталады.