Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Сабақтың жүргізілу кезеңдері

Сабақ кезеңдері

уақыты

1

Ұйымдастыру бөлімі, түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру, таратылатын материалдарды тарату

5 мин

2

№ 1-5 сұрақтар бойынша пікірсайыс, глоссариймен жұмыс жасау

45 мин

3

Үзіліс

10 мин

4

№ 6-7 сұрақтар бойынша пікірсайыс, №1, 2 тапсырмаларды орындау

50 мин

5

Үзіліс

10 мин

6

№ 8-12 сұрақтар бойынша пікірсайыс

35 мин

7

Тестілеу

15 мин

8

Үзіліс

10 мин

9

Кейс-стади

45 мин

10

Сабақты қорытындылау, құзыреттіліктерді бағалау

5 мин

1 тапсырма. Гиперпаратиреоз кезіндегі тіс жегі дамуының патогенезін құрастыру

2 тапсырма. Кейс-стади

1 есеп. Иттің екі бүйрекүсті безі алынып тасталған. 1 күннен кейін итте дерттік өзгерістер (әлсіздік, бұлшықетінің болбырауы, тәбетінің жоқтығы, құсу, анурия) байқалды. Операциядан 3 күн өткен соң ит өлімге шалдықты.

  1. Ит неден өлді? Қай қабаттың: қыртысты ма, әлде мыйлық қабат гормонының жеткіліксіздігінен өлді?

2 есеп. Клиникаға 5 жасар бала алыс ауданнан келіп түсті. Бойы мен ақылы дамуының қалыс қалғаны анықталады. Беті ісіңкі, тілі үлкен, тілінің шеттерінде тісінің іздері бар. Терісі құрғақ. Іші кебіңкі, іші жиі қатады. Тамыр соғысы 60 рет минутына, АҚ 95/60.

  1. Осындай құбылысқа қай гормонның артықшылығы немесе жеткіліксіздігі әкелуі мүмкін?

  2. Ауру қалай аталады, оның этиологиясы мен патогенезі қандай?

  3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

3 есеп. 25 жастағы науқас М., тез арықтауына, тәбетінің жоқтығына шағымданып дәрігерге келді. Тексергенде: терісі қалыпты, ылғал, пульсі – минутына 110 рет, қолдары аздап дірілдейді, қалқанша без бөліктері симметриялы ұлғайған.

  1. Қандай эндокриндік дерт туралы ойлауға болады?

  2. Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

  4. Аурудың патогенездік емінің ұстанымдарын түсіндіріңіз.

4 есеп. Науқас Д., 45 жаста, стоматологқа тілінің көлемі үлкейгеніне және тіс жегі пайда болғандығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: тілінің көлемі ұлғайған, тілінің жанында тіс іздері көрінеді. Сөйлеуі қиын. Қалқанша безі ауруы бар науқас радиоиммунды талдау әдісімен зерттелген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3-ң қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.

  1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо және гиперфункциясынан хабар бере ма? Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін? бездің гипофункциясы, қалқанша безде орналасқан.

  2. Ауыз қуысы өзгерістерінің патогенезі қандай? Лимфаның ағып кетуі қиындаған.

5 есеп. 27 жастағы науқас В., әлсіздіктің біртіндеп күшейгеніне, жұмысқа қабілетінің төмендегеніне, ұйқысыздыққа, тәбетінің болмауына, жүдегендігіне шағымданып клиникаға түсті. Артериалық қысым 80/60 мм с.б.б., бұлшық еттің межеқуатының төмендегені, іштің орталық ақ жолағының терісінде, шынтағының ішкі бетінде лас-қоңыр сепкілдер, гиперкалиемия, гипонатриемия, қандағы глюкоза мөлшері – 3,3 ммоль/л. Клиникада емделу барысында тісінің қауырт ауруы байқалды, дене қызуы көтерілді. Тіс дәрігері науқасты қарағанда мынадай өзгерістерді анықталды: Ауыз қуысында, ерінінде, қызыл иегінде, тілінің екі жағында, ұртының ішкі бетінің шырышты қабатында қабыну көріністерінсіз сүр-қара түсті ұсақ дақтар анықталды. Созылмалы гранулематозды перидонтиттің асқынуына байланысты ауру тісті жұлып тастау ұсынылды. Астыңғы сол жағында периостит.

  1. Науқаста эндокрин жүйесінің қандай дерті бар?

  2. Осы науқаста тіс жұлу отасынан кейін қандай асқынулар күтуге болады?

  3. Науқастың тісін жұлғаннан кейін асқынбас үшін қандай алдын алу шараларын жүргізуге болады?