Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Сабақтың жүргізілу кезеңдері

Сабақ кезеңдері

уақыты

1

№ 1- 6 сұрақтар бойынша пікірсайыс, глоссариймен жұмыс

50 мин

2

Үзіліс

10 мин

3

№ 1, 2 тапсырмаларды орындау

15 мин

4

№ 7 - 9 сұрақтар бойынша пікірсайыс

30 мин

5

Сабақты қорытындылау

5 мин

Тәжірибелік жұмыс:

«Жүрек қызметі жеткіліксіздігін үлгілеу» бейнефильмін көру .

Миокардтың қысыммен зорығу және кардиомиоциттердің біріншілік бүлінісі жағдайында бақа жүрегі жұмысының өзгерістерін білу. Қорытынды жасау.

1 тапсырма. Миокардтың қысыммен зорығуы жағдайында бақа жүрегі қызметтерінің өзгерісін зерттеу.

Әдісі:Жансыздандырылған бақаны арқасымен тақтайшаға бекітеді. Көкірек қуысын кеңінен ашып, жүректі перикардтан босатады. Аортаны және жүрекке төмен жақтан келетін көктамырды абайлап бөліп алып, аортаның астынан кезекші жіпті өткізеді. Аортаның сол жақ доғасын жіппен көтеріп, бір жанынан кесіп, оған шыны канюля енгізіледі. Аортаның оң доғасы байланады.

Іштің алдыңғы қабырғасын орталық сызықтан 0,5 см солға қарай ұзынынан кеседі, орталық сызықтың бойымен іш аортасы өтеді, ол семсер тәрізді өсіндінің деңгейінде жүрекке бағытталады. Көктамырға жүрекке қарай бағыттап рингер ерітіндісінің системасының инесін енгізеді. Енгізілген Рингер ерітіндісі іш көктамыры арқылы жүрекке келіп, канюлядан ағып шығады. Ағып шығу жылдамдығы минөтіне 20 тамшы.

Жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады (ЖСЖ, минөттік көлем, систолалық көлем).

Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрін алу үшін канюляны бүйірінде арақашықтығы 10 см өсінділері бар шыны деңгекпен резеңке түтік арқылы жалғайды. Қысқыштарды қолдана отырып шыны түтіктегі сұйықтықтың деңгейін 20, 30, 40см биіктікке дейін көтереді. Жүрек қызметінің көрсеткіштері діңгектің әрбір бөлігіне келгенде анықталып отырады. Алынған мәліметтер кестеге толтырылады және бір-бірімен салыстырылады.

Су бағанасының биіктігі см

1 минөттегі ЖСЖ

1 мл-дегі минөттік көлем

Систолалық көлем

Жүрек жұмысы мл/см

Бастапқы жағдай

10 см

20 см

30 см

40 см

Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап берулері керек :

1. Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді?

2. Жүрек гиперфункциясын қандай тетіктер қамтамасыз етеді?

3.Теңгерілген сатыдан теңгерілмеген сатыға өткенін қандай өзгерістер дәлелдейді?

2.тапсырма

Кардиомиоциттер қызметінің біріншілік бұзылысы кезінде бақа жүрегі жұмысының өзгерістерін білу.

Әдісі:Жоғарыдағы үлгіні қолдана отырып, жүрек қызметінің көрсеткіштерінің бастапқы нәтижелері анықталады. Содан кейін жүрекке бірнеше тамшы 10%-қ (КСl) калий хлор ерітіндісі тамызылады. 3-5 минуттан кейін қайтадан жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады. Артынан жүректі физиологиялық ерітіндімен жуғаннан кейін,тағы да көрсеткіштер анықталады.

Тәжірибе сатылары

ЖСЖ 1 мин

Минөттік көлем 1 мл

Систолалық көлем 1мл

Бастапқы жағдайы

Зақымдағаннан кейінгі

Жуылып тасталғаннан кейінгі

Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап берулері керек:

1.Кардиомиоциттердің біріншілік зақымдануы кезінде жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді?

2. Тәжірибеде жүректің жиырылу қызметі қай механизммен жүреді?

3. Пайда болған жүрек қызметінің бұзылысы қайтымды ма?