Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Машықтық жұмыс

1 тапсырма.

«Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған жедел ойын.

Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.

Тәжірибе сатылары

Жеке (өз бетінше) бағалау

Жеке бағалауда кеткен қате

Дұрыс жауап

Топтасып,өзара келісіп бағалау

Топтасып бағалауда кеткен қате

Тәжірибе мақсаты мен міндеттерін анықтау

Тәжірибе жоспарын құру

Зерттеу әдістері мен сайма-сай үлгіні қалау

Алынған деректерді статистикалық өңдеуден өткізу

Зерттеудің нәтижелерін талдау және тұжырым жасау

Дерттік үрдісті зерттеу

Дерттік үрдістің үлгісін алу

Тәжірибелік емдеу

Тәжірибенің тың ойын анықтау

Зерттеушінің теориялық дайындықтан өтуі

2 – тапсырма.

А) Тіс жегісін үлгілеуді зерттеу

Тіс жегісінің тәжірбелік үлгісі егеуқұйрықтарға, хомяктарға және тышқандарға жасалады. Бұл жануарларда адамдардағыдай тіс жегінің сәйкес сатыларын: дақ, беткей, орташа, терең (тесілген) тіс жегіні алуға болады.

Тіс жегіні тәжірибеде үлгілеу үшін тағамдық үлгі – жануарларды тіс жегіні тудыратын мәзірге (ауыз қуысында жеңіл еритін көмірсуларға бай) отырғызу. Көбіне рационда сахарозасы көп (54%) мәзір қолданылады. Сахарозаның тіс жегілік әсері жас жануарларда көрінеді (жас шамасы 20-30 күндік, салмағы 20-40г).

Терең тіс жегісін жануарлар тісінің эмалін алмазды шартәрізді тереңдігі 1,5мм бұрғымен жарақаттау арқылы алуға болады.

Тәжірибелік тіс жегіні үлгілеуде гипосаливация, сонымен бірге қалқанша, жыныс бездерінің гипофункциясы маңызды рөл атқарады.

Тәжірибеде тіс жегі дамуында ауыз қуысының микрофлорасы мен тектік бейімділік маңызды орын алатындығы дәлелденген.

В) Пародонтитті үлгілеу әдістерін зерттеу

Қоян мен егеуқұйрықтың азу тісіне металл жіпті немесе пластмасса сақинаны тістің мойынына тығыз бекітіп салу арқылы үлгілейді. Пародонт тіндерінің жарақаттануы әсерінен қабыну – шектелген пародонтит дамиды.

Пародонтитті төменгі немесе жоғарғы азу тістердің мойын тұсына 65-75% этил спиртін немесе кортикостероидтарды енгізу арқылы алуға болады.

Тәжірибелік пародонтоз тағамдық үлгіні қолдану – жануарларды төмен нәруызды (24%-дың орнына 13,5%) мәзірде ұстау арқылы алынады. Пародонт және қызыл иек тіндерінің дистрофиялық өзгерістері және альвеолалық өсіндінің остеопорозы дамиды.