Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21,30.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.57 Кб
Скачать

30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Ғылыми зерттеудің бастау алатын әдістерінің бірі – эмпирикалық таным. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Мысалға, бидайдың бір сотртының өніп – өсу ерекшелігін зерттеу мақсатында көктеигі егістен күзгі жиым-терімге дейін бақылау.

Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Қажет болған жағдайда экспериментті әлденеше қайталауға болады.

Қазіргі заманғы ғылымда кең пайдаланылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Идеалдық модельдер ой шеңберінде құрылып, түрлі белгілер арқылы белгіленеді. Мысалға, атомның планетарлық моделі, математикалық белгілер мен формулалар, сызбалар мен кестелер.

Эмпирикалық әдістерге тағы төмендегілер жатқызылған:

  1. сипаттау – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

  2. өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

  3. Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі. Ол арқылы белгілі бір сипатты белгі бойынша зерттелетін нысанды‚ құбылыстарды салғастыру жолымен олардың теңдігі немесе айырмашылығы анықталады. Жекелеген ағымдағы көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштермен‚ жоспарлы және ағымдағы көрсеткіштер алдыңғы кезеңдердегі көрсеткіштермен салыстырылады‚ кәсіпорын бөлімшелері мен жекелеген фирмалар‚ кәсіпорындар‚ салалар арасында салыстырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]