Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21,30.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.57 Кб
Скачать

21. Шеллингтің натурфилософиясы

XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарның ерекше алға озып кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың ішкі заңдылықтарын ашуға барынша назар аударды. Мұның өзі оның философиясын объективтік бағытқа қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық неміс философиясында табиғат туралы философиялық ілім болған натурфилософия ағым ретінде дүниеге келді. Шеллинг жаратылыстану саласын философиямен тығыз байланыстыра отырып, табиғатты субстанция ретінде айқындауға тырысты. Бірақ, оның табиғатты субстанция деген көзқарасы өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи экономикалық, саяси жағдайына байланысты. Егер Спиноза табиғатты субстанция деп қарай отырып, өз заманындағы тарихи, тар өрісті пантейстік идеядан шығып кете алмаған болса, Шеллинг табиғатты зерттеуде Кант тудырған класикалық неміс филасофиясының негізгі принціптеріне, яғни субъектінің рөлі деген принципке сүйенеді. Сондықтан Шеллинг қарастырған және жан жақты талдаған табиғат сонау Спиноза зерттеген субстанцияның мәнініен өзгеше еді. Шеллинг өзінің зерделі философиясында табиғаттың ішінде негізгі қозғалыс күші бар екендігін анықтауға тырысты. Өзінің натурфилософиялық теориясын жасаған Шеллинг классикалық неміс философиясын әрі қарай дамыта отырып, табиғат философиясын рухтың таным теориясымен байланыстыруды негізгі мәселе етіп алды. «Трансцендентальды идеализм жүйесінде» деген еңбегінде Шеллинг философия тарихинда көптен бері негізгі мәселе болып жүрген проблеманы шешуге ниет етті. Әрине, философтың осы шығармасы оның философиялық ойының негізгі жуйесін толық айқындап, бермесе де, нақты ізденістерін көрсетті. Ол адамның танымы, оның диалектикасы, субъекті мен объектінің арасындағы өзара байланысты тереңірек ашуға ұмтылды. Философтың бұл шығармасында табиғат жан жақты, философиялық негізінде айқындала түсті. Табиғаттың мәнін ашуды ол «Менің» қызметіндегі екі форманың ерекше мәнді екендігін атап өтті. Немістің ұлы ойшылы осы шығармасында «Философия әр түрлі дәуірді басынан кешірген өзіндік сананың тарихы» деген данышпандық қағиданы ұсына отырып, оны бізден өзінің құпиясын ғажайып жазуларымен жасырып тұрған поэма деп бағалады. Ал егер біз оның жұмбағын ашатын болсақ, онда үнемі одан үнемі одан адасып, өзін өзі іздеп, өз өзінен қашып жүрген рух одиссеясын көрер едік. Ол сезімдік дүние арқылы қалың, қою тұманның ішінен жылт ете түсіп, белгісіздердің бейнесі сияқты көрінер еді.

Өз натурфилософиясында Шеллинг объективті идеализм тұрғысынан сипаттама береді:

Бұған дейінгі табиғат түсіндірмелері ақиқат емес (Спинозаның субстанциясы)

Табиғат дегеніміз «абсолют»- барлығын қамтып, өз бойына ендіріп жататын дүниенің бастауы

Табиғат-объективті мен субъективтінің бірлігі, мәңгі ақыл

Материя мен рух бір- мәңгі абсолютті ақылдың күйлері

Табиғат жанды,тұтас организм

Табиғаттағы полярлық оның қозғаушы күші

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]