Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21,30.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.57 Кб
Скачать

28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.

Ғылым экономикалық, саяси, социологиялық, методологиялық, эстетикалық және этикалық жағынан зерттеледі. Этика мен ғылым арасындағы байланысты қарастырайық. Ғылым этикасы – жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді ғылыми бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік – этикалық және гуманистік проблемаларын зерттейді. Ғылым – адамның мәндік күшінің, қабілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді, өйткені дүниені қоғамдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білу керек. Ғылым бүкіл дүниежүзілік, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуде үлкен рөл атқарады. Ғылыми қызметтің нәтижелерін, жаңалықтарын, жетістіктерін қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми – техникалық процесті әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі артып отыр. Ғылыми жетістіктерді іс жүзінде қолдану этикалық нормалар мен принциптерді қамтиды. Оған бүкіл адамзатқа төнген термоядролық немесе экологиялық апат қаупі кепіл. Сондықтан ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы зор. Осы өзекті мәселені де ғылым этикасы зерттейді. Ғалым ғылымға таза, адал, шыншыл, әділ пиғылмен еңбек етуге тиіс. Бірақ өкінішке қарай, кейде басқа пиғылдағылар да кездеседі. Мәселен, ғылымда ұрлық жасап, басқалардың еңбектерін иеленбек болудың бір көрінісін XIX ғ Е.Дюрингтен көрген болсақ, кеңес дәуірінде опасыз, арам пиғылдылықты Т.Лысенко көрсетті. Украинада агроном болып жүрген Т.Лысенконы ғылымға тартып, академикке дейін көтерген Н.И.Вавиловқа кейін ол опасыздық жасап, пәле жауып, орнын тартып алып, ұстазының көзін жойғызды. Мұндай ғалымдар ғылымда өте қауіпті, ғалымдық этикаға жат.

Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі

ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық

шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары.

29. Танымның ғылыми-эмпирикалық және ғылыми-теориялық деңгейлерінің айырмашылығын көрсет.Ғылым дегеніміз – заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін олардың даму заңдылықтарын тұжырымдайтын шынай ақиқат білім жүйесі. Ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын процесс барысында түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылатынын өзінен-өзі түсінікті. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты – шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің оюбъектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Жалпылама диалектикалық-материалистік әдіс. 2. Жалпы әдістер. 3. Жекеше әдістер.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық эәне теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасұан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады. Осы заманғы ғылымда кең пайдаланылатын әдістердәі бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттердің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель(латын тілінен үлгі деген мағынада) – зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, яки құбылыс. Ғылым жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажырлы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]