Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21,30.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.57 Кб
Скачать

24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.

Фр.Бэкон(1561-1626)-философиядағы эмпирикалық бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621ж.ж)-Ұлыбританияның лорд-канцлері ,корольдан кейінгі екінші тұлғасы.

Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».

Фр.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығында . Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты- экономиканың дамуына , жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне , адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу. Фр. Бэконның философиялық кредосын бейнелейтін афоризмі-«Білім-күш». Фр. Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.

«Танымның басты әдісі-индукция» деп анықтап берген философ таным әрекетә іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар «өрмекші жолы», «құмырсқа жолы», «ара жолы».

«Өрмекші жолы»- «таза ақылдан» рационалдық жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің , практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді.Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады, «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды».

«Құмырсқа жолы»- тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм. Бұл әдіс те біржақты «таза эмпириктер» өз назарын практикалық тәжірибеге , түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін , мәселені сыртынан , «қиғашынан» ғана көріп,мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.

«Ара жолы»-танымның ең дұрыс жолы.Осы жолды ұстаған зерттеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап, ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы-индукцияға негізделетін заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік пайдаланатын эмпиризм.

Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамзаттың ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді.Ол себептерді Бэкон «елестер» н/е «идолдар» деп атап, 4 түрге бөліп сипаттайды.

1.тектік елестер; 2. үңгір елестер; 3. Базар елестері; 4.театр елесетрі.

Тектік ж/е үңгір елестері-дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын , адамдардың туа біткен адасушылықтары.

«Тектік елестер»-танымның адам мәдениеті «сүзгісінен» өтіп барып іске асатынын,сондықтан таным нәтижесіне әсер етіп, білімнің ақиқаттығын төмендететінін білдіреді.

«Үңгір елесінің » мәні – нақты адамның тұлғасының таным процесіне әсері , нәтижесінде адамның бұған дейінгі сенім-нанымдары,қағидалары-таным нәтижесінде көрініс беретіндігі.

Танымның 4 түрлі негізгі кедергілерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]