Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21,30.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.57 Кб
Скачать

25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.

Декарт Рене (1596-1650 жж.) философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Ол – дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геом-лық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт – материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол идеалист: «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» - деген қағидаға сүйенеді. Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға тырысады, оны субстанция деп атайды. Субстанция–ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері:Негізгі қасиеті - ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі.Модустар (лат modus-өлшем, тәсіл)–түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте - форма, қозғалыс, тұратын орын. Декарттың көзқарасы бойынша, фил-ның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя ма, сана ма деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім.Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады.

Бенедикт (Барух) (1632-1677жж.) Спиноза ауқатты еврей отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Декарттың шәкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, әсіресе, екі бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның ерекшелігі─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын көрсетуі. Спиноза фил-ның түп негізгі - субстанция, оны Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─ өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут бар: ойлау және ұзындық. Ал оның қасиеттері: 1) тіршілік етеді, 2) дербес, тәуелді емес, 3) уақыт пен кеңістікте шексіз, 4) мәңгі. Спинозаның философиясында этика ілімі орталық мәселеболып есептеледі. Оның «Бостандық - танылған қажеттілік» деген формуласы кейін марксизмнің бостандық түсінігінің негізі болды. Бірақ, Спинозаның бостандық туралы ілімнің жағымсыз жағы, оның айтарлықтай фаталистік болуы. Адам өмірі тағдырға байланысты, оны адам мойындауы керек және оған күрессіз көнуі тиіс. Адам еркін, бірақ өлім туралы көп ойламайды, оның даналығы да өлім туралы емес, өмір туралы ой толғануы. Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!»

  1. И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы - И. Кант болды. Ол өзінің философиясының ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.

Иммануил Кант 1724 жылы 22-сәуірде Кеннигсбергте дүниеге келген және өзінің өмірінің барлығын дерлік сонда өткізген. Оның әкесі орта шаруалы адам болған, ал атасы Литвадан шыққан. Иммануил гимназияны үздік аяқтап, 16-жасында университетке түсті. Оны тәмамдаған соң 9 жыл үйде оқытатын мұғалім болып жұмыс істеді. 4 диссетацияны қорғағаннан кейін Кант 1770 ж. философия ғылымының профессоры атағын алды.

И.Канттың өмірі негізгі екі кезеңге: сынға дейінгі кезең және сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі кезеңдегі Канттың негізгі еңбегі «Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы». Бұл кітабында ол метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаш газға ұқсас тұмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н.Коперниктен кейінгі ғылымға қосқан үлкен үлес еді.

Кант үшін 1781 жыл үлкен өзгерістерге толы болды, себебі дәл осы жылы оның ең басты еңбегі «Таза ақылға сын» кітабы жарық көрді. Осылай философия ғылымының негізгі тарауларындағы ұлы жаңалықтармен ерекшеленетін шығармашылығының жаңа негізгі, «сын» кезеңі басталды. Бұл кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарамастан бұрын, адамның танып-білу, ойлау, идея, ақыл-зерде мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек. Ал, болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді.

Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь в себе) және «біздік зат» (вещь для нас) деп екіге бөлді.

Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады, бірақ олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, тек олардың көріністері (феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр. Осы секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық басым болады да, бізге толық білім берілмейді, яғни қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы мүмкін. Мұндай білімдер жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптық білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы (тәжірибеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байланысты болуы керек.

Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.

Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.

Сезімділіктің ішкі формасы - уақыт математикамен тығыз байланысты. Уақыт тек математикалық өлшем ғана емес, ол сезімділік арқылы адамның ішкі рухани дүниесімен қабаттасып жататын процесс. ­Өйткені уақыт - алдымен еңбек өлшемі, адамның практикалық қызметінің өлшемі. Бұл жөнінде Кант уақыт дегеніміз біздің пайымдауымыздың субъективті жағдайы. Ол субъектіден тыс ештеме де емес деп анықтайды. Ендеше адамның ішкі рухани өмірін, оған тән байлықты біз тек осы уақыт арқылы анықтай аламыз. Уақыт адамзаттың даму тарихымен де тығыз байланысты.

Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым - логика.

Танымның келесі - сараптаушы парасат сатысында - априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік т.б. арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.

И.Канттың адамгершілік, әдептілік, мораль төңірегіндегі идеялары, құдайға сену адамгершілікке бастайды деген зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]