Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21,30.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.57 Кб
Скачать

22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.

Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.

Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің немесе снсуализмнің негізін қалады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.

Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.

Рационализм (лат. ratіo — ақыл) — болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде

17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теологиялық көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Философия Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классикалық жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль),француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.

Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:

  1. Ақыл сүзігінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;

  2. Ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

Моральдық этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр деген түсінік этикалық рационализм деп аталады.

23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.

Фейербахтың философиялық ілімі логикалық немесе гносеологиялық принциптерден емес,антропологиялық принциптен бастау алады, яғни философияның негізгі нысанасы – нақты, тірі адам деп тану. Фейербах философиясының басты ұғымдары жəне мəселелері: өмір, өлім, махаббат, бақыт, ар, намыс, сенім, үміт ж.б.Фейербах əдебиетте антропологиялық материализмнің негізін қалаушы ретінде бағаланады. Бірақ,Энгельстің пікірінше, адамтануда ол адамның табиғи-биологиялық тұрпатын сипаттаудан əрі аса алмады: Фейербах “бар күшімен табиғатқа жəне адамға жармасады. Бірақ табиғат та, адам да оның айтуында сөз ғана болып қала береді. Ол шынтабиғат жөнінде де, шын адам жөнінде денақтылы еш нəрсе айта алмайды”. Фейербахболмысты – бастауыш, сананы – баяндауыш дептүсіндірді. Табиғат денелерден, материядан,сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғатмəңгі жəне шексіз. Сана соның тек көшірмесі, алпсихолог - идеалист, сол көшірмені түпнұсқаретінде түсіндіреді деп жазды Фейербах.Бірақ, олантропологиялық материализмді қуаттады.Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы дептүсінді. Сондықтан одан өзін аулақ ұстамақболды. “Шындық идеализмде емес,материализмде де емес, шындық текантропологияда”,- деп жазды Фейербах. Бірақ олөзінің антропологиялық материализімінің нағызметафизикалық материализм екенін байқамады.Фейербах алдына табиғатқа жəне адамға қарайдəйекті бетбұрыс жасау керек деген міндетқояды. Табиғатты табиғаттан басқа ешнəрседеншығаруға жəне түсіндіруге болмайды; табиғат-адамның да, қоғамның да, тарихтың да, ғылымныңда түп негізі. “Табиғат, - дейді Фейербах, -қарапайым асқазан шеберханасын ғана жасапқойған жоқ, сонымен бірге мидыңғибадатханасын да тұрғызды”. Философияныңміндеті-табиғат пен адамның бірлігін неғұрлымтолығырақ, неғұрлым жан-жақты бейнелеу. Бұлидеализмнен материализмге бетбұрыс болатын.Фейербах идеализм кең тараған неміс жеріндематериализімді жандандырмақ болады. Бұлжоспар Фейербахтың “Христиандықтың мəні”(1841) деген іргелі еңбегінде жүзеге асады. Мұнда,- дейді Энгельс, - Фейербах “турадан тураматериализмнің салтанат құруын жариялады. Табиғат қандай философиядан болсын тəуелсіз өмір сүреді. Табиғат біздердің, адамдардың өсіп шыққан негізі. Табиғат пен адамнан тыс еш нəрсе жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]