Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21,30.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.57 Кб
Скачать

27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.

Әмбебап принциптер – танымдық қызметтің барлық салаларында, техникалық және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде пайдаланылатын ойлау амалдары. Бұл мынадай принциптер:

Объективтілік принципі. Ішкі имманентті көріністерден шыға отырып, объектіні қарастыруға деген ұмтылыс (құбылыс, зат немесе процесс).

Сәйкес түрде объективтілік (объективті ақиқат) салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттың өзара байланысы, танымдық процесс динамикасында объективтіні және субъективтіні толықтыру ретінде беріледі. Бұл танушы субъектіге сол немесе өзге шамада тәуелді болатын табиғи заттарды тануға, сол сияқты маңызды дәрежеде субъект әрекетінің нәтижесі болып табылатын, әлеуметтік процестерді тануға қатысты.

Объективтілік – қарама-қайшылықтар феномені, бір жағынан, ақиқат адам қызметінің нәтижесі ретінде алға шығады, яғни субъективті элементтен тұрады. Екінші жағынан, оның субъективті пайымдалуынан қарамастан ақиқат объекті-ге тән, сондықтан объективтік принципі - нақтылықты танудың субъективтілігі мен объективтілігінің арасындағы «Ариадна жібі».

Даму принципі. Оған сәйкес заттың, құбылыстың немесе процестің сандық та, сапалық та қатынаста өзгеруі олардың ішкі қасиеті болып табылатын түсінік.

Даму органикалық та, органикалық та емес объектілерге де, сондай-ақ әлеуметтік мәдени жүйелерге де тән болады. Дамудың әр түрлері, атап айтқан-да, жоғары өрлейтін және төмен түсетін, прогрессивті және регрессивті, жоғарыдан төменге, қарапайымнан күрделіге, қажеттіден кездейсоққа және т.б. атап көрсетіледі. Дамудың жалпы теориясына диалектика кіреді, соның шеңберінде дамудың ішкі механизмдері және қозғалатын күштері қарастырылады. Диалектика-ның баламасы табиғат маңызының өзгермейтіндігін абсолюттейтін метафизика.

Абстракттыдан нақтылыға өрлеу принципі. Таным шекті қарапайым ұғымдар мен түсініктерден аса күрделі және құрылымды мен нақтыларға өтумен байланысады. Бір жағынан, танымдық процесс нақты объектіні зерделеуден оны аса жоғары теориялық деңгейде ойша бөлшектеуге жылжи алады. Әрі қарай, ойлау процесінде байытылған, нақты объектіге қайтып оралады. Екінші жағынан, объектіні зерделеуге қарама-қарсы жолмен де келуге болады, яғни оны (объектіні) бастапқыда - ойша, ал сонан кейін нақтылау керек.

Тарихи және логикалық бірлік принципі. Оның шеңберінде танымдық процестің негізгі бағыттарына басты назар аударылады.

Объектіні объективті зерттеу объектіні динамикада қарастыруға мүмкіндік беретін, тарихи амалды болжайды. Алайда, объектінің тарихи динамизмін ескерсек, ғылыми талдауды объектінің немесе процестің тарихи «кедір-бұдырларын» қалай да «түзететін», логикалық амалдан бастау жиі тиімдірек болады.

Қазіргі замандағы теорияны қалыптастыру кезінде тек ғылыми білімді дамыту логикасы ғана емес, сонымен бірге тиісті тарихи контекст те ескеріледі. Жаңа теория тарихи қалыптасқан ғылыми түсініктерді жай ғана қабыл алмайды, ал оларды сол немесе өзге шамада өздерінің құрылымына енгізеді. Тарихи бірлік зерделенетін объектінің пайда болуы мен дамуының құрылымдық және функционалдық процестерін білдіреді. Логикалық бірлік сол процестермен, бірақ зерделеу объектісінде өзінің салыстырмалы аяқталған дамуын алған процестермен байланысқан.

Жүйелілік принципі. Затты, құбылысты немесе процесті олардың барлық элементтерінің бірлігінде, өзара әрекеттесуі мен өзара байланысында талдау; жүйе элементтерін бірыңғай тұтас ретінде қарастыру болжанады.

Жүйелілік – гносеологиялық идеал ретінде түсіндірілетін, танымдық процестің барлығын қамтушылыққа ұмтылу. Жүйелілік танымды шектейтін, «ақымақ шексіздікке» айналмас үшін, жүйенің барлық бағыныңқы жүйелерінің емес, оның элементтерін анықтайтын (субстанциялық) жүйелерінің ғана өзара байланысы қарастырылады. Жүйеліліктің негізгі ерекшеліктерінің бірі жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдарда оқылатын деңгейдегі объектіні зерттеу әдістері және оларда қолданылатын қалыптасқан және қалыптаспаған құралдарда пайдаланылатын өзара байланыс болып табылады.

Танымның әмбебап принциптері жалпы ғылыми әдістері бір-біріне деген қатынасы бойынша «қосымша» болып табылады. Олардың өзара әрекеті процесінде объективті шындық және оның тұтастығы туралы барабар түсінік қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]