Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Каирбекова Ж2.doc
Скачиваний:
197
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
593.92 Кб
Скачать

Каталитикалық крекингтің шығымы және өнім құрамы

Өнім

Шығым,  шикізат салм

Алынған фракцияның құрамы

Температура, 0С

Крекинг-газ

10-20

80  С35 көмірсутектер оның 40 изоқұрлысты

Крекинг-бензин

30-35

25 изоалкендер,

55 дейін изоалкан

20-30 ароматты көмірсутектер

195-ке дейін

Дизель отыны

25-30

40-80 ароматтық көмірсутектер

195-350

Кең фракция

5-20

Конденсирленген көмірсутектер 40-60

350

Крекинг қондырғысының шығын коэффициенті (1 т шикізаттан) 6,7 кг сұйық отын; газ тәрізді отын -9,5 кг; 3,2105 кДж э. Энергия; 1,9 кг катализатор; 270 кг су буы қолданылады, 685 кг су буы өнім шығады.

Процестің мақсатына байланысты каталитикалық риформинг:

  • ароматизация – ароматикалық көмірсутектер алу

  • бензиннің сапасын жақсарту – жоғары ОС ароматикалық көмірсутектер бар бензиналу.

Соңғы жылдары 6МПа қысымда 350-4500С тампературада Al2 O3 алюмосиликатқа қондырылған Nі,W,Co,Mo катализатордың қатысуымен гидрокрекинг процесі дами бастады.Гидрокрекинг әдісімен күкіртті мұнайды өңдегенде бензин құрамында күкірт азайып, көпшілігі күкірттісутекке айналып газ күйінде бөлінеді.

Катализдік риформинг - мұнайды тікелей айдау әдісімен өңдеген бензин және лигроин өнімдерін қайта өңдеу процесі. Катализдік риформингтің мақсаты бензиннің октандық санын жоғарлату және ароматты көмірсутектер- бензол, толуол және ксилол өндіру. Риформинг процесінде катализатор бір мезгілде 1) цикландарды дегидрлеп ароматикалық көмірсутектерге,2) парафиндерді олефиндерге айналдырады,3) нормальді прафиндерді циклдап аромат көмірсутектеріне, изомериздеп изопарафинге айналадырады. Осы күрделі процестер бензин құрамындағы ароматты көмірсутектерін және изопарафиндерді көбейтеді.

Риформинг екіге бөлінеді. Платформинг және гидроформинг.

Плотформинг катализаторы- Pt, рениформинг катализаторы- рений, рифоминг катализаторы молибден. Плотформинг процесі фторланған алюмений оксидіне қондырылған платина катализаторының қатысуымен жүреді. Осы процесс қозғалмайтын катализатор қабатында 480-5100С және құрамында сутек араласқан газ қысымының 2-4МПа шамасында жүреді. Осы жағдайда процестің негізгі өнімі: бензол, толуол, ксилол. 3-4МПа қысымда өндірілген бензиннің октандық саны 96, этил сұйығын қосылса-100 одан да көп болады. Платформинг бензині тұрақты себебі бензиннің құрамындағы олефиндер және күкіртті қосылыстар гидрленген.

Платформинг процесінің сипаттамасы

Сипаттамасы

Платформинг түрі (вариант)

Жақсарту

Ароматизация

Процестің мақсаты

Бензиннің ОС артыру

Жекеленген көмірсутектерді синтездеу

Шикізат

Тура айдаудан шыққан бензиннің кең фракциясы

Тура айдау бензинінің тар фракциясы

Температура 0С

480-520

480-520

Процестің өнімі

85 катализат

15 газ

Бензол, толуол, ксилол

Қысым, МПа

3-4

2

өнімнің қолдану саласы

Автобензин, гидрокрекинг газы

Органикалық синтездің шикізаты

Бензин 1700С 14,5, лигроин 160-2000С – 7,5

Гидроформинг алюмомолибден катализаторының жалған сұйықталған қабатында 1,7-1,9МПа қысымда, құрамында сутек араласқан газдардың тигізетін әсерімен жүретін технологялық процесс. Өңген сұйық өнім ректификацияланады.

Мұнай өнімдерін тазарту.

Мұнай өнімдерінің құрамында оңай смолаға айналатын1) қанықпаған көмірсутектер,2) оттек,3) азот,4) күкірт элементтері бар қосындылар өндірілген өнімнің сапасын төмендетеді. Тазартудың 1) химиялық,2) физикалық әдістері бар. Химиялық әдіске күкірт қышқылымен гидротазалау жатады. Физикалыққа- адсорбциялық және абсорбциялық тазарту әдістері жатады.

Күкірт қышқылды әдісте мұнай өнімдері Н2SO4 ( 92-94%) араластырады.Ол мұнай өнімдеріндегі қоспалармен әрекеттеседі немесе оларды ерітеді. Таза бензинді құйып алады, қалған қышқыл гудрон- өдіріс қалдығы.

Гидротазарту - катализдік тазалау әдісі. Алюменикобальтмолибден катализаторының қатысуымен 380-4200С 3,5-4,0МПа қысымда сутекпен гидрлейді. Мұнда сутегі күкірт, азот, оттектермен қосылып күкіртті сутек, аммиак және су түзеді. Мұнай өнімдерін адсорбенттермен жанастырғанда күкіртті, азотты, оттекті қосындылармен бірге асфальтендер және т.б. қоспалар адсорбенттерге адсорбцияланып бөлінеді.

Абсорбциялық әдіс мұнай құрамындағы зиянды заттарды талғамды түрде нитробензолда, фурфуролда, сұйық күкіртті ангидритте т.б. еріту.

Мұнай өнімдерінің тұрақтылығын арттыру мақсатымен, яғни сапасын көтеру үшін, оларға аз мөлшерде антитотықтырғыштар ( ингибитор) қосады. Ингибитр ретінде фенолдар, ароматты аминдер, аминофенолдар т.б. қолданылады.

Глава-І 13-лекция