- •Қатты отынды өңдеу.
- •Кокс және оны қолдану.
- •Қатты отынды газға айналдыру.
- •Генератор газдарының құрамы.
- •Сұйық отынды өңдеу.
- •Мұнайды және мұнайөнімдерін жоғары температурада химиялық әдістермен өңдеу.
- •Каталитикалық крекингтің шығымы және өнім құрамы
- •Платформинг процесінің сипаттамасы
- •Сутекті өндірудің технологиялық әдістері.
- •Табиғи газдарды конверсиялау.
- •Физикалық әдіс.
- •Метанның газ құрамындағы мөлшерінің қысым мен температураға байланысы.
- •3. Көміртегі оксидін(іі) конверсиялау.
- •Көмірсутек газдарын конверсиялаудың жалпы схемасы.
- •Конверсия процестерінің негізгі түрлері.
- •Байланыысқан азот технологиясы
- •1.3 Аммиак синтезі.
- •2.Аммиакты синтездеудің физика-химиялық негізі.
- •Азот қышқылын өндіру.
- •Азот қышқылын өндіру әдістері.
- •Күкірт қышқылын өндіру
- •Күкірт қышқылының қасиеті, қолдану және өндіру әдістері.
- •2. Күкірт қышқылын өндіру әдістері.
- •Күкіртті газды өндіру
- •Күкірт колчеданын күйдіріп күкіртті газды өндіру.
- •Күкірт қышқылын контакт әдісімен өндіру.
- •Күкірт диоксидін контакт әдісімен тотықтыру
- •Күкірт ангидридін абсорбциялау.
- •Нитроза әдісімен h2so4өндіру қондырғысының схемасы.
- •Күкірт қышқылын күкіртпен контакт әдісімен өндіру.
- •Күкірт қышқылын нитроза әдісімен өндіру.
- •Күкірт қышқылын концентрлеу.
- •Минералды тыңайтқыштарды өңдеу.
- •Тыңайтқыштардың жіктелуі.
- •Фосфор тыңайтқыштары.
- •Фосфор қышқылын өндіру.
- •Супер фосфатты өндіру.
- •Суперфосфатты өндірудің физика-химиялық негізі.
- •Концентрлі тыңайтқыштар өндіру.
- •Карбамидті өндіру-(nh2)2co(мочевина- несеп нәрі).
- •Калий тыңайтқышы.
Көмірсутек газдарын конверсиялаудың жалпы схемасы.
Конверсияның технологиялық схемасын конвентрленген газдың құрамымен оның қолданылуына байланысты таңдап алады. Сонымен қатар газдардың сапасымен (N2 және CO(ІІ) болуы) компонентердің қатынасы (N2 және Н2 АВС алу үшін) есепке алынады.
Төменде метан конверсиясының ең көп тараған түрі және конвентерленген газдың құрамы мен процестің міндеті келтірілген
Конверсия процестерінің негізгі түрлері.
Жартылай тотықтыру О2; Н2 Н2 - синтез газ
+ СО - сутегі
Су буы конверсиясы
О2 С2Н2 - ацетилен
Тотықтыру пиролизі - Н2 - сутегі
СО - синтез газ
Жартылай тотықтыру
+ ауа,Н2О Н2
Су бу конверсиясы - N2 - АВС (АСҚ)
+ азот сутегі қоспасы.
СО конверсиясы
Қазіргі кезде өндірісте тек жоғары қысымда метан мен СО(ІІ) конверсиясы қолданылады.Мұның артықшылығы:
-Конвентрленген газды қысу үшін энергияның аз жұмсалуы.Конвентрленген газдың көлемі алғашқы газдан анағұрлым артық.
-Аппараттармен комуникацияның размерін азайтуға мүмкіншілік бар.
-Конденсация жылуын (температурасын) қолдануға болатындығы.
Көмірсутек газдарын конверсиялау схемасы,процестің түрлеріне байланыссыз мынандай процестерден тұрады.
-Газ бен тотықтырғыштарды компрессиялау.
-Күкіртті қосылыстардан тазарту.
-Конверсия процесі және конверсия газын тазарту.
Байланыысқан азот технологиясы
Атмосфера азотын фиксациялау әдісі.
Азотты фиксациялау- ауадағы молекулалық азотты өсімдіктерге сіңімтал, азоттың қосылыстарына ауыстыру. Табиғатта бұл арнайы микроорганизмдердің көмегімен іске асады. Іс жүзінде азоттың инертілігіне байланысты өте қиын.
Атмосфера азотын фиксациялаудың негізгі үш түрлі тәсілі белгілі:
1.Доға әдісі;
Цианамид әдісі;
Аммиак синтезі.
Әдістердің үшеуі де ХХ-ғасырдың алғашқы жылдарында ұсынылған.
1.1 Доға әдісі табиғи құбылыстарға (найзағай) негізделіп ұсынылған. 3000-40000С температурада электр доғасы арқылы ауа ағыны өткенде инертті азот тотығы:
N2+O2-2NO-181,4 кДж
Бұл процесс қайтымды. Түзілген азот оксидінің шығымы 2% мөлшерде, температураны одан рі жоғарлатса- азот оксидінің ыдырау артып, шығым төмендейді. Температура төмендегенде азоттың тотығу жылдамдығы төмендейді. 1 т азотты тотықтыруға 60000 кВт.с электр энергиясы жұмсалады.
Азот оксидінің шығымын арттыру үшін тотығу процесі кезінде түзілген газдар қоспасын тез суытып, азот оксидінің ыдырауын төмендетеді.
Азот оксидің извест және оттегі қатысуымен кальций нитратына айналдырып бөліп алады.
4NO +3 O2+2Ca(OH)2= 2Ca(NO3)2+2H2O
Электр энергиясы көп жұмсалатындықтан бұл әдіс көп тарамаған. Дегенмен 1907 жылы солтүстік Америкада 1905 жылы Норвегияда осы әдіспен азот оксиді өндіріле бастады.
1.2 Цианамид әдісі кальций карбидінің азотпен тікелей қосылатыындығына негізделген.
Кальций карбиді, сөндірілген ізбес пен көмір(антрацит немесе кокс) қоспасын электр пешінде қыздыру әдісімен алынады. 2600-2900 кВт.с/т электр энергиясы жұмсалады.
Ұсатылған 1000-11000С температурадағы СаС2 арқылы ауадан бөліп алған азотты үрлейді
СаС2 + N2 = CaCN2 + C+ 302 кДж
Цмонамид ұнтақ қатты зат, көмір араластырғандықтан қара түсті. 0,6 Ма қысымдағы 110-115 0С температурадағы су буын кальций цианамиді арқылы үрлегенде аммиак және кальций карбиді түзіледі.
СаCN2 +3H2O = 2NH3 + CaCO3
CaCN2 өндейтін завод Италияда салынып 1905 жылы өнім өндіре бастады. 1927 жылы жылына 500000 тонна цианамид өндіретін болды. Аммиакты сутек пен азоттан алудың техникалық әдісі ашылғаннан кейін, бұл цианамид әдісі тоқтатылды.
Цианамид әдісімен 1 тонна азотты фиксациялауға 12000 кВт.сағ, ал аммиак алуға 5000кВт.с электр энергиясы жұмсалады.