Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Каирбекова Ж2.doc
Скачиваний:
197
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
593.92 Кб
Скачать

Фосфор қышқылын өндіру.

Фосфор қышқылы концентрлі және комлексті тыңайтқыш алуға жәнеде бірқатар фофордың қышқылды тұзын алуға қажет. Фосфор қышқылын экстракциялау және электротермиялық әдіспен алады.

Фосфор қышқылын алуды химиялық, принципиалдық және технологиялық схеманы өткенде қарастырғанбыз. (5-лекция) Сондықтан бүгін фосфор қышқылын алуды айтпаймын.

Супер фосфатты өндіру.

Супер фосфат фосфор тыңайтқыштарының ішіндегі ең көп тараған және көп өндірілетің суда ерігіш түрі. Негізінде кальций монофосфатымен кальций сульфатынан құралған, ұнтақ (немесе гранул түрінде) қоңыр түсті зат, құрамында темір және алюминий фосфаттарыы, кремнезем және фосфор қышқылы да болады. Суперфосфатта өсімдікке сіңімді P2O5 20% болады. Суперфосфатты өндіру табиғи фосфаттарды күкірт қышқылымен өндеуге негізделген. Қара-тау фосфоритінен құрамында 14% P2O5 бар суперфосфат алады.

Суперфосфатты өндірудің физика-химиялық негізі.

Фторапатитпен күкірт қышқылынын реакцияласу процессі көп фазалы гетерогенді, диффузия аймағында жүретін процесс. Бұл процесс екі сатыда жүреді: бірінші сатыда фосфат бөлшектерінің бетінде ыдырау –алмасу реакциясы:

Ca5F(PO4)3+5H2SO4+2,5H2O= 5(CaSO4 0,5 H2O)+3H3PO4 +HF+Q (1)

фосфорит

Бұл реакция күкірт қышқылы толық жұмсалғанша "пісу" камерасында 30-40 минутте аяқталады. Суперфосфат массасы түзіліп тұнбаға түседі және нашар еритін кальций суперфосфатыда кристалға айналады, бірінші сатыны "пісу" деп атайды.

Екінші сатыда фосфор қышқылы ыдыырамаған бөлшектердің ішкі қабатына диффузияланып реакцияға қатысады.

Ca5F(PO4)3+7 H3PO4+5H2O=5(Ca(H2PO4)2 H2O} + HF+Q

суперфосфат

Технологиялық процесс екінші сатыда (тым баяу жүреді) 6-25 тәулікке созылады. Екінші сатыны- суперфосфаттын"жетілуі " деп атайды.

Жетілу процесінің жылдамдығына температура және күкірт қышқылының концентрациясы әсер етеді. Реакция жылдамдығы күкірт қышқылының концентрациясы өскен сайын және температура жоғарлаған сайын артады.

Өндірісте күкірт қышқылының оптималды концентрациясы 62-69% аралығында болады. Үздіксіз жасайтын өндірісте күкірт қышқылының концентрациясы 68-69,5%. Бұл концентрацияда камерадағы температура 1100 С шамасында.

Температураның өсуі 1) және 2) экзотетмиялық реакциялар нәтижесінде болады. Осы оптималды жағдайларда кальций сульфат болшектері кеуекті, борпылдақ болғандықтан фосфор қышқылының шикізат бөлшектерінің арасында диффузиялануы жылдамдайды.

Технологиялық процестің ең баяу сатысы-жетілу, яғни екінші стадия. Жетілу сатысын жылдамдату үшін суперфосфат массасын салқындатып, құрамындағы суды буландырып монокальций фосфатының кристалдануын жылдамдатады, яғни ерітіндідегі фосфор қышқылының концентрациясын көбейтеді.

Өңдеген суперфосфат құрамындағы P2O5 мөлшері алғашқы шикізат құрамындағы P2O5 мөлшері екі есе төмен-19-20 %

Өңдірілген суперфосфат арасында азда болса фосфор қышқылы болады, ал ол суперфосфаттың гигроскопиялық қасиетін жоғарлатады. Бос қалпындағы фосфор қышқылын нейтралдау үшін- фосфорит, ізбес, бор қосады немесе газ күйіндегі аммиакпен( аммониланады) өндейді.

Үздіксіз әдіспен суперфосфатты өндіру схемасы.

1-араластырғыш;2-фосфаттың дозаторлық өлщегіші;3,4-су мен күкірт қышқылын құятын бак;5-қышқыл дозаторы;6-суперфосфат камерасы;7-суперфосфат транспортері;8-суперфосфатты склатқа жіберуші.

Ұсатылған аппатит концентраты немесе фосфорит ұны склаттан өлшейтін дозаторға(2)беріледі. Одан әрі (1)араластырғашқа беріледі.Күкірт қышқылы(мұнара күкірт қышқылы75%) сумен (5) араластырғыш дозаторда 68% дейін сұйытылады.Қышқыл(1)араластырғышқа жіберіледі.Бұл жерде фосфат шикізат пен күкірт қышқылының механикалық араласуы жүреді. Түзілген пульпа аралстырғыштан үздіксіз жұмыс істейтін реакциялық суперфосфат камерасына (6) келіп түседі.Осы жерде суперфосфаттың түзілу процесі жүреді.Суперфосфат камерасының ұсатылған суперфосфат конвейтр арқылы складқа барады.

Фосфаттарды күкірт қышқылымен өңдегенде көп мөлшерде фторсутек және тетрафторлы кремний бөлінеді, олар өзара реакцияласып кремний фторлысутек қышқылын түзеді.

4HF + SіO2=SіF4+2H2O

SіF4+2HF=H2SіF6

3SіF4+2H2O=2H2SіF6+SіO2

Кремний фторлысутек қышқылын ас тұзымен өңдеп кремний фторлы натр тұзына айналады.

H2SіF6 +2NaCІ=Na2SіF6+2HCІ

Гексафторкремний натр тұзы ауыл шаруашылығында, өсімдік зиянкестеріне қарсы және эмаль жасауға қолданылады.

Суперфосфат камерасы диаметрі -7,1м, биіктігі -2,5м,2,5 сағатта бір айналып шығады. Суперфосфат өнімділігі 30-50т/тәулік.Суперфосфаттың негізгі кемшілігі тыңайтқыш құрамында P2O5 аз 19-20% аспайды.