Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар материалдары.doc
Скачиваний:
388
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Семинар сабағы 6. Сигнал формасын сипаттайтын параметрлер Сигналдарды сипаттайтын негізгі параметрлер. Байланыс каналының өткізу қабілеті

Сигналдардың параметрлеріне оның ұзақтығы Т, динамикалық диапазоны D, спектр ені F жатады. Кез келген уақыттық процесс ретінде қарастырылатын сигналдың басы және соңы болады. Сондықтан сигнал ұзақтығы Т сигнал өмір сүретін уақыт шектеріндегі уақыт интервалын анықтайтын табиғи параметрі болып табылады.

Динамикалық диапазон D-бұл сигналдың ең үлкен лездік қуатының ең кіші лездік қутына қатынасына тең. Ол негізі децибелмен беріледі. Радиотарату каналының артықша жүктелуін болдырмау үшін динамикалық диапазонды 35...45дБ-ге дейін шектейді.

Сигнал спектрінің ені F-сигналдың спектрлік құраушыларының негізгі орналасу шегін көрсететін жиілік интервалы. Әр түрлі сигналдардың спектрлерінің ені әр түрлі. Телефон каналымен берілетін сөз сигналының спектр ені 300-3400Гц, музыканың спектрі 20-16000Гц, телеграф-0-200Гц, телевизиялық сигнал 50-6,5МГц-ке дейін болады.

Байланыс каналының ақпарат тасымалдау қабілеті -өткізу қабілеті немесе каналдың сыйымдылығымен сипатталады.

Барлығына ортақ жалпы сипаттама ретінде сигнал көлемін қарастырсақ болады.

Vc = Tc Fc Dc

Сигнал көлемі Vc-хабар тасымалдаушы ретінде сигналдардың мүмкіндігін көрсетеді. Сигнал көлемі неғұрлым үлкен болған сайын соғұрлым ол көп ақпарат тасымалдай алады, бірақ ондай сигналды каналмен жіберудің қиындығы артады.

Байланыс арнасымен Т уақытта жіберілетін ақпарат мөлшері болсын. Егер хабарды жіберу Т бірлік уақытына созылса, онда ақпаратты жіберу жылдамдығы -ге тең болады. Бұл орташа бір хабарға сәйкес келетін ақпарат мөлшері, сонда жіберу жылдамдығы болады. Каналдың өткізу қабілеті дегеніміз берілген канал үшін ақпарат жіберудің максимал қол жетімді жылдамдығы . Немесе бірлік уақытта жіберілетін ақпараттың максимал мөлшері . Жіберу жылдамдығы техникалық немесе ақпараттық болуы мүмкін.

Техникалық жылдамдық VT -бірлік уақытта жіберілетін элементар сигналдың (символ) саны , бодпен өлшенеді.

Ақпараттық жылдамдық бірлік уақытта жіберілетін орташа ақпарат мөлшерімен анықталады және битпен өлшенеді R=nH.

Семинар сабағы 7. Өзара корреляциясы бар космостағы процестер

Шу, шуыл - сигналды қабылдауға бөгет жасайтын табиғаттағы және т.б. тегі әртүрлі бейберекет  тербелістер.

Сигнал байланыс арнасынан өткенде, тарату ортасындағы атомдар мен молекулалар вибрациялайды және шу болып табылатын кездейсоқ электромагниттік толқындарды тудырады. Әдетте жіберілген сигналдың күші шу сигналынан көп болады. Бірақ таралудың және өшудің әсерінен оның деңгейі шу деңгейімен сәйкес болуы да мүмкін. Негізгі сигнал фондық шудан кішкене ғана артық болғанда, қабылдайтын құрылғы шуды ажырата алмай, байланыс қателері пайда болады.

Арнаның маңызды параметрі болып - қабылданған сигнал қуатының() шу қуатына() қатынасы табылады. Ол қатынас – сигнал/шу қатынасы деп аталады және децибелмен (дБ) өлшенеді:

Сигнал/шу қатынасының жоғары мәні сигнал қабылдануының жақсы сапасын көрсетеді.

Реалды каналдың теориялық максимал тарату жылдамдығын Шеннон-Хартли заңы арқылы есептеуге болады:

Ол бит/секундпен өлшенеді.

Сандық тарату каналдары кең өткізу жолақтарын және белгілі уақыт интервалында сигналды жандандыру үшін регенераторларды пайдаланады, сол кезде сигнал/шу қатынасы өз шегін сақтап тұрады.

Шу түрлері

  • Ақ шу - әртүрлі жиіліктітербелуі бірдей интенсивті болатыншуыл.

  • Сыртқы шу - құралдыңайналадағы ортаға шығаратын шуылы.

  • Ішкі шу - көлікқұралыныңкабинажәне шанақ ішіндегі шуыл.

  • Ауалы шу - шанақ ішінде ауалы жолмен кіретін және 700 Гц жиіліктенжоғары болатын ішкі шуыл.

  • Құрылымды шу - кездейсоқ сипаттағы дірілден (көбінесе 2,5-70 Гц жолдыңәсерінен) және кезендік сипаттағы дірілден болатын (көбінесе 70-700 Гц жиілікте қозғағыштан, берілістен пайда болады) ішкішу.