Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕСТ-АЙ-АКМ (1).doc
Скачиваний:
185
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Химиялық байланыс

Электрон жұбы арқылы түзілген химиялық байланысты қарастыратын әдіс-валенттік байланыс әдісі (ВБӘ).

Валентілік–химиялық элемент атомының басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу немесе орнын басу қасиеті.

Химиялық байланыс жөнінде көзқарас екі бағытта дамыған:

  1. Коссельдің электрстатикалық теориясы: химиялық байланыс әр түрлі зарядталған иондардың тартылуы нәтижесінде түзіледі.

  2. Льюс теориясы(1916ж.): химиялық коваленттік байланыс атомдардың жалпы электрондық жұптары арқылы түзіледі.

Химиялық байланыстың түзілу механизмі.

Жалпы электрон жұбының түзілуі - алмасу механизмі бойынша іске асырылады: әр атом – сыңарына бірден-бір тақ электронын ұсынады (береді) н/се донорлы-акцепторлы механизмі бойынша: бір атом (донор) жұп электронын береді, ал екіншісі (акцептор) валенттік бос орбиталін ұсынады.

Координациялық немесе донорлы-акцепторлық байланыс жұпталған электрондар мен бос орбитальдың әрекеттесуінен пайда болады. Жұпталған электрон беретін А компонент донор, ал В – бос орбиталь акцептор деп аталады.

А: + В А : В

донор акцептор

N: + Н+ NH4+.

Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары:

  1. Байланыс энергиясы – байланысты үзу үшін қажет энергия мөлшері.

2.Байланыс ұзындығы – химиялық байланысқан атомдар ядроларының ең қысқа аралығы.

3.Байланыс полюстігі–электрон жұбының бір атомға ығысуына негізделген (ковалентті полюсті, ионды). Полюсті байланысты екі атомды молекулалар дипольді болады. Дипольдік сәт /момент/ =q·l, дебаймен өлшенеді, /q-заряд шамасы, l-ұзындығы/.

Металдық байланыс - табиғаты бойынша коваленттік байланысқа жақын, бірақ одан айырмашылығы электрон жұптары екі атомның арасында емес, көп атомдардың арасында орналасады. Металдық байланыс металдарға тән.

Сутектік байланыс – сутек атомымен (қосылыстың құрамына кіретін) электртерістігі күшті элементтің (F,O,N) атомдарының арасындағы байланыс. Ол молекулааралық және молекулаішілік болып жіктеледі.

S s 

+  x

H2

х-осі бойымен электрондық бұлттардың қабаттасуынан түзілген байланысты - байланыс /күшті/ дейміз.

х-осінің жоғарғы және төменгі жағындағы р-электронды бұлттардың қабаттасуынан түзілген байланысты -байланыс /әлсіз/ дейміз. Оттегі молекуласында бір - және бір -байланыс.

Су молекуласының формасы - бұрыштық, аттас зарядталған сутегі атомдарының тебілуі есебінен валенттік бұрыштардың ұлғайуы байқалады, екі -байланыс, ковалентті полюсті.

Аммиак молекуласы үш бұрышты пирамида болып келеді, үш -байланыс болады, байланыс бұрышы 107,30; ковалентті полюсті.

Орбиталдардың гибридтелінуі. Молекулалық орбиталь әдісі (МОӘ). Полинг орбитальдардың гибридтенуі туралы түсінік енгізді.

Атомдардың пішіндері және энергиялары әр түрлі орбитальдарының (электрон бұлтарының) өзара араласып, бір пішіндес және тең энергиялары орбитальдарға айналуын гибридтену деп атайды.

Орталық атомдардың бір s- және екі р-орбитальдары қатысуымен түзілген байланыс sp2-гибридитенуге әкеледі.

sp3-гибридті орбитальдардың СН4 молекуласында бағытталуы.

$$$ 62

Судағы химиялық байланыс:

А) коваленттік полюсті, сутектік және иондық;

В) коваленттік полюссіз және сутектік;

С) коваленттік полюссіз;

D) коваленттік полюсті және сутектік;

Е) иондық.

$$$ 63

Жалпы электрон жұбы арқылы түзiлетiн байланыс:

А) иондық;

В) коваленттік;

С) металдық;

D) молекулааралық;

Е) сутектік.

$$$ 230

Ковалентті полюссыз байланыс қай келтірілген затта болады:

А) НF;

B) NaOH;

C) H2S;

D) H2;

E) H2O.

$$$ 64

HBr молекуласындағы химиялық байланыс түрiн көрсетіңіз.

А) донорлы-акцепторлық;

В) иондық;

С) коваленттік, полюсті;

D) коваленттік, полюссіз;

Е) сутектік.

$$$ 227

... молекула арасында сутектік байланыс түзіледі.

А) фторсутек;

В) сутек;

С) фтор;

D) күкірт;

Е) хлор.

$$$ 50

Коваленттік, иондық және сутектік байланыстарды түзуге қабілеттілігі бар элемент – ол...

А) F;

B) Zn;

C) Na;

D) В;

Е) He.

$$$ 71

Гибридтi бұлт қандай пiшiн алады?

А)

В)

С)

D)

Е)

$$$ 72

Әрекеттесушi атомдардың ядросын қосатын сызықтың бойымен атомдық орбитальдардың қабаттасуынан түзiлетiн коваленттiк байланыс қалай аталады:

А) коваленттік полюссыз;

В) p-байланыс;

С) d-байланыс;

D) коваленттік полюсты;

Е) s-байланыс.

$$$ 73

АВ2-типтi молекулалардың қайсысы сызықтық формада болады?

А) H2Te;

В) SnI2;

С) H2Se;

D) CaCl2;

Е) H2O.

$$$ 74

Көрсетiлген электрондық бұлттардың қабаттасуының қайсысы -байланыс түзiлуге сәйкес келедi?

А)

В)

С)

D)

Е)

$$$ 38

Келесі 3s1 и 3s23p5 - атомдардың қысқартылған электрондық конфигурацияларымен элементтерден түзілген заттың кристалды торының типін және байланыс түрін көрсетіңіз:

A) атомдық, коваленттік полюссіз;

В) молекулалық, коваленттік полюсті;

С) молекулалық, коваленттік полюссіз;

D) металдық торы, металдық байланыс;

Е) иондық торы, иондық байланыс.

$$$ 79

Пiшiнi тетраэдр SiH4 молекуласында гибридтелудiң қандай түрi жүредi?

А) sp;

В) sp2;

С) sp3;

D) sp3d;

Е) sp3d2.

$$$ 44

Катализаторлар – ол ... заттар:

А) химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын, реакцияға қатысатын және шығынданатын;

В) химиялық тепе-теңдікті ығыстыратын;

С) химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын, реакцияға қатысатын және реакциядан кейін өзгеріссіз қалатын;

D) химиялық реакцияның жылдамдығын азайтатын, реакцияға қатысатын және шығынданатын;

Е) химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етпейтін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]