Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест ЭиУР казах2012-2013 ЭжТД(1).doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
290.82 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бекiтемiн

ЖТжТДИ директоры

______________ Көмеков С.Е.

«___» _______________2012 ж.

5В012000, 5В042000, 5В042100, 5В060200, 5В060800, 5В070100, 5В070200, 5В070300, 5В070500, 5В071100, 5В071200, 5В071300, 5В071600, 5В071800, 5В071900, 5В072000, 5В072100, 5В072300, 5В072900, 5В073000, 5В073100, 5В073200, 5В080500, 5В090300, 5В090700, 5В100200, 5В070400к, 5В070400, 5В072400, 5В070600 мамандықтарының студенттеріне

«Экология және тұрақты даму» пәнi бойынша

адам саны 1300

емтихандық тестiлеуге арналған

Тест тапсырмаларының жиынтығының паспорты

Институт

Жоғары технологиялар және тұрақты даму

Кафедра

Қолданбалы экология

Курс

1, 2, 3

Семестр

1, 3, 5

Кредиттер саны

2, 3

Тест сұрақтарының саны

150

ОЖ жөніндегі институт директорының орынбасары

_____________ Мұстафина К.К.

Кафедра меңгерушiсi

_____________ Ошақбаев М.Т.

Құрастырушылар

_____________ Адырбайқызы Р.

_____________ Жақсыбаева Г.С.

ТТЖП қабылдауға жауапты адам

_____________

Алматы 2012

$$$ 1

«Экология» терминін ұсынған ғалым:

A) М.В. Ломоносов

B) Э. Геккель

C) Ж.Б. Ламарк

D) Ч. Дарвин

E) В.И. Вернадский

$$$ 2

Экология нені зерттейді?

А) Организмдердің өзгерісі мен тұқым қуалау белгілерінің негізгі заңдылықтарын

В) Жер бетіндегі эволюциялық процестердің негізгі бағыттарын

С) Биологиялық жүйелердің қалпына келу процестерін

D) Организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын

Е) Тірі ағзалардың іс-әрекетін

$$$ 3

Аутэкология нені зерттейді:

А) Қоршаған орта температурасының жеке бір организмнің зат алмасу қарқынына әсерін;

В) Көлді температуралық режимінің гидробионттардың (көлді мекендеуші организмдердің) түр құрамына әсерін;

С) Климаттық факторлардың жануарлар әлемінің түр әралуандылығына әсерін;

D) Эдафикалық факторлардың (топырақ факторларының) өсімдіктер әлемінің түр әралуандығына әсерін;

E) Өнеркәсіп мекемелерінің түтінінің Жер климатына әсерін.

$$$ 4

Синэкология нені зерттейді:

A) Климаттық факторлардың орман бірлестіктерінің түр құрамына әсерін;

B) Орта температурасының табиғаттағы заттар айналымына әсерін;

C) Күн ұзақтығының жануарлардың азыққа деген сұранысына әсерін;

D) Атмосфераның химиялық құрамының жеке бір организмнің зат алмасу қарқынына әсерін;

Е) Сүтқоректі жануарлардың терісінің құрылыс ерекшеліктерін

$$$ 5

Экология ғылымының «демэкология» деп аталатын бөлімі мынадай мәселені зерттейді:

A) популяция критерийлері мен популяциялардың негізгі сипаттамаларын;

B) қауымдастық құрамындағы организмдердің өзара қарым-қатынастарын;

C) биосфераның жанды затының функцияларын (атқаратын қызметтерін);

D) экожүйелердің түрлері (типтері) мен қызмет атқару ерекшеліктерін;

E) ластанулардың биоценоздардың түрлік құрамына әсерін.

$$$ 6

Популяциялардың құрылымы мен санын зерттейтін сала:

А) Геоэкология;

В) Аутэкология;

С) Демэкология;

D) Синэкология;

E) Глобалдық экология.

$$$ 7

Адам тіршілігінің ортасын сақтау жағдайында қоғамның белгілі техникалық және әлеуметтік-экономикалық мүмкіншілігінде шаруашылық іс-әрекетіне нақты енгізіле алатын табиғи ресурстар қалай аталады?

A) Биосфера

B) Табиғи-ресурсты потенциал

C) Тропосфера

D) Минералды пайдалы қазбалар

E) Өнеркәсіптік қалдықтар

$$$ 8

Ю.Либихтың минимум заңының мәні

А) Ағзаның оптималды дамуы экологиялық фактордың минимум мөлшерінде ғана болуы мүмкін

В) Ағзаның оптималды дамуы экологиялық фактордың максимум мөлшерінде ғана мүмкін

С) Экологиялық факторлар кешеніндегі минималды мөлшердегі фактор тірі ағзаға көбірек әсер етеді

D) Экологиялық факторлар кешеніндегі оптималды мөлшердегі фактор тірі ағзаға көбірек әсер етеді

Е) Экологиялық факторлардың мәні организмдердің өмір сүруіне ешқандай әсер етпейді

$$$ 9

В.Шельфордтың толеранттылық заңының мәні

А) Ағзаның оптималды дамуы экологиялық фактордың минимум мөлшерінде ғана мүмкін

В) Ағзаның оптималды дамуы экологиялық фактордың максимум мөлшерінде ғана мүмкін

С) Экологиялық факторлар кешеніндегі оптималды мөлшердегі фактор тірі ағзаға көбірек әсер етеді

D) Ағзаның оптималды дамуы экологиялық фактордың максимум және минимум мөлшерінде ғана мүмкін

Е) Тірі организмдер экологиялық факторлардың белгілі бір диапазон мөлшерінде ғана өмір сүре алады

$$$ 10

Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

A) тек құрлықтық экожүйелерде тіршілік ететін организмдер;

B) барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер;

C) әртүрлі климаттық аймақтарда кеңінен таралған организмдер;

D) тек сулық ортада тіршілік ететін организмдер;

E) әртүрлі экологиялық фактолар бойынша толеранттық ауқымы кең организм

$$$ 11

Эврибионттарға қандай организмдер жатады:

A) тек судың тұздылығына ғана толеранттылық ауқымы кең;

B) тек атмосфералық қысымға ғана толеранттылық ауқымы кең ;

C) негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең;

D) тек азыққа байланысты ғана толеранттылық ауқымы кең;

E) негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

$$$ 12

Экологиялық қуыс дегеніміз - бұл:

A) азықтық ресурстар үшін бәсекелестік болмайтын аймақ;

B) организмдер өсіп-өнетін (төлдейтін) жер;

C) организмнің қоршаған орта жағдайларына қояр талаптарының жиынтығы;

D) жыл құстарының ұя басатын орны;

E) бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жері.

$$$ 13

Автотрофтылар деп мынадай қасиеттері бар организмдер аталады:

A) бейорганикалық қосылыстардан өздері органикалық заттар синтездей алатын;

B) тіршілік процесі барысында дайын органикалық заттарды пайдаланатын;

C) өлі органикалық заттарды ыдырататын;

D) өсімдік тектес азықпен қоректенетін;

E) жануар тектес азықпен қоректенетін.

$$$ 14

Жабысқақ балық акуланың денесіне жабысып алып, акуламен бірге жүзіп жүреді және оның олжасының қалдықтарымен қоректенеді. Дегенмен акулаға бұдан келер-кетер пайда не зиян жоқ. Түр аралық қатынастың осындай түрі қалай аталады?

A) бәсекелестік;

B) комменсализм;

C) симбиоз;

D) жыртқыштық;

E) паразитизм.

$$$ 15

Бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып, оған ешбір зиян келтірмейтін қарым-қатынастың түрі ...... деп аталады.

A) Протокооперация

B) Паразитизм

C) Комменсализм

D) Аменсализм

E) Мутуализм

$$$ 16

2-ші кезектегі консументтер қандай организмдер:

A) фототрофтар;

B) автотрофтар;

C) шөпқоректі жануарлар;

D) етпен қоректенетін жануарлар;

E) продуценттер.

$$$ 17

Төменде келтірілгендердің қайсысы редуценттерге жатады:

A) жыртқыш балықтар;

B) шөпқоректі жануарлар;

C) ағаштар;

D) шөптесін өсімдіктер;

E) бактериялар.

$$$ 18

Төменде келтірілгендердің қайсысы продуцентке жатады:

A) шөпқоректі жануарлар;

B) саңырауқұлақтар;

C) жыртқыш балықтар;

D) шөп;

E) паразит құрттар.

$$$ 19

Өсімдіктердің планетарлық (жер шары көлеміндегі) ролі қандай:

A) өлі органикалық заттарды ыдыратушылар (деструкторлар);

B) күн энергиясын аккумуляциялаушы алғашқы буын;

C) қышқыл жаңбырлардың көзі;

D) озон қабатын ыдыратушылар;

E) радиоактивті ластану көздері.

$$$ 20

Бактериялар мен саңырауқұлақтар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады?

A) консументтерге;

B) редуценттерге;

C) продуценттерге;

D) жыртқыштарға;

E) фототрофтарға.

$$$ 21

Жануарлар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады?

A) автотрофтарға;

B) редуценттерге;

C) продуценттерге;

D) консументтерге;

E) фототрофтарға.

$$$ 22

«Экожүйе» терминін алғаш енгізген:

A) А.Тенсли;

B) Ю.Либих;

C) Ч.Дарвин;

D) Э.Геккель;

E) В.Сукачев.

$$$ 23

Төменде келтірілгендердің қайсысы детриттік қоректік тізбекке жатады?

A) мүк → бұғы → қасқыр → қарға → бактериялар;

B) фитопланктон → зоопланктон → мұртты кит → шағала → бактериялар;

C) жоңыршқа → шегірке →қара торғай → сұңқар →өлексе шыбындары;

D) дән → егіс тышқаны → жапалақ →түлкі →өлексе қоңыздары;

E) қураған жапырақ→ жауын құрты → топырақ бактериялары.

$$$ 24

Детрит деген не?

A) түпкі тау жынысы;

B) су табанындағы қара балшық;

C) топырақ құрамындағы органикалық зат;

D) өсімдіктер мен жануарлардың өлі қалдықтары;

E) микроорганизмдер.

$$$ 25

Биосфера — бұл ...

A) Жер шарының жоғарғы тіршілік кеңістігі

B) Тірі организмдердің өмір сүру ортасы

C) Тірі организмдердің жиынтығы және заттық-энергетикалық алмасуын біріктіретін олардың өмір сүру ортасы

D) Биотикалық бірлестік ретінде белгілі кеңістікті алатын және қызмет атқаратын бір түрдегі организмдердің тобы

E) Бірігіп тіршілік ететін және бір-бірімен түрлер байланысып құрастырылған күрделі табиғи жүйе

$$$ 26

Қоректік тізбек – бұл:

А) Бірлестіктегі қоректік объектілердің жиынтығы

В) Энергияның энергия көзінен басқа организмге тасымалдануы

С) Продуцент-редуцент қатарындағы энергияның таралуы

D) Тағамның потенциалдық энергиясының оның құраушысы арқылы ағзалар қатарына тасымалдануы

Е) Консумент-редуцент қатарындағы энергияның тасымалдануы

$$$ 27

Қоректік тізбектегі әрбір звеноның орны

А) трофикалық деңгей

В) қоректік тізбек

С) экологиялық пирамида

D) қоректену ортасы

Е) Эльтон пирамидасы

$$$ 28

Төменде келтірілгендердің қайсысын ормандық экожүйенің биотикалық факторларына жатқызуға болады?

А) топырақтың құрылымы және оның қышқылдық реакциясы

В) ауаның температурасы және ылғалдылығы

С) жер бедері және теңәз деңгейінен биіктігі

D) жерасты сулурының денгейі мен температурасы

Е) шөптесін және бұта тәріздес өсімдіктер

$$$ 29

В.И.Вернадскийдің ғылыми жетістіктеріне жатады

A) «Экология» түсінігін енгізді

B) «Биосфера» түсінігін енгізді

C) Биосфера эволюциясының теориясын жасады

D) Тірі организмдердің тіршілігі арқасында Жер планетасының атмосферасында оттегі көп болатынын жеткізді

E) «Экожүйе» терминін енгізді

$$$ 30

Экосистемалардың құрылысын, қызметі мен дамуын зерттейтін сала:

A) синэкология;

B) геология;

C) аутэкология;

D) демэкология;

E) геоэкология

$$$ 31

1-ші кезектегі консументтер қандай организмдер:

A) жыртқыштар;

B) шөпқоректі жануарлар;

C) өлексемен қоректенуші жануарлар;

D) жасыл балдырлар;

E) гүлді өсімдіктер.

$$$ 32

Биоценоз дегеніміз – бұл:

A) экожүйедегі өсімдіктер;

B) экожүйедегі жануарлар дүниесі;

C) экожүйедегі микроорганизмдер;

D) экожүйедегі барлық тірі организмдер бірлестігі;

E) экожүйедегі консумент және редуценттер бірлестігі.

$$$ 33

Экожүйедегі бірінші реттік өнімділікті түзеді

А) консументтер

В) продуценттер

С) редуценттер

D) бірінші ретті консументтер

Е) екінші ретті консументтер

$$$ 34

Екінші реттік өнімділік – бұл :

А) уақыт бірлігінде продуценттер құраған биомасса

В) уақыт бірлігінде консументтер құраған биомасса

С) уақыт бірлігінде продуценттер және консументтер құраған биомасса

D) уақыт бірлігінде екінші ретті консументтер құраған биомасса

Е) уақыт бірлігінде бірінші ретті консументтер құраған биомасса

$$$ 35

Биоценоз бен биотоптың жиынтығы қалай аталады:

A) галактикалық жүйе;

B) биогеоценоз;

C) саяси жүйе;

D) тазарту ғимараттарының кешені;

E) мемлекеттік жүйе;

$$$ 36

Биоценоздардың белгілі бір территорияда кезектесіп алмасуы қалай аталады:

A) демографиялық жарылыс;

B) экологиялық сукцессия;

C) урбанизация;

D) шөлдену;

E) экологиялық қуыс.

$$$ 37

Экожүйенің дамуының кемеліне жеткен және біршама тұрақты сатысы қалай деп аталады :

A) сукцессия;

B) флуктуация;

C) климакс;

D) пирамида;

E) эволюция.

$$$ 38

Төменде келтірілген бірлестіктердің қайсысы ең минималды биомассамен ерекшеленеді

А) тропикалық орман

В) тайга

С) тундра

D) жазық дала

Е) жалпақ жапырақты орман

$$$ 39

Шығатын газдарды шаңнан циклонда тазарту келесі принциппен іске асырылады

A) Сұйықтық

B) Электромагниттік

C) Абсорбциялық

D) Адсорбциялық

E) Сыртқа тепкіш күш әсерімен

$$$ 40

Ауыл шаруашылығында зиянкестерге қарсы жиі қолданылатын пестицидтер келесі жылы олардың көбеюіне әкеледі. Бұл немен байланысты?

А) Заманауи пестицидтер зиянкестер үшін аса улы емес

В) Пестицидтер зиянкестер және сонымен қатар олардың табиғи реттеушілерін (жыртқыштар мен паразиттерін) жояды

С) Заманауи пестицидтер зиянкестердің репродуктивтілік қабілетін арттырады

D) Заманауи пестицидтер зиянкестер арасында мутация санын көбейтуде және ол удың әсер етпеуіне әкеледі

Е) Инсектицидтермен бір уақытта қолданылмайды

$$$ 41

Топырақтың түзілу процесіне қатысатын биотикалық факторлар:

  1. атмосфералық қысым;

  2. ауа температурасы;

  3. желдің жылдамдығы;

  4. әртүрлі тірі организмдер;

Е) күн радиациясы.

$$$ 42

Осы күнгі қала экожүйесінің ең маңызды бөлігі :

A) жақсы жабдықталған тұрғын үйлер;

B) автомобиль жолдары мен автокөлік;

C) өндіріс мекемелері;

D) тұрмыстық қызмет көрсету және көңіл көтеру орындары;

E) екпе ағаштар мен бұталар.

$$$ 43

«Биосфера» терминін ғылымға енгізген ғалым

A) Н. Реймерс

B) В. Вернадский

C) Э. Геккель

D) Э. Зюсс

E) Э. Jlepya мен П. Тейяр де Шарден

$$$ 44

Биосфераның тұрақтылығын қамтамасыз етуші негізгі фактор:

A) Биологиялық әралуандылық;

B) Әлемдік мұхиттың көлемі;

C) Атмосфераның химиялық құрамы;

D) Литосфераның химиялық құрамы; E) Судың химиялық құрамы.

$$$ 45

Тіршіліктің атмосфераның жоғарғы, 23-25 км қабаттарында таралуын мынадай факторлар шектейді:

A) инертті газдардың болуы;

B) метанның болуы;

C) қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің болуы;

D) су буының болуы;

E) көміртегі тотығының (СО) болуы.

$$$ 46

Жердегі ең алғашқы тірі организмдер тек қана сулы ортада пайда бола алды, себебі атмосферада:

A) СО2 болмаған;

B) инертті газдар болмаған;

C) метан болмаған;

D) озон қабаты болмаған;

E) су буы болмаған.

$$$ 47

Жер бетін ультракүлгін сәулелерден … қабаты қорғайды

А) тропосфера

В) тропофауза

С) экзосфера

D) озон

Е) ауа

$$$ 48

Биосфераның тірі ағзаларының энергетикалық функциясы

А) заттың химиялық айналымында

В) Күн энергиясының продуценттерінің аккумуляциясында

С) ауырлық күшіне қарсы затты ауыстыру

D) заттардың горизонталды бағыттағы айналымында

Е) биосферадағы тірі организмдердің биогендік элементтерінің жинақталуы мен шығарылуында

$$$ 49

Егер ... салқындату қабілеті болмағанда, жердің температурасы 30-40 °С-қа көтерілер еді.  

А) Арктика мен Антарктиканың

В) Гидросфераның

С) Өсімдік жамылғысының

D) Планктон және көк-жасыл балдырлардың

Е) Мұздықтардың

$$$ 50

Ауаның құрамында … болады

А) 78 О2, 21N2, 1-2 инертті газдар

В) 20-21 О2, 78 N2, 1-2 инертті газдар

С) 50 О2, 20 СО2, 30 N2

D) 10 О2, 78 N2, 2 Н2S, 10 СО2

Е) 20 О2, 68 N2, 12 СО2

$$$ 51

Атмосфераның қай қабатында озон қабаты орналасқан?

А) тропосферада

В) стратосферада

С) ионосферада

D) атмосфераның жермен жанасқан қабатында

Е) трoпопаузада

$$$ 52

Биосфераны зерттеумен шұғылданатын негізінен экология ғылымының мынадай саласы:

A) аутэкология;

B) синэкология;

C) демэкология;

D) ғаламдық экология;

E) әлеуметтік экология.

$$$ 53

Мемлекеттік қорық дегеніміз:

A) жылдың белгілі бір маусымдарында аң аулауға рұқсат етілетін табиғи территория;

B) ауыл шаруашылық дақылдары егілетін, қорылатын территория;

C) табиғи кешендерді сақтап қалу мақсатында шаруашылық әрекеттерден шығарылып тасталған ерекше қорғалатын табиғи территория;

D) мал бағуға ғана рұқсат етілетін табиғи территория;

E) су құстарының ұясын қорғау үшін бөлінген территория.

$$$ 54

Өндірістік экология – бұл ... зерттейтін қолданбалы ғылыми пән.

А) Әртүрлі өндіріс салаларының адам денсаулығына тигізетін әсерін

В) Жасанды экожүйенің қызметтерін

С) Өндірістік қалдықтарды утилизациялау және залалсыздандыру тәсілдерін

D) Табиғи экожүйе және өнеркәсіптік өндірістің объектілерінің қарым-қатынасын

Е) Жер үсті суларына өндірістік ластанулардың тигізетін әсерін

$$$ 55

Әлемдік мұхит сулары қандай табиғи ресурстар қатарына жатады?

A) сарқылатын (таусылатын);

B) сарқылмайтын (таусылмайтын);

C) қалпына келетін;

D) қалпына келмейтін;

E) салыстырмалы түрде қалпына келетін.

$$$ 56

Гидросфераға фосфор және азот элементтерінің артық мөлшерде түсуі …. алып келеді