Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.яз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

1. Ыңғайлас

Салалас

Құрмалас

Сөйлемдердің

Түрлері:

2.Қарсылықты

3. Кезектес

4. Себеп-салдар

Салалас

Құрмалас

Сөйлемдердің

Түрлері:

5. Талғаулықты

5. Талғаулықты

540-тапсырма. Қарсылықты құрмалас сөйлемдерді өз ойларыңызбен аяқтаңыздар.

«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», - дегендей, отбасында балалар әкелері мен аналарының бойындағы қасиеттері мен өнерлерін үйреніп өскен, бірақ ................... . Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмірдегі тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ өмірге дайындайды, әйтсе де ................... . Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында рухани жақындық болады, дегенмен .................... .

541-тапсырма. Тағы да экология мәселесі! Алматы қаласының экологиялық жағдайларымен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Алматы қаласы ауасының экологиясы

Алматы қаласын зерттеушілердің айтуынша, ауаның қатты ластануының нәтижесінде, тек адамдар ғана емес, ағаштар да «ауырады» екен.

Алматының ауа экологиясын кірлетуші автокөліктер болып табылады. Қала ауасын кірлетуші зиянды химиялық заттардың 80 %-ы автокөліктердің шығаратын түтіндерінен тұрады. Соңғы онжылдықта қала халқының бұрынғымен салыстырғанда, 1.5 есе жиі ауыратыны анықталды және қала республика бойынша ол жағынан бірінші орында тұр.

Алматы қаласы, былайша айтқанда, газды камераға айналып тұр,-дейді эколог- ғалымдар. Ағаштар ауаны тазалайды деген ұғым халық түсінігіне сіңіп қалған. Ал ағаштар болса адамдардың жауапкершілігінің жоқтығынан ауырады. Өсімдіктердің жапырақтары өзгеріске ұшырайды. Ғалымдар кейбір ағаштардың жапырақтарында қорғасынның нормадан 3 есе артық, ал кадмийдің нормадан 10 есе артықтығын анықтады. Олардың ауыруға ұшырауына, жапырақтарының өзгеруіне қаланың «химиялық күюге» ұшыраған жерлері, газдардың шоғырланған жерлері және металды учаскелерінің әсері болатыны анықталды.

Алматы І және «Жұлдыз» аудандарының маңайында өсетін ағаштарда литий табылды. Бұл элемент адам ағзасындағы түрлі психологиялық процестерді баяулатып, адамның қозғалысын баяулатуға, ойлау қабілетінің қатты қабынуына алып келеді. Ал кейбір химикаттар адам ағзасында өмірінің соңына дейін жиналып тұра береді.

Жергілікті экологтардың айтуы бойынша, бүкіл облыс территориясында тұрақты органикалық улы химиялық заттардың 100 тоннадан астамы шашылып жатыр. Оларды ешкім жоймайды да, оларға ешкім мән бермейді де. Жаңбыр жауған кезде ол қауіпті заттар жердің жоғарғы қабатына шығарылады да, кейін биологиялық тізбек бойынша адам ағзасына беріледі.

Алматы қаласының экологиялық проблемасы барша халыққа таныс. Бірақ адамдар өздерінің қандай түрлі улы газдармен демалып жатқанын түсінбейді немесе тіпті білмейді де. Қаладағы улы заттардың өсімдіктерге отырып қалатынын және оның аяғы неге әкелетінін барлығы біледі.

Қаланың экологиялық жағдайының негізгі көрсеткіші – қаланың ауа бассейні болып табылады. Қала ойыста орналасқан. Осы факторға байланысты бұл жерде ауаның жиі бір жерде тұрып қалуы, тұмандар байқалады. Сол себепті ауаға шығарылатын зауыттар мен фабрикалардың улы химиялық түтіндері және автокөліктердің түтіндері қала үстінде жиналып тұра береді. Ал ауа құрамы болса химикаттарға тола береді, ауа желдетілмейді. Ауаны кірлейтін заттар – шаң, күкірт диоксиді, көмір оксиді, азот диоксиді, фенол және формальдегидтер болып табылады.

542-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша толықтырып, әңгімелеп беріңіздер.

543-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерін қатыстырып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Автокөліктердің түтіндері, өзгеріске ұшырауы, ағаштардың «ауыруы», қорғасын, кадмий, өсімдіктердің жапырақтары, адам ағзасы, химикаттар, улы заттар, Алматының экологиясы, ауа бассейні.

544-тапсырма. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулықты шылауларын қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да ( но, однако, иначе, все-таки).

15-апта. 43-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Талғаулы, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер.

545-тапсырма. Наурыз мерекесі туралы мәтінді мұқият оқып, түсініп, мазмұндаңыздар.

Халқын сүйген – салтын сүйер

* * * * *

Наурыз – шығыс халықтарының мерекесі.

Батаменен ел көгерер

Көтерген Айсұлуды Алып өгіз

Көтерген Аспан туы, ол – Наурыз

( Низами)

Қазақтан – Наурыз, Алаш екі ұл туған,

Наурыздың деп айтады үлкен жасын.

Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры,

Келер жылы көктемде оның беріпті асын.

Қазақтың балалары сонан бері,

«Наурыз»деп қойыпты атап жылдың басын,-

деп қазақ шежірелерінде айтылған. Онда Наукрыз (Наурыз), Алаш деген бірге туысқан нақты адамдар екендігі көрсетілген. Ауызша тарих-шежіреде айтылған бұл деректер өте маңызды. Себебі Наурыздың Қазақ, Алаш болғаны ерте замандардан келе жатқан үрдіс екені көрінеді. «Көктемде ас берді дегені» – жыл басы көктем мерекесі ежелден аталып келе жатқанын меңзейді.

Наурыздың қазақ қоғамындағы рөлі кез келген астан, тойдан, басқа да шаралардан жоғары болған. Белгісіз автордың жазуы бойынша: «...Қайда атақты бай болса, Наурызнаманы сол байға қалдырады екен. Төле билердің заманында Наурызнаманың қадір-құны, астан, тойдан ілгері болады екен...», - делінген. Наурызнама – шат-шадыман, ойын-сауық, той, - деген мағынаны білдіреді.

Қазақстан халқы ортада 1926 жылдан бері Наурызды ресми түрде тойлауы үзіліп қалғанан кейін сүйікті мейрамы – жаңа жыл наурызбен қайта қауышып, ата салтын қайта жаңғыртып, 1988 жылдан бері тойлап келеді. Бұл мерекені шығыс елдері – Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғаныстан, Тәжікстан, Пәкістан ерте кезден өткізеді. Наурыз табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді, күн мен түннің теңелген күні.

Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «нау» – «жаңа», «руз» – «күн», «жаңару» деген ұғымдарды білдіреді. Халық мерекеге алдын-ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі.

Науыз – достық, еңбек, бейбітшіліктің мерекесі. Ұлыстың ұы күні адамдар бір-біріне деген реніштерін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы – наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалады. Наурызкөжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады, - деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата – үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң, жол болсын!», - деп бата береді.

Дәстүр бойынша Наурыз айтысы өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мереке қызған кезде, ұлттық ойындар ойналады.

Көне деректер бойынша, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той «Наурызнама» деп аталған. Әдетте, оны бай, ауқатты адамдар жасаған.

Абай өзінің тарихи бір мақаласында : «...Сол күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінмен байланыстырмай, көктем мерекесі екенін ашық жазады.

Ахмет Байтұрсынұлы : «Наурыз – қазақша жыл басы», - дейді. Міржақып Дулатов : «Мұсылман жұрттарына ортақ, жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз мейрам бар, ол – Наурыз», - деген. А.Диваев оңтүстік өлкеде ақпанның аяғында, қар еріген кезде наурыздың атап өтілетінін көрсетеді.

Наурыз туралы көп айтуға болады. Сонымен, Наурыз – ерте заманнан қалыптасқан бүкілхалықтық Жаңа жыл. Ол – көктем, еңбек, шат-шадыман, ойын-сауық мерекесі. Наурыз – тазалықты, жан тазалығын, тән тазалығын, кешірімшілдікті, адалдықты, достықты, татулықты насихаттайтын мереке.

546-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақ шежірелерінде Наурыз, Алаш туралы не айтылған? 2. «Наурызнама» қандай мағынаны білдіреді? 3. Қазақстан халқы бұл мерекені қай уақыттан бері тойлап келеді? 4. «Наурыз» сөзі қандай мағынаны білдіреді? 5. Наурыз мерекесін қалай тойлайды? 6. Бұл мерекедегі басты тағамды атаңыздар. 7. Қандай ұлттық ойындар өткізіледі? 8. Наурыз – қандай мереке? 9. Наурыз туралы ұлы тұлғалар не айтқан?

547-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөйлемдерді алып, олардан түсіндірмелі, толғаулы салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

548-тапсырма. Наурызға байланысты берілген түсініктеменің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Наурыз – парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні – жаңа күн.

Наурыз бата – наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасын, ескі жылдан қалған дәм – сүрленген қазы-қарта мен жал-жаяға берілетін бата.

Наурыз жыры – қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс-салт жырының бір түрі.

Наурыз көже келер жылы молшылық болсын деген ниетпен әр шаңырақ міндетті түрде беретін арнаулы тағам.

Наурыз жұмбақ – наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат қозғалыстарына байланысты айтылатын жұмбақ өлең.

Наурыз тілек – наурыз күні амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек.

Наурыз төл – наурыз айында туған бота, бұзау болса, оны наурыз төл деп атайды.

Наурызша қарайған жерді толық жаба алмайтын жұқалау, қылаулап жауған жұқа қар.

Наурыз шешек – наурыз айында гүлдейтін өсімдік.

Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдер өзара болжамдық қатынаста болады да, тек біреуіндегі істің, қимылдың жүзеге асатындығын көрсетеді.

Мысалы: Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек (Абай). Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.

Талғаулы салалас не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, я болмаса, әлде деген шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.

549-тапсырма. Төмендегі жалғаулықтарды қатыстырып, толғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Немесе, не, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде, (или, иногда, то, однажды, либо).

550-тапсырма. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Үлкен мөлдір қара көздерінде әлде бір еркелік, әлде наз, аса бір сыпайы ұяңдық бар (З. Қабдолов). Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек (Абай). Үлкендер бала мінезіне бір күліп, бір таңданып сүйсініп қалды (М. Әуезов). Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған тоқтадым (Абай). Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе шешендер айтқан тақпақтар айтылады.

551-тапсырма. Сөйлемдердегі түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жолаушылардың шаршағаны соншалықты: тамаққа да қарамай ұйықтап қалды. Ол ұлдарына екі нәрсені өсиет етті: бірі – еңбек, екіншісі – татулық. Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айқайлады. Айтар сөзім мынадай: ешкімге де бір шөкім жер берілмейді. Осы арада көңіл ұйытар бір нәрсе – Әуезовтың адамзаттық келбеті. Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса-сонасы, құрт-құмырсқа мен бақа-шаяны сияқты жәндіктері. Абайдың жалғыз ғана бір арманы – Мағжанмен тілдесіп қалу.

552-тапсырма. Қазақ халқының ұлттық мәдени байлығы, рухани қазынасы болып саналатын бата туралы мәліметпен танысып, оның құндылығын түсіндіріңіздер.

Батаменен ел көгерер

Қазақ халқының ұлттық мәдени байлығы, рухани қазынасы болып саналатын бата сөздерінің мән-мағынасы, қадір-қасиеті ерекше бағалы. Өйткені бұл ақыл, нақыл сөздер – тәрбиенің бастау бұлағы. Ата-бабаларымыздың қасиетті өсиеті – ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, ой елегінен өткізіліп, бүгінгі күнге жеткен.

Бата ұғымы құранның бірінші сүресінің аты «фатихадан» туындаған сияқты. Мұнда Жаратушы мен оның «елшісі» Мұхамедке мадақ сөз айтылады.

Халықтың тілек-батасы – жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы, арлы болып өсуге баулиды. Елін, жерін қорғауға талпынтады.

Белгілі бір этикалық, эстетикалық, педагогикалық жүйемен құрылған тілек-бата сөздер – халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар – оның рухани өмірінде тұтастық бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.

Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу мақсатында айтылатын ертеден қалыптасқан дәстүр. Кейіннен тілек айту, сол тілекке жету «құдіретке байланысты», - деген сеніммен батаның нұсқалары қалыптасты.

«Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз» деген тілектер қысқа да, нұсқа айтылған баталық сөздер. Бата қарт адамдардың ризалық сезімін, жақсы тілектерін білдіреді: «Еліңнің елеулісі, халқыңның қалаулысы бол», «Шырағың сөнбесін», «Отбасыңнан бақыт кетпесін», «Арманыңның асуына жет», «Берекелі тірлік, мерекелі бірлік берсін», - деп жастарды халқын сүюге, бірлікке, тірлікке шақырып тәрбиелейді.

«Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», - деп, халық батаны киелі сөз ретінде жоғары бағалайды. Оны жас ұрпақ жаттап, жадында сақтайды.

Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.

Батаның бірнеше түрлері бар: жас талапкерге бата; дастарқан батасы; алғыс батасы; наурыз батасы; шілдехана батасы; жас жұбайларға бата; жол жүрерде беретін бата; жаңа айдың батасы; теріс бата; серттесу батасы және т.б. Олардың кейбіреуіне тоқталсақ:

Дастарқан бата. «Дастарқаның мол болсын, Абыройың зор болсын» ( Ақ бата).

Алғыс батасы. «Бақ берсін, бас берсін. Өміріңе ұзақ жас берсін» ( Ақ бата).

«Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер», - деген сөз адамды ізгілікке, мейрімділікке баулиды.

Жаңа айдың батасы. «Жаңа айда – жарылқа, ескі айда есірке» ( бата). Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды.

Наурыз батасы. Бұл батаның орны ерекше, ол жалпы көпшілікке бағытталады:

Ұлыс оң болсын, Төрт түлік ақты болсын!

Ақ мол болсын, Ұлыс береке берсін,

Қайда барсаң, жол болсын! Бәле-жала жерге енсін!

Ұлыс бақты болсын,

Болашақ ұрпағына ұзақ өмір, табыс тілеу адамзаттың асыл мұраты болса керек:

Айдай жарқыра, Маңдайың ашық болсын,

Жұлдыздай жалтыра, Дұшпаның қашық болсын.

Қазақ халқының бата сөздеріне оның тарихи салт-дәстүрі, танымдық ерекшеліктері, әсіресе болашақ ұрпағын тәрбиелеуге негізделген ізгі арман-аңсары жарқын көрініс береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]