Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.яз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

2. Ұяң дауыссыздары:

3. Үнді дауыссыздары:

7-апта. 21-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Дауысты дыбыстардың бөлінуі. Қазақ тіліне тән дыбыстар.

249-тапсырма. Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы берілген мәтінді мұқият оқып, түсініп, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Қазақстанның астаналары – Орынбор,

Қызылорда, Алматы, Астана қалалары

* * * * *

О р ы н б о р қ а л а с ы

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Орынбор қаласы Қазақ халқының саяси және мәдени орталығы, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қала 1920-1925 жылдар аралығында Қазақ АССР-нің астанасы болып бекітілді.

...XX ғасыр – қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа белесі болды. Самодержавие құлады. Ақ патша тақтан тайды. Ұлы дала, дауыл алдындағы теңіздей тына қалды.

Ресейдегі қорған қала – Орынбор саяси оқиғалардың орталығына айналды. Совет үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ интеллигенциясының едәуір бөлігі Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды. Қазақстанның съездерінің барлығы осында өтетін. «Алаш» партиясы ұйымдастырылып, Алашорда үкіметі құрылды. Халықтың ұраны – демократиялық республика, ұлттық дербестік және әділеттілік деп жарияланды. Алайда, алаш азаматтарының арманы орындалмады. Арпалысқан азамат соғысы басталып, көп ұзамай, Орынборды қызылдар басып алды.

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары – «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті осы қалада басылып шықты. Бұлардан басқа да басылымдар мен кітаптар көптеп шығарылды. Сол кездегі қазақ зиялылары осы қалада бас қосып, осында шоғырланды. Олар саясатпен, халық ағарту ісімен шұғылданды.

Орынбор қаласының өнеркәсібінде машина жасау, металл өңдеу басты рөл атқарады. Станоктар, құрал-сайман, тамақ өнеркәсібі үшін машиналар, электро-механикалық және темір жол транспортын жабдықтайтын зауыттар бар. Қала маңынан ірі газ орны табылып, игерілуде. Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері де өркендеген. Комбинаттар жұмыс істейді.

Орынбордың негізгі тарихи орындары 1734 жылы салынған қамалға орналасқан (қала қақпасының қалдықтары салынған). Қала 1930 жылдан қарқынмен өркендеп келеді. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары, театрлар, музейлер жұмыс істейді.

250-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

251-тапсырма. Қазақ тіліндегі дыбыстар туралы ұғымды қайталап, өткен материалдарды еске түсіріңіздер.

Дауысты дыбыстардың бөлінуі (Классификация гласных звуков)

1. Дауысты дыбыстар (гласные звуки)а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, ,і, и, у; 2. Жуан дауысты дыбыстар (твердые гласные звуки) – а, о, ұ, ы; 3. Жіңішке дауысты дыбыстар (мягкие гласные звуки) – ә, е, ө, ү, і. 4. Қазақ тіліне тән дауысты және дауыссыз дыбыстар (специфические гласные и согласные звуки казахского языка) – ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң, һ.

Тілдің қатысына қарай (По положению языка) – жуан, жіңішке; еріннің қатысына қарай (по участию губ) – еріндік, езулік; 3. Жақтың қатысына қарай (по степени раскрытия рта) – ашық, қысаң болып бөлінеді.

Сөйлемдерден жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратып, олардың дұрыс оқылуына назар аударыңыздар.

Қорғасынды қолдана бастау уақыты мыспен бірдей. Мыстан оның айырмашылығы – қорғасынды кеннен тек балқытып қана алу мүмкін болды. Табиғатта табиғи қорғасын өте сирек және өте аз кездеседі.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, ондағы еріндік және езулік дауыстыларды екі бөлек бағанаға бөліп жазыңыздар.

Бірінші рет металды күмісті өзен құмын жуу арқылы емес, жыныстағы желіден алған. Алтынға қарағанда оны алу қиынырақ. Содан болу керек алғашқы кезде ол алтыннан қымбат бағаланды.

252-тапсырма. Ашық, қысаң, дауыстыларды атап, оларға мысалдар келтіріңіздер.

253-тапсырма. Мәтіннің алғашқы бірінші жартысынан қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді теріп жазып, олардың сауатты дыбысталуына назар аударыңыздар.

254-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып,

дауысты дыбыстарды атаңыздар.

Орынбор өлкесі, қазақтардың тарихы, қарым-қатынастар, Орынбордағы рудалардың түрлері, қалпына келтірілді, өндірілді, жерлерді қамтыды, мұражайлар, әскери күш, сауда алаңы, астана, тәуелсіздік.

255-тапсырма. Мәтінмен танысып, мазмұндаңыздар.

Қ ы з ы л о р д а қ а л а с ы

Қызылорда қаласының бұрынғы аты – Ақмешіт. Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қала. 1926-1929 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болды. Бұл қаланы таңдаудың себебі – Ақмешіт қазақ даласының ортасында орналасқан, екіншіден, Ташкент темір жолы Ақмешітті елдің барлық өлкелерімен байланыстырады. Оның үстіне қала Сырдарияның жағасында тұр.

Бұрынғы Ақмешіт кейіннен Қызылорда болып өзгертілген. Оны осылай өзгертуге ұйытқы болған және оған күш салған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов болды. Ол сонымен қатар «киргиз» деген атаудың «қазақ» болып, елдің Қазақстан деп аталуына да зор ықпал етті.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Қызылорда облысында шаруашылықтың барлық салалары жандана бастады. Қаратаудағы қорғасын мен мырыштың бай қоры негізінде Шалқия кеніші жұмыс істей бастады. 1992 жылдан бері Құмкөл кен орнынан сапасы жоғары мұнай өндіріледі. Уран кенінің (Қарамұрын) өндірістік қуаты жылына 700 тоннаға жеткізілді. Емдік қасиеті бар балшық, шипалы минерал судың көздері пайдаланылады. «Жаңа қорған» курорты жұмыс істейді.

Республикадағы бірегей целлюлоза қағаз комбинаты, күріш машиналарын шығаратын «Қызылордакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары комбинаты, басқа да зауыттар мен фабрикалар, Аралтұз комбинаты облыс экономикасын дамытуда елеулі орын алады. Қызылорданың өзінде де астық, ет, сүт өнімдері комбинаттары бар.

Астана болған кезде Қызылорда көркейіп, құлпыра түсті. Кітапханалар мен мектептер ашылды. 1920-1929 жылдарда Қазақ драма театры құрылды. «Еңбекші қазақ», «Алаш», «Жас Алаш» газеттері басылып тұрды. Бірақ Орталықтың республикаға саяси қысымы күшейді. Жаппай қуғын-сүргін басталды. Алашорда азаматтарын қызметтерінен қуып, жер аударып, абақтыға қамап, ату жазасына бұйырып жатты. Халықты естен кетпес трагедия, сұмдық террор мен аштықтың азабы күтіп тұрған еді. Тарихтың қазақ мемлекеттігінің алғашқы дәуірінен жазыла бастаған Қызылорданың астаналық тарихы осылай аяқтады. Араға көп жыл салып, бұл қала мемлекеттік жалауды қайта желбіретті.

256-тапсырма. Алматының тарихы туралы деректермен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]