Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.яз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Етіс категориясы

Етіс деп қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің категориясы аталады. Етіс бес түрге бөлінеді: 1) негізгі етіс (основной залог), 2) ортақ етіс (совместный залог), 3) өзгелік етіс (понудительный залог), 4) ырықсыз етіс (страдательный залог), 5) өздік етіс (возвратный залог).

Негізгі етіс – етістің түрлеріне құбылмай тұрғандағы түбір қалпы жатады. Мысалы: жат, оқы, ойла, әзірле, жақ т.б.

Өздік етіс – негізгі етістен -ын, -ін, -н жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың субъектінің өзіне жасалатынын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады: жу+ын, ки+ін, тара+н.

Өзгелік етіс – негізгі етістен -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ыр, -ір, -т, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, қимылдың бөгде адам арқылы жасалуын білдіреді: айт+тыр, сөйле+т, жаз+ғыз.

287-тапсырма. Етіс категориясының үш түріне сөйлемде құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

1. Негізгі 1........................................

2. Өздік 2........................................

Е тіс категориясы:

3. Өзгелік 3........................................

288-тапсырма. Етіс категориясының (өздік, өзгелік) түрлерін ажыратып, оларды екі бағанаға бөліп жазыңыздар.

Димекең осы сапарында халықтық ерекше сый-құрметіне бөленіп, елден ерекше көңілді арқаланып аттанды. Тосын табысты Мәскеудің баспасөзі жарыса жазып, радиосы бірнеше рет қайталап, жетістікті жаһанға жеткізді. 1978 жылы ол кезде Күрті ауданына қарайтын Желтораңғы ауылында облысты шулатқан оқиға болды. Оны іздеушілердің жорығы ауылды әбден дүрліктірді. Оған Балқаштағы сауда орталығының салынуы, Алматыда «Балқаш» демалыс үйінің ұйымдастырылуы дәлел бола алады. Д. Қонаев осы сапарында өзінің «Өтті дәурен осылай» атты кітабымен таныстырды. 1986 жылы орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты.

289-тапсырма. Төмендегі етістерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Ү л г і: Аударғызды: аудар – етістіктің түбірі; -ғыз – өзгелік етістің жұрнағы; -ды –етістіктің жедел өткен шағының жұрнағы.

Сезінеді, істетеді, бергізеді, айтқызады, қырын, таран, боян, сақтандыр, шошын, теңестір.

290-тапсырма. Көп нүктелердің орнына өздік, өзгелік етістердің жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

Жауынгерлер жетіл...ілген жаңа қару-жарақтармен қаруланған. Д. Қонаев 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен ал...ды. XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайла...ды. Батыс және Солтүстік Батыс бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп күштерін қалпына кел...ді. Көмір қазу 220 млн. тоннаға жет...ілді. Сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары сал...ып, мекемелер жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.

291-тапсырма. Өлең жолдарынан етіс категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Қыздырып күннің қарауы, Халыққа сөйте-сөйте нандырды өзін,

Надандық теңізі тартылар. Алғыза бастады ептеп айтқан сөзін.

* * * * *

Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді, Абылай салды жарлықты

«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге... Қалдан ханды қашырып,

...Көк майса көзі ілініп тұрған сондай, Шөп салған жерін бұздырып

Асыл шөп, жасыл шөптің иісі аңқып. Ұрысты қатты қыздырып.

* * * * *

Әділ болып байқадым, не өндірдім? Он жыл қызмет қылып бір кедей таппас,

Бұл басым залым болып бір байқасын! Қондырған бір жүзікке асыл тасын.

292-тапсырма. Берілген өздік, өзгелік етістердің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Ташкентте шыққан «Ақ жол» газетінде А. Байтұрсынұлы туралы «Лайықты қошемет» атты мақала ..................... . Қазақтың әдеби тілінің негізін салушы, «А» әліпбиінен бастап ......................, надандықпен күресуші, сауатсыздықты жоюшы ұстазымыз – А. Байтұрсынов. Оқу ісіне, жазу емлесіне жаңалық ....................... дана. Патша үкіметінің зұлым саясатына қарсылық пікірін ..................... қаһарман. А. Байтұрсыновты қазақ халқының рухани көсемі деген танымдарын газет бетінде паш ете отырып, оны қараңғылық көгіндегі темірқазыққа ........................ . Зерттеу еңбектері том-томдап жарық көріп, Ахметтану саласына өз ойларын ......................, өзіндік үлестерін қосып жатыр.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті етістер: Жарияланды, оқытып, кіргізген, таратқан, теңестірді, жеткізіп.

293-тапсырма. Тіліміздегі кейбір сөздердің нақты мағынасын меңгерейік! Берілген сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Етістердің астын сызыңыздар.

Әдебиет – жалпы жазба және көркем шығармалар жиыны. «Әдебиет» сөзі бізге араб, парсы тілдерінен енген. Оның араб тіліндегі тұлғасы «адабуын» болса, алғашқы мағыналарының бірі – «тәрбие беру». Ал парсы тілінде «әдиб» сөзі қазақ тіліндегі «жазушы» кейде «ұстаз», «тәрбиелеуші» деген ұғымдарда қолданылады. Осы сөздер негізінде тіліміздегі «әдебиет» сөзі қалыптасқан.

Тарих – мұның алғашқы мағынасы басқашалау болған. Араб тіліндегі «арқ» немесе «алрраһ» сөзі «ай, күннің есебін (датасын) қою, жазу» мағынасында қолданылады. Осы түбір сөздің алдына араб тіліне тән сөз тудырушы қосымшаның бір түрі «та» қосылып, «таарқ» немесе «таағрақ» делініп, бастапқы мағынасына біршама өзгеріс енген. Сөйтіп, ол қазақ тіліне осы күйінде ауысқан.

Баяндама – жиналыста жасалатын хабарлама. Баяндама сөзінің арғы тегі – араб тілінен шыққан. Түркі тілдеріне ерте кезде ауысып, қалыптасқан. Оның араб тіліндегі «байан» тұлғасы –«мазмұнын түсініп беру» мағынасында қолданылады.

9-апта. 26-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Ортақ, ырықсыз етіс категориялары.

294-тапсырма. Жер ғылымының жаңа саласының негізін қалаушы ғұлама ғалым – А.Ж. Машановтың ғылым жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика

ғылымының негізін салушы – Ақжан Машанов

(1906-1997)

Азабын алыс жолдың жүрген білер,

Мен емес, оны айтып міндетсінер.

Ар үшін, елім үшін еткен еңбек,

Жас ұрпақ – келешегім, солар білер.

(Ақжан Машанов)

Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани – ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор. Университетті қызыл дипломмен бітірген тұңғыш түлегі, ҚР ҰҒА-ның құрылтайшысы, жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика ғылымының негізін салушы инженер, өзі ұстаздық еткен «Маркшейдерлік іс» кафедрасына 30 жылдай жетекшілік еткен. Қазақ фонтастикасы мен «Білім және еңбек» журналының негізін қалаған. Ұлы баба әл-Фарабиді алғаш танытып, ұрпағымен қауыштырушы және оның мұрасын жан-жақты бірегей зерттеуші. Фараби (1970) бабаның көркем образын тұңғыш жасаған қаламгер.

Ұлттық техника зиялылары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ шаңырағын 1934 жылы Кен-металлургия институты болып көтергенде, оның алғашқы шәкірттерінің бірі, ҚР ҰҒА-ның тұңғыш корреспондент-мүшесі, ғұлама ғалым, профессор А.Ж. әл-Машани болған.

А.Ж. әл-Машани геология, маркшейдерлік іс салаларымен сабақтас жаңа ғылым саласы – жер механикасының (геомеханика) іргетасын профессор П.К. Соболевский және оның шәкірті А.П. Рыжковпен бірге қаласып, негізін салушының бірі.

Ғалымның осыдан 30-40 жыл бұрын-ақ қазақ тілінде оқулық жазуын; ең бастысы мың жылдан астам уақыт өз ұлты үшін тарих топырағында жабулы қалған ұлы бабасы – әл-Фарабиді ұрпағымен қауыштыруын; ал соңғы жылдары жасының тоқсанға иек артып қалғандығына қарамастан шығармашылық ширақтығын танытып, қазақтың екі алып данасы - әл-Фараби мен Абай арасындағы рухани байланыстың зерделенуін; Қазақстан ғылымын жаңа сатыға көтеретін, әрі ұлт намысын көтеріп, ел мүддесін қастерлейтін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді идеологиясына бастау болардай жазылған шығармаларын атар едік.

1936-1939 жылдардан бастап-ақ шыға бастаған: «Жер сілкіну», «Таулар қалай құрылған», «Жанартау» және «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?» деген тәрізді жеке-жеке кітапшаларын айтуға болады. Бүгінгі таңда республика жоғары оқу орындары Кен факультеттерінде «Жер механикасы» жеке пән ретінде оқытылады.

А.Ж. әл-Машани отыз жылдан астам уақытын «Маркшейдерлік іс» кафедрасының меңгерушілік қызметінде – кен-инженер-маркшейдер мамандарын даярлаумен үздіксіз айналысып, білікті кәсіби маман – инженерлер даярлауға сүбелі еңбек қосқан болатын.

1960 жылдардың басында ғалым Кен атауларының тұңғыш терминдік сөздігін шығаруға белсене араласады. А. әл-Машани ауыл мектебін қазақ тілінде тәмәмдап келген жастарға геология саласынан білім беру мақсатымен И.В. Мушкетовтың «Жалпы геологияның қысқаша курсын», В.А. Обручевтің «Геология негізін», И. Потемкиннің «Геология және минералогия» оқулықтарын қазақ тіліне аударды.

Ағжан ағамыздың туған халқына жасаған еңбектерінің бірі – жарты ғасырдан астам ғұмырын әл-Фараби мұрасын зерттеуге бағыштап, ұлы бабаның көркем бейнесін «Әл-Фараби» (1970) романында сомдағанында.

Ұлағатты ұстаз А.Ж. әл-Машанидың 100 жылдық мерейтойының 2006-2007 жылдары дүние жүзі бойынша ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілуі ғалымның қауым үшін, ұлт құндылықтарын дамытудағы еңбегінің бағасы деп қарастырған жөн. Осы ретте ғұламаның әлі оқушысын таппаған 150 баспа табақ зерттеулері тәуелсіз еліміздің жастарын тәрбиелеудегі әлі игерілмеген қазынасы екендігін айта кету міндет. Бұл Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ үшін зор мақтаныш.

Сөздік:

бірегей – уникальный

зерде – интеллект; ум; сознание; память

зерделі – благоразумный; внимательный

пәрменді – ударный; мощный; сильный; с размахом; ударно

295-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптарыңызды бос жолдарды толтыру арқылы беріңіздер.

1. А. Ж. Машанов кім? .....................................................................................

2. Ол ненің негізін қалаған? .............................................................................

3. әл-Машани қай кафедрада ұстаздық еткен? ...............................................

4. Қай журналдың негізін қалаған? .................................................................

5. А. Машанов кімді халқымен қауыштырған? .............................................

6. Оның не туралы жазған шығармаларын ерекше атауға болады? ............

7. Қандай тақырыптарға жазған кітапшаларын білесіздер? .........................

8. Ол қандай мамандарды даярлаумен айналысты? ......................................

9. А. Машанов қай салада тұңғыш терминдік сөздік шығарды? ..................

10. Ол кімнің, қандай оқулықтарын қазақ тіліне аударды? ..........................

11. әл-Машани жарты ғасырдан астам ғұмырын кімнің

мұрасын зерттеуге арнады? .......................................................................

296-тапсырма. А. Машановтың әл-Фараби зиратының басында тұрып шығарған өлеңін жаттаңыздар.

Түркістан, Шам арасын жақындатқан бабамыз, Зират айлап басыңды,

Басыңа келді ұрпағың, ақылды, дария данамыз. Елден іздеп келген ем.

Араб, парсы, түрікте Сізді білмес жан бар ма ? Тәбәрік етіп бір уыс,

Басқаларды таниды тарихқа көзін салғанда. Топырақ алдым мен сенен.

Мағауия мешіті, Торқалы менен тоғысқан,

Сан ғасыр бастан кешірген. Тоқсан тарау жол екен.

Қасыңда әлі тұр екен, Сізге де мекен болыпты,

Дар ас – Салам ол мекен. Ел басын қосқан сол мекен.

(А. Ж. Машанов

23. 09. 1968 ж., Дамаск)

297-тапсырма. Мәтіннен ортақ және ырықсыз етістерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ү л г і: Ұлы баба әл-Фарабиді алғаш таны+т+ып («таны» – сөздің түбірі, «т» өзгелік етістің жұрнағы; «ып» көсемше жасап тұрған жұрнақ), ұрпағымен қауыш+тыр+у+шы тыр» –өзгелік етістің жұрнағы) және оның мұрасын жан-жақты зерттеуші.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]