Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.яз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры 1934 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Иван Коцыко өңдеген халық өлеңдері мен күйлері орындалды. Спектакль көпшіліктің көңілінен шығып, әсері зор болды. Жаңа театрдың ашылуы бүкіл елге таралды.

Бұл қазақ халқының музыка тарихында үлкен орын алатын орасан зор оқиға болып, онда рөлдерде ойнаған актерлердің барлығының да есімі мәңгілік тарихта өшпестей болып, қазақ музыка мәдениетінің біртуар өнер иелері болып қалды. Соның ішінде К.Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Қ. Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қ.Байсейітов, биші Ш.Жиенқұлова, әнші М.Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушылар – М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Майлин, композитор Евгений Брусиловский, т.б. өнер майталмандары еді.

Е.Брусиловский Қазақстанның ұлттық опера өнеріне көп үлесін қосқан театрдың ең алғашқы композиторларының бірі болды. Оның музыкасына жазылған «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936) спектакльдері көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылар болып табылады.

1938 жылы ұлы композитор П.Чайковскийдің «Лебединое озеро» балеті алғаш рет сахналандырылды. Осы жылы алғаш рет В.Великановтың «Қалқаман және Мамыр» атты қазақ балеті қойылды.

Опера театрының алғашқы табысы 1936 жылғы Москва қаласындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің күндері болып табылады. Қазақтың бұлбұл қызы атанған К.Байсейітованың сомдаған Жібек рөлімен «Қыз Жібек» спектаклі үлкен қошеметке бөленді. Барлық баспасөз беттері жаңа театр мен оның әртістері және олардың үлкен табыстары жөнінде мақалалар жариялады. Қазақ өнерінде алғаш рет К.Байсейітоваға Кеңестер Одағының халық әртісі атағы берілді.

Театрды жаңа кәсіби мамандармен толықтыру мақсатында Ресейдің, т.б. елдердің ұлттық музыка білім ордаларын бітірген өнерпаздарын театрға шақыртып, театр әртістерінің қатарын толықтырып отырды. Олар – Б.Досымжанов, Ә.Үмбетбаев, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Ш.Бейсекова, К.Кенжетаев, М.Төлебаев, т.б.

1941 жылы театрға Академиялық театр атағы берілді. Әрине, опера театры – ең алдымен, бүкіл өмірлерін ең әсем өнердің бірі – театрға арнаған әдебиет қайраткерлерінің, композиторлар, жазушылар, суретшілер, жақсы вокалдық қабілеттері бар актерлердің ең сүйікті жұмысы. Бұл адамдар ұлттық мәдениеттің тарихына енген. Олардың іс-әрекеттері 70 жыл бойы дамып, жалғасып келеді.

Ұлы Отан соғысының алдында театрдың репертуарында 31 опералық (олардың ішінде 9 қазақ) және 6 балеттік (2 қазақ) спектакльдер болды.

1944 жыл М.Әуезовтың либреттосы А.Жұбановтың және Л.Хамидидың «Абай» қазақ операсының жарық көруімен есте қалды. Әрине, бұл театрдың репертуарындағы әлі күнге дейін ең негізгі үлкен шығармашылық табыс болып табылады. Ұлы қазақ ағартушысы, философ, гуманист, ақын Абайдың 100 жылдығына орай опера және балет театрына Абай аты берілді.

50-ші жылдар арнайы жоғары білім алған Е.Серкебаев, Р.Джаманова, Эра Епонешникова, З.Райбаев, С.Көшербаева сияқты кәсіптік музыканттардың келуімен есте қалды. Олар өз шеберліктерін жетілдіре отырып, халық сүйіп таныған опера және балет театрының «жұлдыздары» болды.

Қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры Қазақстанның музыка өнерінің флагманы болып табылады. Қазіргі таңда бұл Еуразия кеңістігіндегі ең ірі театр. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл әлемге танымал түрлі халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек етеді. Қазақ опера және балет театры сахнасының шеберлерін Франция, Германия, Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ сияқты елдерде қошеметтейді.

Сөздік:

біртума – неповторимый; оригинальный; шедевр

туынды – произведение; вторичный; производный; генетический

шеберлік – мастерство; умение; ловкость

шығармашылық – творчество; творческий

333-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Қай қазақ операсы қазақ музыкасының алтын қорына енді?

  • Театрдың көркемдік жетекшісі репертуарға ерекше көңіл бөлді. Орыс,

еуропа, қазақ опералары қойылды. Олардың ішінен «Біржан және Сара»

операсы қазақ музыкасының алтын қорына енді.

334-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі жіктеу есімдіктерінің астын сызып, олардың қай жақта тұрғанын түсіндіріңіздер.

Мысалы: Олар (ІІІ жақ, көпше) біздің елде ғана емес, сондай-ақ көптеген елдерде танымал болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]