Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.яз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ.И.Сәтбаев КСР ҒА-ның президенті болып сайланғаннан бастап (1946), сол кездегі Кен металлургия институтын өз қамқорлығына ала бастаған.

Ұлы ғалым өз халқына инженер кадрларының ауадай қажет екенін алдын-ала біліп, жергілікті ұлт жастарын аспирантураға қалдырып, оларға жағдай жасауға баса көңіл бөлді.

Қазақ кен металлургия институтының Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылуына, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюына, жаңа мамандықтардың ашылуына Қ.И.Сәтбаев үлкен көмек көрсетті. Осы жылдары Сәтбаевтың шәкірттері, әрі ізбасарлары академик-ғалымдар Ө.Байқоңыров, Евней Букетов, Ш.Есенов, А.Машанов сияқты тұлғалар қалыптасты.

Қ.И.Сәтбаев қазақ жастарының тек қана теориялық білім алып қоймай, оны өндірістегі іс-тәжірибемен дамытып, жақсы маман болып шығуына да ерекше ден қойды. Өндірістік тәжірибеде болған студенттер техникалық мамандықтардың қыр-сырын терең біліп, меңгерумен қатар, қаржы да тауып қайтатын.

Қ.И.Сәтбаев болашақ инженер-студенттердің жан-жақтылығына, рухани байлығына, парасаттылығына қарап, ұлттың болашағын елестететін.

Міне, бүгінгі таңда Сәтбаев шарапатына бөленген ҚазҰТУ – техникалық білімнің қара шаңырағы, қасиетті білім ордасы атанса, Сәтбаевтың қамқорлығын көрген шәкірттері мемлекет және қоғам қайраткерлері деңгейіне көтерілді.

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне инженерлік-техникалық мамандар даярлауға сіңірген аса зор еңбегі үшін көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

Сөздік:

мәртебе – достоинство; престиж; честь; слава; чин; статус

парасат – разум; рассудок; здравомыслие; интеллект; смышленность

362-тапсырма. Бірінші мәтін бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Ү л г і:

– ҚазҰТУ бүгінде қандай дәрежеге дейін өсті?

  • Алғашында тау-кен металлургиясы мен тау-кен барлау факультеттерінің базасында ұйымдастырылған ҚазҰТУ бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.

363-тапсырма. Екінші мәтінге жоспар құрып, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

364-тапсырма. Мәтіндерден есімдіктерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

365-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін тауып, олардың астын сызыңыздар.

Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ, барлығының бар аты, туған жылы. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, барлық қазақ елінің саяси, мемлекеттік қайраткері дәрежесіне көтерілген адам. Ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді.

Өздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері

Өздік есімдіктері

(Возвратные местоимения)

Өздік есімдігіне өз деген есімдік, оның тәуелденген түрлері жатады: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өздерің, өздеріңіз, өздері.

Болымсыздық есімдіктері

(Отрицательные местоимения)

Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдік деп аталады. Болымсыздық есімдіктерге еш деген тілдік нұсқа арқылы сұрау есімдіктерінен және басқа да сөздерден жасалған есімдіктер жатады: ешкім, ештеме, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқайсысы, ешбір, дәнеңе, дәнеме.

Жалпылау есімдіктері (Обобщающие местоимения)

Жалпылау есімдіктері жалпылау мағынасын білдіреді. Жалпылау есімдіктеріне: бәрі, бар, барлық, күллі, бүкіл, барша, түгел деген сөздер жатады.

366-тапсырма. Өзі, бәрі, ешкім есімдіктерін септеңіздер.

Ү л г і: Ешнәрсе: ешнәрсе+нің, ешнәрсе+ге, ешнәрсе+ні, ешнәрсе+де, ешнәрсе+ден, ешнәрсе+мен.

367-тапсырма. Төмендегі есімдіктерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар

Өзінің, өзі, өздеріңіз, барлық, түгелімен, ештеңе, ешқандай, ешқайсысы, өзімнің, өздерімен.

368-тапсырма. Өздік есімдігін тауып, оларды сөз құрамына талдаңыздар.

Ү л г і: Өзіміздің: «Өз» – сөздің түбірі; «іміз» – ортақ тәуелденудің І жағының жалғауы (Біздің өзіміз); «дің» – ілік септігінің жалғауы.

Өзім – тәңірі табынамын өзіме, Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,

Сөзім – құран, бағынамын сөзіме! Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!

(М.Жұмабаев)

369-тапсырма. Тәуелдену формасында тұрған өздік есімдіктерімен сөз тіркестерін жасап, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Ү л г і: Өзіңнің үйің. Өзің жазған кітапты оқыдым.

1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

3. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

5. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

6. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

7. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

8. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

370-тапсырма. Ұлағатты сөздерден есімдіктерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ешқашан жаңылмайтын адамдар бар, өйткені олардың ешнәрсе істеуге мойны жар бермейді.

(И.Гете)

* * * * *

Өзіне-өзі ғашық болушылық, бұл – адамның үлкен соры. Бұл ең алдымен

өзімшілдікті, өзімшілдік – күншілдікті туғызады.

Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды.

(М.Әуезов)

* * * * *

Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді.

Адам еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш.

(А.М.Герцен)

* * * * *

Егер ақылыңыз дұрыс жұмыс істесін десеңіз, өз деміңізді бақылап

отырыңыз.

(Рене Декарт)

* * * * *

Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы

досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.

(М.А.Шолохов)

371-тапсырма. Ешқашан болымсыздық есімдігі төмендегі сөз тіркестерінің қайсысымен мағыналық сөз тіркестерін жасай алады? Сөз тіркестерін көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Ү л г і: Ешқашан келіспейді.

уақытын бөледі 1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

мұңын айтпас 2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

өзімен келіспейді 3. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

сөйлей алды 4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

ән айтты 5. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

оны жеңбейді 6. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

білмей кетті 7. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

372-тапсырма. Төмендегі өлең жолдарын мағынасына қарай іріктеп, тиісті сөз тіркестерімен сәйкестендіріп, көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

бәрін біл 1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

арың бұл 2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

. құрметте 3. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

тұр бетте 4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

373-тапсырма. Көп нүктелердің орнына жалпылау есімдіктерін қосып жазыңыздар.

Біздің заман шыққан күндей жайнайды, ............... әлемге алтын нұрын түсіріп (Ж.С.). Беріліп ............... ынтамен, ............... халық сеніп тұр (Ж.С.). Осы жазған ............... сөзден, Байқалынар ............... шыны (А.). Абай ................ сөзді түгел айтып болсын дегендей, үндеген жоқ (М.Ә.). .................. осы ................. қауымның қайғысын Абайға өзгеше терең түсіндірді (М.Ә.). Жылы менен суықтың ............... көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай). Керімбаланың ашықтығын, еркелігін ............... жастар ұнатқан еді. (М.Әуезов).

Сөйлемдерді толықтыруға керекті есімдіктер: Бар, барлық, күллі, барша, түгел, баршасы, бәрін.

374-тапсырма. Сөйлемдерден болымсыздық есімдіктерін тіркескен сөдерімен бірге теріп жазыңыздар.

Маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде ешкім ешқайда алаңдамауы керек. Дүниеде ешқандай міні жоқ ешкімді таппайсың. Жер астында атқарылатын жұмыстың маңынан ешкімді көре алмадық. Кен қорының пайдалы бөлігін айырып алуға ешбір қаржы бөлінбеген. Каретканың жүріс құрылысының үстіне ештеңе орнатылмапты.

375-тапсырма. Қарамен терілген есімдіктердің түрлерін анықтап, оларды әр бағанаға бөліп жазыңыздар.

... Май тамызса тілінен, Ағаң менен апаң сөзі,

Еш адамға сенбеске. Барлық сөзге тұра ала ма?

* * * * *

Ескермей ешбір нәрсе жүруші едім,

Бар ма екен қасірет-қапа шығар күні.

* * * * *

Жиылған ағайынға отырғаның,

Біреудің бақ-даулетін қызық көріп.

* * * * *

Жел соқса, құйын құйса, жылжи беру, Мынау қырда қазақ тұр

Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ. Бастарында азап тұр.

* * * * *

Бәрі баймен бағалас, сөзі бір боп,

Би, болыс, бара алмаймыз ауылнайға.

* * * * *

Кейбіреулер жазады «қу өмір» деп,

Тұрағы жоқ, алдамшы, «су өмір» деп.

376-тапсырма. Мақал-мәтелдерден өздік есімдіктерін табыңыздар. Олардың мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

1. Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.

2. Өз үйім – өлең төсегім.

3. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.

4. Өз басыңды дауға берсең де,

Жолдасыңды жауға берме.

5. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

377-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін табыңыздар.

1. Мәжіліске қатысқандардың барлығы да жоғары білікті мамандар болды. 2. Студенттер түгел келсе, мына жұмысты тез бітірер едік. 3. Бар ойы – өлең айтып, ән салайық. 4. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би. (Мақал). 5. Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос ... (Абай). 6. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайды. (әл-Фараби). 7. Біз барлық күш-жігерімізді тек қана білім алуға жұмсауымыз керек. 8. Жиналған барша жұрт алдында өзінің жасаған кемшілігін мойындап, бәрінен кешірім сұрады.

11-апта. 32-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Тұйық етістіктер. Салт және сабақты етістіктер.

378-тапсырма. ҚазҰТУ-дың даму тарихынан мәліметтер алып, түсініп, мазмұндаңыздар. Тарихи деректерді есте сақтаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]