Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

18. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары

Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы қарызы күрт өстi. Егер 2005 жылы сыртқы қарыздың көлемi 43 миллиард доллар болса, 2009 жылдың қазанында ол 111 миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде мемлекет кепiлдiк бермеген жеке сектордың қарызы – 108,5 миллиард доллар. Ал мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш – 2,7 миллиард доллар. Қазiр сыртқы қарыз жалпы iшкi өнiмнiң 100,8 пайызынан асты. Cыртқы қарызды айқындайтын бiрден-бiр көрсеткiш – оның тауар және факторлық емес қызмет экспортына қатысы. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткiш 225,5 пайызға жеткен. Ұлттық банк деректерiне сүйенсек, сыртқы мiндеттеменiң, әсiресе, 2007-09 жылдары едәуiр өскенiн байқаймыз. 2007 жылы елiмiздiң жалпы сыртқы қарызы 23 миллиард долларға, ал 2008 жылы 11 миллиард долларға өскен. Шетелден көп қарыз алғанымызбен, қайтарғанымыз аз. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығында сыртқы қарыз небәрi 1,5 миллиард долларға қысқарған.

Алдыңғы жылдардағы алынған сыртқы қарыздың басым бөлiгi екiншi деңгейлi банктерге тиесiлi болса, қазiргi кезде банктердiң қарызы 30 пайызға қысқарып, өзге секторлардiкi едәуiр өскен. Бүгiнде елiмiздiң таза сыртқы қарызы 67 миллиард доллар болса, оның 32 миллиарды банк секторына тиесiлi.

2009 жылдың аяғына сырттан тартылған инвестиция көлемi 25 миллиард долларға жеткен. Ұлттық банктiң 30 шiлде бойынша берген мәлiметiне сүйенсек, Қытайдан 7,3 миллиард доллар қарыз алыппыз. Оның 3,4 миллиарды қытай банктерiнен алынған несие. Ұлттық банктiң негiзгi кредитор елдер бойынша есебiне сүйенсек, Қазақстан ең көп қарыз алған ел – Нидерланды. Бұл елден 39,6 миллиард доллар көлемiнде инвестиция тартылған. АҚШ пен Ұлыбританиядан алған қарызымыз да аз емес. АҚШ-тан 7,8 миллиард доллар, ал Ұлыбританиядан 7,5 миллиард доллар көлемiнде қаржы тартылған. Алайда, Қытайдың алдыңғы орынға шығатыны анық. Аспанасты елiнен алынған қарыздың сұрауы тым қымбатқа түстi. «Маңғыстаумұнайгаздың» 50 пайыз акциясын қытайлықтарға ұстаттық.

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, елiмiздiң сыртқы қарызы қомақты. Мұның артында үлкен қауiп-қатердiң тұрғаны билiктiң ойына кiрiп-шықпайтын сияқты. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев сыртқы қарыз экономиканың өсуiне оң әсерiн тигiзедi деп есептейдi. «Сыртқы қарыз отандық экономика өндiргеннен анағұрлым көп көлемде тұтынуға, инвестициялауға мүмкiндiк бередi. Оны тиiмдi жұмсау экономикалық прогрестi жеделдетедi», – дейдi ол. Рас, шетелден Шетелден ең көп сыртқы қарыз алған салаларға келсек, қаржы қызметi, геологиялық барлау және iздестiру жүргiзу бойынша қызмет, құрылыс саласын бөлiп айтуға болар.

Сыртқы қарыздың терiс тұстары көп. Ең алдымен кредиторлар алдындағы экономикалық, саяси тәуелдiлiк. Сонд.көптеген экономистер сыртқы қарыздан гөрi iшкi қарыздың берерi көп деп есептейдi. Өйткенi, сыртқы борышты өтеуге жұмсалатын пайыз өзге елдiң экономикасына бағытталады. Бұдан өз елiмiздiң резиденттерiне келiп-кетер пайда жоқ.

Болат Жамишевтің жыл басындағы хабарлауы бойынша ҚР мемлекеттік қарызы 2 трлн.93млрд теңгені құрады, оның ішінде үкімет қарызы 1трлн 618 млрд теңге, ішкі қарыз 1 трлн 289млрд теңге, ал сыртқы қарыз 329 млрд теңгені құрады. Үкімет қарызы бақылау деңгейінде тұр деп мәлімдеді.

2009 жылғы мемлекеттiң iшкi қарызының жартысына жуығы (46,5 пайызы) Ұлттық банкке тиесiлi екен. Үкiметтiң iшкi қарызы былтырғыға қарағанда жарты миллиард долларға өсiп, жыл басында 2,9 миллиард долларға жеттi. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарызы 6,5 миллиард доллар. Ұлттық банктiң iшкi қарызы 4,2 миллиардқа жеткен, бiр жыл iшiнде 3 миллиард АҚШ долларына өскен.

Жалпы сыртқы қарыздың өсуiне банктердiң халықаралық қаржы институттарынан аз пайызбен көп көлемде қарыз алуы себеп болып отыр.