Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

1.Ипотекалық кредит беру

Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа жүйесін дамыту үшін көптеген жағдайларда тұрақты алғышарттар бар деп айтуға болады. Әрине, ең алдымен, бұл тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санының ұлғаюы, бұған бір жақтан ескі тұрғын үйлердің тозуы да септігін тигізуде. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының дамуы еңбекке қабілетті халықтың тұрақты табыс алу мүмкіншіллктері зор өңірлерге, мысалы мұнай өндірілетін аумақтарға қоныс аударуына ықпал етті. Ал, бұл жағдай тұрғын үйге деген қосымша сұраныстың өсуіне әкеп соқты.

Соңғы жылдары орын алып отырған оңтайлы жағдайдың біріне халықтың жинақ қаражаты деңгейінің өсуін жатқызуға болады. Алайда, ол жинақтар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың көбіне тұрғын үйдің құнын біржола толығымен төлеуге мүмкіндік бермейді. Осыған орай, ипотекалық несиелерге деген сұраныс та туындауда.

Ипотекалық кредит беру - тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиiмдi тәсілдерiнiң бiрi. Дәл осы ипотека халықтың - тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердiң - тиiмдi және пайдалы жұмыс iстеу, құрылыс кешенiнiң - өндiрiстi ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық кредит берудi кең қолдануға жәрдемдесетiн экономикалық өсуге ынталы мемлекеттiң мүдделерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.

Азаматтарға ипотекалық кредиттер берудi екiншi деңгейдегі банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық кредиттер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20%, бастапқы жарна мөлшерi 40-50%-ке жуықты құрады, кредит 5-10 жылдан аспайтын мерзiмге берiлдi.

Елдегі ипотекалық кредит берудiң дамуымен ипотекалық кредит берудiң негізгi өлшемдерi азаю жағына қарай өзгерiстерге ұшырады. Мәселен, 2003 жылдан бастап екiншi деңгейдегi банктердегi сыйақы ставкалары жылына шамамен 12-15%-тi құрайды, бастапқы жарна мөлшерi жылына 15-20%-ке дейiн төмендедi, кредит беру мерзiмi орта есеппен 10-15 жылды құрады.

Алайда, ипотекалық кредит беру жүйесiнiң осындай дамуы кезiнiң өзiнде қызметтер көрсетудiң бұл түрi Қазақстан Республикасы азаматтарының аз санатына ғана қолжетiмдi болды. Негiзгi себептердiң бiрi халықта сыйақы төлеу мен бастапқы жарна үшін жеткiлiктi қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты "Қазақстандық ипотекалық компания" ЖАҚ (бұдан әрi - ҚИК) құрылды. Қазiргi кезде ҚИК-тiң жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгенi құрайды. Екiншi деңгейдегi банктердiң ипотекалық кредиттер беру көлемiн ұлғайту үшін ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екiншi деңгейдегі банктердi қайта қаржыландыру ҚИК қызметiнiң мақсаты болып табылады.

ҚИК инфляцияның, инвесторлар маржаларының, ҚИК маржа ларының, сақтандыру резервтерi мен эмиссияға жұмсалатын шығыс тардың деңгейiне байланысты болатын котталған ставка бойынша талап ету құқығын сатып алады. әызметтің барлық кезеңiнде ҚИК-тiң котталған ставкасы азаю жағына қарай өзгерiске ұшырады. Мәселен, 2002 ж котталған ставка 14%-тi құраса, қазiргi кезде ол 9,6%-тi құрайы.

ҚИК-тің қатысуымен ипотекалық кредит беру жүйесiнде 8 банк және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс iстейдi. ҚИК-тiң бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттер беру жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыратын "Каспий", "Астана-Қаржы" банкi, "ЦентрКредит" банкi, "АСҚ", "БТА-Ипотека" банкi, Нұрбанк, Қазақстанның Наурыз Банкi, ТехакаБанк, Альянс Банкi, Цеснабанк сияқты екiншi деңгейдегi банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК-тiң серiктестерi болып табылады. Бұдан басқа, екiншi деңгейдегi банктердiң бiрқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық кредит берудi дербес жүзеге асырады.

Алматы, 26 сәуір 2010 ж. – Бүгін мемлекеттің үлесі бар үш қазақстандық банк – «БТА Банкі» АҚ, «Альянс Банкі» АҚ, «Темірбанк» АҚ және «БТА Ипотека» Ипотекалық ұйымы» АҚ – ипотекалық несиелеу нарығында жұмыс жүргізудің бірыңғай стандарттарын қабылдауға келіскені туралы хабарлады. Осы стандарттарды жасау қажеттілігі Қазақстанның ипотекалық несиелеу нарығындағы бірқатар объективті мәселелерімен айқындалды. Олардың бастылары – несие алушылардың төлеу қабілеттілігінің төмендігі және қазақстандық банктердің несиелік портфелдері сапасының ары қарайғы нашарлауы.

Бұл негативті тенденцияларды жеңу мақсатында және қазіргі проблемаларды шешу үшін бірыңғай кешенді тәсілді қолдану қажеттігін түсіне отырып, мемлекеттік үлесі бар қазақстандық банктер несие алушылардың кең тобына арналған жүйелі шешімдердің үш пакетін жасап шығарды.

Бірінші пакет әлеуметтік жағынан қорғалмаған, ипотекаға сатып алған жалғыз тұрғын үйі бар несие алушыларға арналған. Несие алушылардың бұл тобына ипотекалық заемды қайта құрылымдау механизмі ұсынылатын болады. Бұған ағымдағы ай сайынғы төлемнің 10%-ға уақытша азаюы және екі жылдық жеңілдік мерзімі кіреді.

Екінші пакетке ипотекаға сатып алынған тұрғын үйді жалға беру механизмі енгізілген. Бұл пакет, объективті себептермен, ағымдағы ай сайынғы төлемдердің 50 пайызынан астам сомасын төлей алмайтын несие алушылар тобына ұсынылады. Осы механизмді іске асыру несие алушылардан тұрғын үйді ағымдағы нарық бағасымен сатып алып, ары қарай 2 жыл бойы жалға беруді көздейді. Осылай несие алушылардың бұл тобы тиімді шарттарда өз үйінде ары қарай тұра беру мүмкіндігін алады, ал ай сайынғы жалдау төлемі қазіргі несие өтемдерінің 50%-нан аспайды. 2 жыл өткеннен кейін несие алушы үйді қайта сатып алу құқығына ие болады. Ал тұрғын үй бағасы клиенттің банк алдындағы қалған берешегіне теңеледі.

Үшінші пакет үстемақы мөлшерл азайту мүмкіндігі мен несие леу мерзімі 3 ж ұзартуды қарастырады. Әрбір жағдай б шешім жеке қаб.

Бұл шаралар ипотекалық несиелер бойынша бар берешекті шығынға жазуды білдірмейді, бұл ипотека нарығындағы жағдайды оңалтуға және қазақстандық несие алушыларының қарыз ауыртпалығын жеңілдетуге бағытталады.

Қазақстандық ипотекалық несиелеу нарығындағы проблемалар әлемдік қаржы дағдарысының қазақстандық экономикаға ықпалы ретінде 2007 ж күзінде басталды. Ипотекалық несиелеу көлемінің, бір жағынан, өтімділік дефицитімен, ал екіншіден қазақстандық банктердің несие саясатын қатаңдатуы, сондай-ақ халықтың кіріс деңгейінің төмендеу себептерінен қысқарды. Салдарында Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында коллапсқа әкелді.

Ипотекалық нарықтағы дағдарыс белгілеріне нақты қарсылық ретінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы болды. Ол 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және бірқатар қазақстандық банктер арқылы жүзеге асырылды. Бұл мақсаттарға мемлекет 120 млрд. теңге бөліп, бұлар еліміздің 8 коммерциялық банкі арасында бөлінді.

Осы бағдарлама аясында 15,3 мыңға жуық несие қайта қаржыланып, олардың үстемақы мөлшерлемелері 4,5 пайызға азайды (несие алушылардың стандарты тобы үшін 12%-ға дейін, және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмағандары үшін 7,5%-ға дейін). Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы несие алушылардың қарыздық жүктемесі, орташа есеппен, 17 пайызға жеңілдеді. Сонымен бірге, бағдарламаға қатысқан банктер қайтарылатын қаражат есебінен 15 жыл ішінде жаңа несие беру мүмкіндігін алды. Сондай-ақ, 2009 жылдың нәтижелері бойынша Альянс Банкі, БТА Банкі, БТА Ипотека және Темірбанк 13 мыңға жуық төлемдер бойынша мерзімді ұзартып, ал кешірілген өсімпұл сомасы 32,5 млрд. теңге құрады. 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша, аталған қаржылық институттардың ипотекалық несиелер мен жылжымайтын мүлік кепілдігіне берген несиелердің көлемі 507,7 млрд. теңге болса, бұлардың саны 141,6 мыңды құрайды.

15. ҚР-ның қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері.

Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған биылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудегі жаңа міндеттер айқындалғандығы белгілі. Елбасы Жолдауында сондай-ақ қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуін және банктердің экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуге тиіс екендігі де атап айтылған болатын.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында атап айтылғандай, банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделген. Ал мұның өзі түптеп келгенде банктердің сыртқы борыш­тың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің сыртқы қаржылан­ды­руды банктердің жиынтық міндеттемелерінің 30%-дан астам деңгейіне дейін шектеу жұ­мыстары жалғастырылатын болады. Сонымен қатар, банк секторының сыртқы міндетте­ме­лері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуіне Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерін тө­мендету немесе ең төменгі резервтік талаптар тетігі арқылы ықпал ете алады.

Қайта қаржыландыру ставкасының төмен­деуі сыртқы және ішкі нарықта қаржы ресурстарының бағасы арасындағы маржаның төмендеуіне мүмкіндік туғыза отырып, ішкі нарықтағы қаржы ресурстарына қызығушы­лықты арттырады. Сөйтіп, ең төменгі резервтік талаптар тетігі сыртқы ресурстарды сыртқы міндеттемелерге барынша үлкен резервтік активтер нормативі арқылы тартуды қайта ынталандырады.

–Президент Жол­дауына орай, қаржылық жүйенің қызметін тұ­рақ­тандыруды қамтамасыз ету бизнес – климатты жақсарту және шағын және орта бизнестің ІЖӨ үлесін 40 пайызға дейін ұлғайту міндеттері қойылған болатын. Соған орай, еліміздің эко­номикалық дамуы жетістіктеріне арналған ақша-кредит сая­сатының негізгі бағыттары қандай болмақ деп ойлау қажет.

– 2010 жылы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының басым мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болатынын атап өткен жөн. 2010 жылы инфляцияның жылдық деңгейі 6-8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Ұлттық Банктің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін да­мытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді. Ұлттық Банк Қазақстан эконо­микасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамта­масыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.

Ең бастысы - дағдарыстың дабылы көш жерден естілген кезеңде де елдің ырысы шайқалған жоқ. Құдайға шүкір, тумысында уызға жарыған халық болғандықтан, аузымыз ақтан арылмады. Әлеуметтің әлеуеті әлсіреген жоқ. Тұтастай алғанда ертең тарихқа айналатын 2009 сиыр жылында да еліміз дағдарысқа қарамастан саяси, әлеуметтік-экономикалық һәм мәдени-гуманитарлық, спорт, сондай-ақ басқа да салаларда ауыз толтырып айтатындай табыстарға жетті. Бұлай деуімізге мына цифрлар айғақ бола алады: дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қазақстан экономиканы сауықтыруға бас-аяғы 14 млрд. АҚШ долларын жұмсап үлгеріпті. Соған  қарамастан, еліміздің алтын-валюта қоры ортайған жоқ. Мәселен, ол 2008 жылдың соңында 48 млрд. АҚШ долларын құраса, бүгінде  52 млрд АҚШ долларына жетіп отыр. Яғни, жұмсалған шығындарға қарамастан, Ұлттық қордың қаржысы өсті. Бұның өзі мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігін білдірсе керек. Бұдан бөлек, биыл халықаралық ынтымақтастық аясында Оңтүстік Корея, Қытай, Италия, Франция, Түркия және Беларус компанияларымен Қазақстан аумағында құны 25 млрд. АҚШ долларынан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластық жасалды. Бұл дағдарысқа қарамастан шетелдік инвесторлардың Қазақстан нарығында жұмыс істеуге аса ықыласты болып отырғандығының айғағы. Бұдан Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жылдан-жылға жақсарып келе жатқандығын байқауға болады. 2009 жылы Қазақстан экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасайтын, елге капитал ағымының үдеуіне ықпал ететін жаңа Салық кодексімен жұмыс істей бастады. Бұдан бөлек 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін тиімді құрал бола алды.

2009 жылы банк секторы тұрақтандырылып, торыққан болжамдар теріске шықты

Банк секторының бақуаттылығы ел экономикасының негізгі тірегі.  Ашығын айтқанда, дағдарыстан Қазақстанның экономикасының басқа нақты секторларына қарағанда қаржы секторы айтарлықтай зардап шекті. Сондықтан да банк секторының басынан бағы таймасы үшін Үкімет Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жыл басында бірқатар қатаң шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. Бұл шешімдердің негізгі мақсаты - экономиканың игілігін, халықтың қамын ойлауды көздеді. Сөйтіп мемлекет жыл басында «БТА», «Альянс банкі», «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі» сынды еліміздегі ірі жүйе құрушы банктердің капиталына кіру жайлы шешім қабылдады. Үкіметтің қаулысымен «Самұрық-Қазына» қоры  дағдарысқа қарсы  бағдарламаның операторы ретінде ұйғарылып,  Ұлттық Қордан  осы  бағдарламаны  жүзеге асыруға бөлінген  1 трлн. 87,5 млрд.теңгенің 486 млрд. теңгесі қаржы секторын тұрақтандыруға бағытталды. Дағдарысқа қарсы  бағдарламаның алғашқы  бағыты - қаржы секторын тұрақтандыру үшін жоғарыдағы ірі төрт банкке 476 млрд. тенге бөлінсе, оның бір бөлігі банктердің қарапайым акцияларын сатып алуға,  келесі бір бөлігі  экономиканы несиелеуге бағытталды. Бөлінген бұл қомақты қаржылар өз кезегінде банктердің төлемпаздығын сақтауға және экономиканы несиелеуге септігін тигізді.

Бір сөзбен айтқанда, 2009 жыл Қазақстанның қаржы секторы тұрақтандырылған жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, жыл басында айтылған торыққан болжамдардың барлығы теріске шығып, банк секторы дефолтқа ұшыраған жоқ. Керісінше қиын-қыстау кезеңде мемлекет қолдауының арқасында Қазақстанның банк секторы әлемдік қаржы дағдарысының қысымына лайықты төтеп берді. Ал әгарәки мемлекет қол ұшын бермегенде, онда банктер банкротқа ұшырап, миллиондаған қазақстандықтардың қалталарымен қоса жүйкелері де жұқарып, әлеуметік көңіл-күй ширыға түсер еді. Абұйыр болғанда мемлекет шапшаң қимылдап, тиімді шешім қабылдай білді. Атап өтерлігі, банк секторына қатысты жыл басында қабылданған шешімдердің дұрыс болғандығына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов иненің сынығындай да күмәнданбайды. «Мен қаңтар-ақпанда бірлесе қабылдаған сол шешімдер барлық мүмкін шешімдердің арасындағы ең дұрысы деген пікірге сол кезде де және қазір де нық сенімдемін.

Бұл дағдарыстың ең қиын кезеңі қай уақытқа келетінін әрі осы қиындықтан қашан құтылатынымызды әлі ешкім білмейді. Мәселен, сарапшылардың бірі үш жыл, бірі төрт жыл, енді бірі екі жыл деп болжам айтуда. Соңғы уақытта жоғары деңгейлі шетелдегі сарапшылардың айтуына қарағанда, келесі жылдың күзіне қарай қаржы дағдарысы өзінің шырқау биігіне жететін көрінеді. Одан кейін бірте-бірте төмендеп, 2010 жылдары жағдай жақсара бастайды деген болжамдарын алға тартады.

2.  ҚР-ның ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.

ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі. Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады.   Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады: 1)міндетті резервтер; 2)резервтеудің баламалы тәртібі. Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының  өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді. Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады. Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық банк коммерцмялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесіе өсіреді. Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүцеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді. Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі.

Несиелендіру және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үіметке несие беру бюджет саясаты аумғында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатыында жүргізіледі. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады. Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.

Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі жәненесиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады.Оның негізгі мәні ақша эмиссиясынтоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

ҚР-ның 2009-2010 жж ақша-несие саясатының негізгі бағыттары. 2008 жылдың аяғында – 2009 жылдың басында ішкі валюта нарығында теріс девальвациялық күтулердің едәуір өсуі байқалды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және нақты емес дәлізді бір АҚШ доллар үшін 120 теңге ±2% шегінде сақтау жөнінде айтарлықтай күш салды. 2008 жылғы қазаннан бастап 2009 жылғы ақпан аралығындағы кезеңнің өзінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге 9 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Алтынвалюта резервтерінің көлемі осы кезеңде 10,4%-ға төмендеді. Алайда, 2009 жылдың басында әлемдік экономикада қалыптасқан ахуал, оның ішінде Қазақстан Республикасының сауда-әріптес елдері валюталарының девальвациясы және қазақстандық экспорттың негізі болып табылатын энергия ресурстары бағаларының айтарлықтай төмендеуі төлем балансының 2009 жылғы көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз етпеді және олардың күрт нашарлауына әкеліп соқты. Ақша-кредит саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі. Бұл нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруді және алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етті. Осы шаралардың, сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі позияцияларының әлемдік бағаларының қалпына келуі нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, 2009 жылдың аяғында ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтынвалюта резервтерінің көлемін толықтыра алды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы  10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді.  2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін  төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уақытша ескере отырып қабылдаған шараларының тиімділгі 2010 Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету  болып табылады. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция көлемін 6-8 пайыз дәлізі деңгейінде ұстап тұруға бағытталатын болады. Сонымен бірге ұлттық валюта курсының күрт толқуларына жол берілмейді. 2010 жылы да теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 150 теңге көлемінде болады. Теңгенің доллармен есептелгендегі жоғары-төмен толқу деңгейі + 15 теңге немесе 10 пайыз және – 22,5 немесе 15 пайыз мөлшерінде болады деп болжануда. Ұлттық банк пен ҚҚА еліміздің қаржы саласын тұрақтандыру мақсатында кешенді шараларды жүзеге асырып, қаржы және банк жүйесінде оң жетістіктерге қол жеткізеді.2010 жылғы бағыттар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Жүргізілген шаралар нарық ставкаларының құбылмалылығын төмендетуді және ақша нарығының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ  өтімділікті тиімді басқаруға ықпал етеді. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы жағдайды және инфляция  деңгейін ескере отырып айқындалатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған банктердің  депозиттері бойынша ставка ақша нарығындағы  қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шекарасы  ретінде  айқындалады. Бұл ретте ол болуы мүмкін ең төмен деңгейде, яғни  банктерді  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерде  бос ресурстарды жинақтауға  қайта ынталандыруға болатындай  етіп белгіленеді. Артық өтімділікті алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталар эмиссиясын жалғастырады. Оларды шығару сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын  қолдауға, 1 жылға дейінгі мерзімдегі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға  бағытталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қорландыру базасын  қалыптастыру кезінде  банктерді  ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылы  «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру  қоры» АҚ-ын 11 млрд. теңгеге капиталдандыруды  ұлғайтады. Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған  банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің  депозиттеріне аудару туралы  мәселе  қаралады. Ақша-кредит саясатының осы шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне инфляция бойынша белгіленген  бағдарларға жетуге мүмкіндік береді. Бұл экономиканың  тұрақты  және сапалы өсу  жағына шығуына  ықпал етеді. жылы көрінетін болады.