Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

13. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері.

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында ұлттық экономикалардың, соның ішінде Қазақстанның да қарқыны тежелуде. Даму кезеңінде жинақталған қордың қаражаты мемлекетке әлемдік дағдарыстың ықпалын азайту бағытында тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, дағдарыстың кері салдарлары халықтың барлық жіктеріне байқала бастады. Экономикада орын алып жатқан бүгінгі тұрақсыздық жағдайында, халықаралық сарапшылардың бағалаулары негізінде әлемдік 2009-2013 жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі бекітілген республикалық бюджетті нақтылау қажеттілігін туғызды. Үшжылдық бюджетке енгізіліп отырған түзетулер, жалпы алғанда, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жүзеге асыруға бағытталған.

Парламенттің қарауына енгізілген «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бұған дейін бекітілген республикалық бюджеттің кірісін 371,1 миллиард теңгеге қысқартуды, яғни 1529,5 миллиард теңгеге дейін азайтуды қарастырып отыр.

Жоғарыда айтып өткендей, әлемдік экономикадағы бүгінгі ахуал тұрақсыз. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2009 жылы әлем экономикасы құлдырайды деп күтілуде. Халықаралық валюта қоры 2009 жылғы әлемдік экономиканың өсу көрсеткіші бойынша қаңтар айындағы болжамын рецессияға қарай - минус 1 – минус 0,5 пайызға өзгертті. Мұндай құлдырау соңғы 60 жылда алғаш рет орын алғалы отыр. 2010 жылдан бастап әлемдік экономиканың өсу қарқыны біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

Қазіргі әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс өзінің ауқымы жағынан күшті болғаны соншалық, әлемнің ең күшті мемлекеттерінің өзін шайқалтты. Осындай жағдайда Қазақстан Үкіметі Ұлттық қордың «қақпағын» ашуға шешім қабылдады. Дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Мұндай мүмкіндіктер біздің елде ғана болды, біз халықаралық несиелер мен шетелдік инвестицияларға иек артқан жоқпыз. Ұлттық қордан қаражат бөлу дұрыс әрі пәрменді қадам болды. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» болды. Бұл - жақсы идея. Мемлекет әлеуметтік нысандар құрылысына қаражат салуда. Бұл шаралар бір сәттік тиімділік беретін емес, ұзақмерзімді инвестициялар.

Біз мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуіміз қажет. «Нұр Отан» ХДП құрылымында партиялық бақылау органдары құрылды, мұндай құрылым ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі партия фракциясы жанында да жұмыс істейді. Бұл партия мүшелерінің жақсы бастамасы. Дегенмен олар бұрынғыдан да пәрменді жұмыс жасаулары тиіс.  Жұмыстың тиімділігін бұрынғыдан да арттыру үшін олардың өкілдігін кеңейту қажет», - деп атап өтті ғалым.

Дағдарыс жағдайында Үкімет ішкі ресурстарды неғұрлым белсенді пайдалануға тиіс. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 105 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат игерілмей қалды, мұндай жолсыздықтарға тоқтау салу қажет. «Бюджеттік тәртіпті арттыру және мемлекеттік шенеуніктер тарапынан жауапкершілікті арттыру жөнінде көп айтылып жүр. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, бұл қаражаттардың дер кезінде игерілуіне бақылауды қатайта түсуі тиіс»,