- •1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
- •2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.
- •3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары
- •4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)
- •6.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру міндеттері.
- •8. Фискалдық және монетарлық саясат.
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •9.Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаттары мен қағидаттары
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.
- •11. Қаржылық бақылау.
- •12. Қаржылық басқару.
- •13. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері, ерекше белгілері, сыныптамасы.
- •14. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қаржыландыру көздері, әдістері.
- •16.Мемлекеттің қаржысы.Мемлекет қаржысының кірістерін атап,сипаттамалар беріңіз.
- •18.Сақтандырудың экономикалық мәні,функциялары
- •19. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
- •20.Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары
- •21. Мемлекеттік бюджет мәні,рөлі,құрылымы.
- •22.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- •23. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24. Бюджет жүйесінің қағидаттары және бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
- •25.Салық механизмі.
- •27. Салық элементтеріне сипаттама беріңіз.
- •30. Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
- •2. Қорғаныс пен басқарудың қаржыландырылуы
- •3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •4.Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
- •5.Сақтық ісін ұйымдастыру.
- •6. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.
- •7. Қор биржасы.
- •8. Инфляция,олардың түрлері
- •9. Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •10. Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.
- •11. Қаржы нарығының мәні, функциялары
- •12. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.
- •13. Қр Ұлттық қорын қалыптастыру,пайдалану және басқару.
- •14.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •15. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
- •16. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •17. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •18. Қаржы рыногы, маңызы, ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы.
- •19. Салықтық бақылау мен жоспарлау.
- •21. Салық жүйесі бойынша Лаффер қисығы
- •22. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы
- •23.Бюджет балансы.Бюджет тапшылығы.
- •24.Мемл-к несие,мемл-к қарыз,мемл-к борыш.
- •25. Қр салық ставкасы
- •26.Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
- •27. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
- •28. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
- •29. Сақтандыру мен қаржының байланысы.
- •30.Қаржы нарығы құрылымы.
- •1.Ипотекалық кредит беру
- •3. Қаржылық дағдарыстың себеп-салдары
- •4. Бүкіләлемдік дағдарыстың пайда болу себептері.
- •8. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары
- •5. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіне әсері
- •6. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •9. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму стратегиясы.
- •11. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •17. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері.
- •12. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
- •14. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы мен даму перспективалары.
- •13. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері.
- •18. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары
- •19. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.
- •16. ҚРғы бағалы қағаздар нарығының даму ерекшеліктері.
- •20.Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы
- •21.Эссе. Проблемалық несиелер және оларды басқару
- •22.Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары
6. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
Шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі тірегі екені белгілі. Соңғы жылдары осы саланы қолдау үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі де еселеп өсуде. Елбасы биылғы Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданып, қаржыландыру ісін жүйелендіруді тапсырды. Әлемдік қаражат тапшылығы тұсында ел кәсіпкерлерін қысылтаяң сәттен шығаруды көздейтін мұндай шаралар болашақта өз жемісін берері анық.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз ету барысында көптеген шаралар қабылданды. Соның бір көрінісі ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының белгілі бір үлесін ескеру қажет. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.
Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландырды, оның ішінде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703, 08 млн. теңге (ставка 6 %).
2007 жылы 1 қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) құрылған. Олардың дамуы үшін негізгі алғышарттар экономиканы тұрақтандыру, банктік операциялардың құрылымын өзгерту, халықтың табыс табу деңгейін арттыру және кредиттік ресурстарға әлеуетті жоғары сұраныстың болуы.
Одан басқа «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы Қазақстандағы ШОБ сапалы дамыту бойынша мемлекет іс-шараларының одан арғы жалғасы болып табылады. «Бизнес-Кеңесші»Бағдарламасын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әзірледі. Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнес құру және оны тиімді жүргізу бойынша білім беру кешенін ұсыну болып табылады.
«Даму» қорының бағдарламаларындағы негізгі басымдық аймақтық тұрғыда әлеуметтік және экономикалық маңызға ие кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру, өңдеуші салаға қолдау, әйелдер кәсіпкерлігін жеңілдікпен несиелеу, шағын несиелік ұйымдарды дамыту тәрізді салаларға беріліп отыр. Мысалы, «Даму өндіріс» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің 18 млрд. теңгеден асатын 160-тан аса жобасы 8 пайыздық ставкамен қайта қаржыландырылды.
Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 13 сәуірі күні өткен Үкімет отырысында “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының бекітілгені белгілі. Бағдарлама кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілмек:
Бірінші, индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жеке сектордағы кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру.
Екінші, жеке сектордың, бірінші кезекте банктердің қаржыларын экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тарту.
Үшінші, жеке сектордың, бірінші кезекте, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2010 жылы 30 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде: жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға—11,2 миллиард теңге; кәсіпкерлік секторды сауықтыруға—16 миллиард теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бес батыл қадамды жасауды жүзеге асыруды көздейді. Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.
2007 – 2008 ж бағдарлама шеңберінде шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.
Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру көзделді. 2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өседі.
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге) бөлінеді.
Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.
Бағдарламаға сәйкес экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады. Осы мақсаттарға «Самұрық-Қазына» қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөлінді. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталды.
Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өсті. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.
Мем кәсіпкерлердің алған несиелерінің 50 пайызына дейін субсидия беру ісін қолға алып отыр. Егер шағын және орта бизнес өкілдері бұрын несиесін 18 немесе 20 пайыздық ставкамен алса, мемлекеттік субсидия оның ставкасын екі есеге арзандатуға мүмкіндік бермек.
7. ҚР-ң индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы.
2003 жылы 17 мамырда «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Аталған 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін дамудың мемлекеттік институттары ретінде бюджеттен тыс экономикалық қорлар – Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық қорлар құрылды.
Стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттылықтан шығуға жәрдемдесетін салалық экономиканы әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына жету ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдайлар дайындау. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер сферасында бәсекеге қабілетті және экспорттық-бағытталынған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты пәні болып табылады.
Стратегия елде ғылым мен инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты жүргізуді болжайды. Қойылған мақсаттарға жету үшін қаржы рыногын одан ары дамыту және фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру болжанады. Стандарттау саясаты шеңберінде экономика мен басқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу қарастырылған.
Стратегияны іске асыру экономика құрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге жәрдемдесуі тиіс. Бұл өзгерістер адами, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген экономиканың тұрақты өсуіне, Қазақстанды әлеуметтік дамудың және қоғам құрылысының жаңа деңгейіне шығаруға жеткізеді.
Проблемаларды шешу және қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Стратегия шеңберінде даму институттары құрылған. Қазақстанның даму банкісін жандандыруды, дамудың арнаулы институттарының – «Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының, «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының, «Экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі корпорациясы» акционерлік қоғамының жұмыс істеуі болжанады. Бұл институттар жаңа өндірістерді жасауға және жоғары қосымша құны бар жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға инвестициялық саясатты және перспективалы салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен зерттемелерді қолдауды жүргізеді.
Алайда осы стратегияны жүзеге асыру барысында кейбір проблемалар да орын алады. Мәселен, Алматы тәуелсiз кәсiпкерлерi қауымдастығының вице-президентi Тимур Назхановтың айтуы бойынша, Бағдарламаны дайындаушылар кәсiпкерлермен санаспайды, қажеттiлiктердi ескермейдi, пiкiрi қабыспайды. Мүлде бөлек мақсатты көздейдi. Экономиканың нақты секторымен мүлде байланыс жоқ. Содан кейiн бағдарламаны әзiрлеушiлер нарықтағы өзгерiстердi ескермейдi. Экономикадағы өзгерiстерге сәйкес бағдарлама да өзгерiп тұруы тиiс. Сондай-ақ кәсiпкердiң айтуынша, бағдарламалардың орындалмауының басты себебi – бiр министр бастаған бағдарламаны оның орнын басқан өзге министр жалғастырмай, жарты жолда қалдырады.