Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

12. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру

Қаржы дағдарысы кез келген мемлкеттің экономикалық секторына, оның ішінде қаржы, банк секторына орасон зор нұқсан келтіргені белгілі. Сондықтан, дағдарыстың келтіретін залалдарына тойтарыс бере алатындай қаржы механизмін одан әрі жетілдіру керек. Кез келген қаржы механизмі қоғамдағы, мемлекеттегі қаржылық қатынастардың қалыптасып,дамуының негізі ретінде сыртқы орта факторларына тез жауап бере алатындай икемді болуы керек. Себебі механизм қаржылық ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру, реттеу және ынталандыру функцияларын орындай отырып,өзіне қаржы секторының басты бөліктерін кіріктіреді. Ал сол бөліктердің әрқайсының тиімді әрі дұрым жұмыс істеуінің арқасында ғана дағдарыс жағдайында күйзеліске ұшырамауға болады. Осы мақсаттарда Үкімет тарапынан да көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Ел Парламенті дағдарыс жағдайында қазақстандық банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, экономиканың нақты секторын несиелеу мүмкіндігін кеңейтуге және халықты қолдауға бағытталған құқықтық топтаманы жедел түрде қабылдады, яғни қаржы механизмінің қосалқы жүйесі қаржылық нормалар мен нормативтерді өзгерте отырып, оңтайландыруға тырысуда. Сонымен қатар нормативтердің орындалуын бақылауға негізделген қадағалау тәсілін ғана пайдаланып қоймай, тиімді корпоративті басқаруға, акционерлердің транспаренттілігіне, директорлардың фидуциярлы міндеттеріне және банктердегі тәуекелдерді басқаруға деген қажеттілікке үлкен көңіл бөле отырып, тәуекелдерді есепке алуға негізделген замануи әдістемені де пайдалануы тиіс. Нормативтік базадағы көзделген өзгерістер бұл бағыттағы өте маңызды қадам болып табылады.

2008 жылы қабылданған жаңа Тұрақтандыру бағдарламасы отандық экономиканың ерекшеліктеріне сәйкестендіріле қабылданды. Сондай-ақ аталмыш құжат халықаралық стандарттарға да сәйкестендірілді. 2008 жылдың қараша айында Үкіметтің Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесе дайындаған 2009-2010 жылдарға арналған жоспары - Бірлескен іс-қимыл жоспарлары тұңғыш рет Ұлттық қор есебінен орындалды. Бірлескен іс-қимыл жоспары әлеуметтік-экономика кеңістігінде ғаламдық дағдарыстың кері әсерін барынша әлсіретудің механизмдерін белгіледі. Онда мынадай жайттарға басымдық берілді: - Қаржы нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, тұрғын үй нарығындағы жағдайды бақылауға алу, үлескерлердің құқығын қорғап, аяқталмай қалған құрылыс нысандарын аяқтау: - Қазіргі заманғы экономикалық тиімділік тұрғысынан қарағанда болашағы бар шағын және орта бизнесті қаржыландыру саясатына басымдық беру; - Инновациялық-индустриалдық, инфра-құрылымды жобаларды қаржыландыру: - Агроөндірістік кешенді, оның негізгі субъектілерін дамытуға көңіл бөлу. Мұнда негізгі басымдық жаңа экспорттық өндіріске бағытталған, жұмысы жолға қойылған секторларға бірінші кезекте басымдық беріледі.

Яғни, қаржылық жоспарлаудың жаңа бағдарламаларын қабылдау керек. Сонымен бірге Мемлекеттің бюджеттік және салық саясатын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету арқылы салық-бюджет саясатының тиімді үлгісін әзірлеу керек. Екінші мәселе - мемлекеттік жоспарлау, сатып алу, қаржы бақылау жүйелерін жетілдіру, салық тәртібін сақтау, зейнетақы жинақтарының құнсыздану деңгейін ескере отырып сақталуын қамтамасыз етілуі болды. Соңғы әдіс ретінде бюджеттен ақша бөлудің жаңа қағидаларын енгізу, макроэкономикалық көрсеткіштерге нақтылау болжамдары, отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын айтуға болады.

Міне, жалпы қаржы механизмін жетілдіру перспективалары осындай. Әрине, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы мекемелер үшін қаржы механизмін жетілдіру тәсілдері басқа болуы мүмкін. Алайда, жалпы еліміздің экономикасындағы қаржы механизмінің жетілдірудің басты бағыттары жоғарыдай.