Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

19. Салықтық бақылау мен жоспарлау.

Салықтық бақылау – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер толық, уақтылы төленуі салық қызмет органдары жүзеге асырады. Оларға:РНН;Салық салу объектісін тіркеу есебіне қою(куәлік беру);Қосымша құн салығы б/ша салық есебіне қою;ҚҚС есебі б/ша есепке қою;Акциздік маркамен таңбалау;Камералдық бақылау – салық органдары орналасқан жерде сол мекеменің бухгалтериясының есеп беруі;Салықтық тексеру; а)рейдтік;б)хронометраждық; в)салалық(құжаттық)1)кешендік 2)тақырыптық.

Салықтар мен басқа міндетті төлемдерді өндіріп алудың (төлетудің) дүрыстығына бақылау жасауды салық телеушілердің орналасқан жері немесе олардың қызмет орны бойынша мемлекеттік салық службасы жүзеге асады. Салық органдарының жэне олардың лауазымды тұлғаларының міндеттері, құзыры, қызметінің тәртібі, салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілігі мемлекет заңнамасымен айқындалады.

Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен құрылымы

1. Салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.2. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық органдарынан тұрады.3. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін.4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.5. Салық органдарының бiрiншi басшыларын қызметке уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы тағайындайды.

Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін есімпұлдар түрінде санкциялар қолданылады.

Салықты жоспарлау – салық қызметі органдарының мемлекеттік бюджет кіріс төлемдеріне қатысты жүргізілетін іс – шаралар жиынтығы.

Салықтық болжау – экономикалық, математикалық, статистикалық әдістер негізінде салық төлемдеріне қатысты жүргізілетін іс – шаралар жиынтығы.

20. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері. Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген коғамдық жүйенін, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын калыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде каржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары катысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара катынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік жэне т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалык тепе-тендікке жэне экоңомиканың жұмыс іс-теуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін камтамасыз ету үшін шаруашылык, жүргізуші субъектіге мемлекеттін қаржылық ыкпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты жэне дәйекті қолдану үдерісі ретінде си­патталады. Мұндай реттеудін қажеттігі мемлекет тарапынан қо-ғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Каржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудын қарқынына, тауарлар мен кызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың козғалысына, макроэкономиканың салалык және аумақтық кұрылымына ыкпал етеді.

Міндеттері:1)материалдык өндіріс сферасында жұмылдырылатын қар-жылык, ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;2)өндірістік сферадағы монополиялық кызметті экономикалық щектеу;3)кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық кызметін реттеу, олардын кұкыктык, жэне келісімшарт тәртібін қамта-масыз ету;4)кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;5)кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың акшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік ара катысын реттеу;

-ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвести-циялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізін-де жалпы алғанда елдін экономикалык дамуының үрдісіне каржы тұтқаларыңың көмегімен ықпал жасалады.