Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

28. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.

Экономиканы мемл/к қаржылық реттеу – бұл макроэк/қ тепе-теңдікке ж/е эк/ң жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның дамуына әсер ету үшін,сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін ШЖС/ге мемл/ң қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты ж/е дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі: мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.Реттеудің 2 тұрпаты бар: Эк/қ(оның қарж/қ, бағалық/қ,кредит/к,валют/қ,еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) ж/е әкімшілік реттеу.Қаржылық реттеудің түрлері:1) салықтық реттеу 2) бюджеттік реттеу

3) валюталық-қаржылық реттеу

4) кедендік-тарифтік реттеу

5) мемлекеттік-кредиттік реттеу

6)мемлекеттік борыш

7)шаруашылық ішіндегі реттеу(фирма ішіндегі,к/о,ұйым,корпорация ішіндегі ж/е т.б.)

Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: бюджетте - қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта - тура ж/е жанама салық салу, валюталық-каржылықта - сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Мемлекеттік-кредиттік түріндегі нысандар сан алуан.

Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.

Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып та­былады.

Мемлекеттік сатып алу — мемл/к органдардың, мемл/к мекемелердің, сонымен бірге мемл/ік к/о-ң, заңи тұлғалардың ж/е олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.

Мемдекеттік сатып алудың үдерісі мыналарды кіріктіреді:

  • сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номеклатурасы мен көлемін калыптастыру;

  • жеткізушіні тандау, онымен мемлекеггік сатып алу туралы келісімшарт

жасасу;

  • мемлекеггік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылуы.

Мемлекеттік сатып алуды ретгеу мына кағидаттарға негізделеді: сатып алуға пайдаланатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау; барлык әлуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу үдерісіне катысу үшін тең мүмкіндіктер беру; жеткізушілер арасында әділетті бәсеке; мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы.

29. Сақтандыру мен қаржының байланысы.

Сақ. мен қаржының ортақ белгілері: 1)қатынастардың ақшалай формада болуы. 2)табыстарды қайта бөлу процесіне қатысуы. 3)мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен қолдануы. 4) сақты қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы. 5) ақшалай қорларды жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді(қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру мен қаржының айырмашылығы:

1)Cақтандыру ақшалай нысанда жүргізіледі, яғни сақтық қызметті жүргізу үшін ақшалай ресурстарды кіріктіретін қаражаттар болуы тиіс. Ондай ақшалай қаражаттар резервтік және сақтық қорлары негізінде қалыптасады. Ал қаржы дегеніміздің өзі бұл - ақшалай қатынастардың жиынтығы.

2)Қаржы жалпы қоғамдық өнімді бөлуге және оны қайта бөлуге қатысады. Табыстарды қайта бөлу үш қор арқылы жүзеге асады: орын толтыру қоры, тұтыну қоры, қорлану қоры. Сол сияқты сақтандыру кезінде де қайта бөлу жүреді, яғни ол алдын-алумен түсіндіріледі. Алдын-алу шараларын қаржыландыру мақсатымен түскен табыстың қайта бөлінуі.

3) Қаржыда мақсатты ақша қоры ретінде бюджетті айтсақ, ал сақтандыруда резервтік сақтық қорларын айтуымызға болады. Олар белгілі бір мақсатта құрылып, қолданылады.

Сақтандыру шеңберінде мемл.сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі б.т. қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) эк-қ жүйе шеңберінде айрықша сақтанушы немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.