- •1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
- •2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.
- •3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары
- •4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)
- •6.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру міндеттері.
- •8. Фискалдық және монетарлық саясат.
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •9.Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаттары мен қағидаттары
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.
- •11. Қаржылық бақылау.
- •12. Қаржылық басқару.
- •13. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері, ерекше белгілері, сыныптамасы.
- •14. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қаржыландыру көздері, әдістері.
- •16.Мемлекеттің қаржысы.Мемлекет қаржысының кірістерін атап,сипаттамалар беріңіз.
- •18.Сақтандырудың экономикалық мәні,функциялары
- •19. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
- •20.Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары
- •21. Мемлекеттік бюджет мәні,рөлі,құрылымы.
- •22.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- •23. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24. Бюджет жүйесінің қағидаттары және бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
- •25.Салық механизмі.
- •27. Салық элементтеріне сипаттама беріңіз.
- •30. Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
- •2. Қорғаныс пен басқарудың қаржыландырылуы
- •3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •4.Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
- •5.Сақтық ісін ұйымдастыру.
- •6. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.
- •7. Қор биржасы.
- •8. Инфляция,олардың түрлері
- •9. Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •10. Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.
- •11. Қаржы нарығының мәні, функциялары
- •12. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.
- •13. Қр Ұлттық қорын қалыптастыру,пайдалану және басқару.
- •14.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
- •15. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
- •16. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •17. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •18. Қаржы рыногы, маңызы, ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы.
- •19. Салықтық бақылау мен жоспарлау.
- •21. Салық жүйесі бойынша Лаффер қисығы
- •22. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы
- •23.Бюджет балансы.Бюджет тапшылығы.
- •24.Мемл-к несие,мемл-к қарыз,мемл-к борыш.
- •25. Қр салық ставкасы
- •26.Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
- •27. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
- •28. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
- •29. Сақтандыру мен қаржының байланысы.
- •30.Қаржы нарығы құрылымы.
- •1.Ипотекалық кредит беру
- •3. Қаржылық дағдарыстың себеп-салдары
- •4. Бүкіләлемдік дағдарыстың пайда болу себептері.
- •8. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары
- •5. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіне әсері
- •6. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •9. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму стратегиясы.
- •11. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •17. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері.
- •12. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
- •14. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы мен даму перспективалары.
- •13. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері.
- •18. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары
- •19. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.
- •16. ҚРғы бағалы қағаздар нарығының даму ерекшеліктері.
- •20.Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы
- •21.Эссе. Проблемалық несиелер және оларды басқару
- •22.Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары
5. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіне әсері
1-жауап) Дағдарыс жағдайында экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі анықтаушы мәнге ие болады.
Баршаға мәлім, экономикадағы рецессия әдетте іскерлік белсенділіктің құлдырауы, ІЖӨ өсім қарқынының, тұтыну сұранысының төмендеуі секілді қазір бүкіл әлемде байқалып отырған түрлі құбылыстармен қатар жүреді. Еліміздің қаржы нарығына келсек, банктердің сырттан белсенді түрде қарыз алу саясаты бірқатар тәуекелдердің тууына және өсуіне әкелді. Ол турасында мемлекеттік реттеуші органдар бірнеше рет ескерткен болатын. Бұл ретте, әлемдік қаржы рыногындағы тұрақсыздық отандық банк секторындағы жағдайды да күрделендіріп, сол арқылы төлемпаздық тәуекелінің артуына, кері қаржыландыруға әкелді. Сыртқы әсерлерден кейінгі, қазіргі ахуалға келсек, біздіңше, жаһандық тұрақсыздықтың нәтижесінде туындаған сыртқы қатерлерді бәсеңсітуде Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің іс-қимылы айрықша рөл ойнады. Осы орайда, Үкіметтің қазір қабылдап жатқан шаралары әлемдік қаржы дағдарысының отандық экономикаға тигізер кері салдарларын мейілінше азайтуға мүмкіндік береді. Мұны отандық және шетелдік экономист-сарапшылардың соңғы кездері айтқан түсініктемелері де қуаттап отыр.
Ел Президентінің кеңейтілген Үкміет отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп, Қазақстанның қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған жоспарын әзірледі. Онда өзге де іс-шаралармен қатар, қазақстандық банк секторының төлемпаздығы мен капиталдануын нығайтуға және қолдауға бағытталған кешенді шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктерді қосымша капиталдандыру арқылы мемлекеттік қолдауды ұсыну, Ұлттық банк тарапынан төлемпаздықты сақтау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» шығаратын облигацияларды ҚР Ұлттық қорының сатып алуы арқылы банктерге төлемпаздықтың қосымша көздерін ұсыну. Мәселен, Агенттік әзірлеген ұсынымға сәйкес, Үкімет еліміздің Альянс Банк, ТұранӘлемБанкі, Халық Банкі және Казкоммерцбанкі секілді жүйеқұраушы төрт банкінің акционерлеріне олардың капиталдарын нығайту шарасы ретінде акционерлік капиталдарына қосымша қаражат құю туралы ұсыныспен шықты. Бұл ұсыныстың аясында қосымша капиталдануды қарапайым және басым акциялар эмиссиясы арқылы және жалпы көлемі 5 миллиард АҚШ доллары сомасында субординді заемдар беру арқылы жүзеге асыру көзделеді. Акционерлерге жаңа шығарылған қарапайым және басым акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы беріледі де сол арқылы банктерге қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті капиталдану көлемі ұсынылады. Бұл ретте, Үкіметтің қандай да бір банктің капиталындағы бақылау пакетін сатып алуды жоспарлап отырмағанын атап айту керек. Жоспар іске асқан жағдайда, мемлекеттің меншігіне жоғарыда көрсетілген 4 банктің дауыс беретін 25 пайыз акциялар үлесінің түсуі көзделуде. Бұл банктердегі мемлекеттің мүддесін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» қадағалайтын болады. Банктердің жоғарыда аталған бағалы қағаздарын сатып алу үшін Қор мемлекет тарапынан қосымша 5 миллиард долларға капиталдандырылды. Тағы да қайталап айтамын, Үкімет банктердің үлескері болып ұзақ мерзімге қалуды жоспарлап отырған жоқ және әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты олардың капиталынан орта мерзімді болашақта шығатын болады. Сол кезде мемлекетке тиесілі акциялар нарық қағидаларына сәйкес сатылады. Ал жоғарыда айтқан, банктерге төлемпаздықтың қосымша көздері ретінде ұсынылатын және Ұлттық қор арқылы сатып алынатын облигациялардан түсетін қаражат экономиканың нақты секторын, соның ішінде серпінді және инфрақұрылымды жобаларды да несиелеуге, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруға бағытталады. Ал уақытша бос қаражаттар бірқатар банктердің депозиттеріне салынып, олардың жаңа жобаларды несиелеуіне және ағымдағыларын қаржыландыруына мүмкіндік береді. Сөз болып отырған жоспарда банктердің минималдық резервтік талаптарын азайту арқылы репо операциялар бойынша қабылданатын құралдар тізбесін кеңейту арқылы қосымша қаражат көзін ұсыну негізінде барлық екінші деңгейлі банктердің ағымдағы және қысқа мерзімді төлемпаздығын қолдау шарасы жүзеге асырылады. Мемлекет осының бәрін серпінді және инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, экономиканың нақты секторын несиелеуді ынталандыру үшін, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру үшін істеп отыр. Төлемпаздық көлемінің одан әрі қысқаруы мен сыртқы қарыз алу көздерінің шектеулілігі банк активтері сапасының нашарлауына, экономиканың нақты секторын несиелеу көлемінің қысқаруына, түпкі нәтижеде қазақстандық кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне әкелді. Мұндай жағдайда экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі айқындаушы мәнге ие болатынын бірқатар елдердің үкіметтері мен реттеуші органдарының әрекеттері көрсетіп отыр. Халықаралық қаржы көздерінің шектеулілігіне қарамастан, қазақстандық банктер бүгінге дейін сыртқы қатерлерге лайықты төтеп берді және өзінің ішкі-сыртқы міндеттемелерін толығымен өтеп келді.
Қазақстандық қор биржасының веб-сайтында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, «ҚазМұнайгаз» Барлау және өндіру» АҚ-ының директорлар кеңесі KASE сауда жүйесінде және Лондон қор биржасында орналастырылған, жалпы құны 350 миллион доллардың қарапайым акцияларын сатып алу бағдарламасын мақұлдады. Бұл шешімді директорлар кеңесі акцияларының ағымдағы нарықтық бағасы олардың нақты құнына сай болмауы себепті қабылдаған. Алайда бұл жерде эмитенттердің отандық және шетелдік нарықта айналып жүрген акцияларын кері сатып алуы олардың қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсетпейді, қайта өздері шығарған акциялар құнының төмендеуіне байланысты тәуекелдерді азайтуға ұмтылысын айғақтайды.
2-жауап). Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады.
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.