Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

- Құттықтау себебі жазылады

- құттықтау иесінің жеткен жетістіктері жазылады

- ізгі тілектер

- соңынан құттықтаушының аты-жөні, шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.

Есте сақтаңыз!!! аударыңыз

Тәуелсіздік күнімен

Жаңа жыл мерекесімен

С ізді Республика күнімен құттықтаймын

Халықаралық әйелдер күнімен

Фирманың құрылғанына 2 жыл толуымен

50 жылдық мерейтойыңызбен

Ү Л Г І

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы Қалиевке

Қадірлі Байынқол Қалиұлы! Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен,

Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы

Тапсырма:

● Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз

● Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің ректоры, академик С.С. Құнанбаеваны университеттің құрылғанына 65 жыл толуымен құттықтаңыз

● Елбасы Н.Назарбаев атынан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевқа құттықтаухат жазыңыз

1 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Тіл туралы Заң, І тарау, 4-бап.

II тарау, 8-бап, 10-бап.

Сабақтың мақсаты: ҚР – ның тіл туралы Заңы, мемлекеттік тіл ұғымы жөнінде мәлімет беру; қазақ алфавиті, төл дыбыстары, жіктеу, сұрау есімдіктерін қайталап, үндестік заңын меңгерту; төл құжаттармен танысу.

Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы

1997 жылғы 11 шілде №151-1

Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып – үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін білгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

4 – бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр бір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халық аралық беделін нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық – техникалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

II - тарау

Тіл – мемлкеттік және мемлекеттік емес ұйымдар

мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарында

8 – бап. Тілдердің қолданылуы

Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.

10 – бап. Құжаттама жүргізу тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық – есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.

IV - тарау

Тіл – елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта

19 – бап. Топонимикалық атауларды, ұйымдардың

атауларын пайдалану тәртібі

Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика – географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс.

Мемлекеттік ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі. Бірлескен шетелдік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде транслитерация арқылы беріледі.

20 – бап. Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін жазу

Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиіс.

2 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Рим цифрларының жазылуы. Іс қағаздарына байланысты сөздік.

Сабақтың мақсаты: Рим цифрларының жазылуын меңгертіп, қолдануға үйрету. Сөздік құрастыру.

Рим цифрлары ондық разрядты білдіретін төрт белгіден және олардың жартысын білдіретін үш белгіден тұрады.

I

– 1

XVII

– 17

LXXIX

– 79

II

– 2

XVIII

– 18

XC

– 90

III

– 3

XIX

– 19

XCV

– 95

IV

– 4

XX

– 20

C

– 100

V

– 5

XXV

– 25

CL

– 150

VI

– 6

XXIX

– 29

CC

– 200

VII

– 7

XXX

– 30

CD

– 400

VIII

– 8

XXXV

– 35

D

– 500

IX

– 9

XXXIX

– 39

DC

– 600

X

– 10

XL

– 40

DCC

– 700

XI

– 11

XLIX

– 49

DCCC

– 800

XII

– 12

L

– 50

CM

– 900

XIII

– 13

LV

– 55

M

– 1000

XIV

– 14

LIX

– 59

MD

– 1500

XV

– 15

LXIX

– 69

MM

– 2000

XVI

– 16

LXX

– 70

MMM

– 3000

Рим цифрларының үстіне қойылған сызықша ол санның мәнін мың есе көбейтеді. Мысалы: С – 100000; Х – 10000.

3 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын, қысқарған сөздердің, сан есімдердің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Іс қағаздарды толтырғанда дұрыс, сауатты жазу үшін қолданылатын қысқартулар мен жиі кездесетін сөздер, сөз тіркестерін меңгерту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]