Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

1 Практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары туралы ұғым. Қазақ іс қағаздарының тарихынан.

Сабақтың мақсаты: Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.

Қазақстан Республикacы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған№ 769 "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы" қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында осы пән енгізілді.

"Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым- қатынастары, басқару қызметі күрделелінген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы және т. б. ), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықша-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б. ), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым- қатынастарды реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және т. б. ) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты , халықаралық хаты) тәрізді үлгілері бар.

Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие, сондықтан оның нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандатты болуы талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетті түрде қолданылатын тұрақта, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, яғни реквизиттері (латынша reguisitium – талап етілген, қажетті) болады.

Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық – грамматикалық жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.

Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:

-мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы жазылуы тиіс;

-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;

-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.

XVIII – XIX ғ.ғ. ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бір қатары Қазақстан тарихы, қазақ – орыс қатынастары, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы жинақтарында жарияланған. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғ. II жартысымен XIX ғ. I жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:

  1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.

  2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император І Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.

  3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Йоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.

  4. Орынбор комиссиясының бас командирі И.И.Неплюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар хонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Брунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жыл 27 қыркүйек.

  5. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 19 қыркүйек.

  6. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 31 қыркүйек.

  7. Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 18 желтоқсан.

  8. Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 9 қараша.

  9. Нұралы ханның барон О.А.Игельстромға хаты. 1785 жыл 21 шілде.

XVIII ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Мысалы: ғали кәһали уа ғали жәһәли – жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты; ғали хазіретлеріңіз – ұлы мәртебеліліңіз және т.б. Осы ғасырдағы құжатта кездесетін тұрақты эпитеттер: ғизатлу, хұрметлу (құрметті), мархабатлу (қайырымды), сағадатлу (ырысты), биік мәртебелі, жоғары мәртебелі, ғинаятлу (шапағатты), құдретлу (құдіретті), шафағатлу (шапағатты, мейрімді) т.б. Бұлардың жасалу жолына келетін болсақ, олардың барлығы араб сөздеріне түркі тілдеріне ортақ сын есім тудырушы -лу, -лү жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады.

Осы мақсатта қолданылған сөздердің бірі биік, зор, асқар, жоғарғы ұғымын беретін араб сөзі - ғали. Ғали кәһали уа ғали жәһәли - жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты, ғали хазіретлеріңіз - ұлы мәртебелілігіңіз т.б.

Аталған эпитеттердің әрқайсысы ресми іс қағаздар стилінде тұрақталып, нормаға айналғандығын байқауға болады.

Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар ғарыз, ғарыз наме, ғарыз ахуал, ғарыз хал деп аталған.

Ал, бір жағдайды хабарлау, оқиғаны хабарлау, бір нәрсені білдіру үшін жазылған іс қағаздары алғам наме, ғарзе наме деп аталған. Қазір біз іс қағаздарында қолданып жүрген хат термині жоғарыда аталған құжаттарда мәктәбә, күтабтү, кәтаб және хат түрінде кездеседі. Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар.

2 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік үкімет пен басқару органдарының жазылу ережесі. Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар.

Сабақтың мақсаты: құжаттарды дұрыс толтыруды, сауатты жазуға дағдандыландыру. Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің атауларын дұрыс жазуды үйрету.

Мемлекет басшысының атауындағы барлық сөздер және оның шешімдері бас әріппен жазылады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық кеңестердің атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының, оның бөлімдерінің жергілікті әкімшіліктердің атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Мемлекеттік жоғары өкімет органдарының атауларындағы барлық сөздер бас әріппен жазылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі заң актілерінің және тұрақты комитеттері мен коммисияларының атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Қазақстан Республикасы Президенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

Қазақстан Республикасының Парламенті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан Республикасы Қражы министрлігі.

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институты.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.

Қазақ тілі : ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі.

Алматы: Рауан, 2000ж.

Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.

Ресми іс қағаздары. Алматы: Сөздік-Словарь, 2002ж.

Қасымбекова М. және т. б. Екі тілде іс жүргізу Алматы: Атамұра, 1994 ж.

3 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібі, жазуда ескерілетін емле қағидалары.

Сабақтың мақсаты: Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібімен таныстыру, жаттығулар орындау, тәуелдік, жіктік жалғауларды қайталау.

Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады.

Ресми құжат-тұтас құрылым, сондықтан онда:

  • мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы тиіс;

  • тұжырымның дәл, нақты түрде болуы тиіс;

  • сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;

  • терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс;

  • ресми тілде стандартталған сөздер пайдаланылуы тиіс;

  • образды фразеологизмдер, қарапайым лексика қолданылмайды.

Вставьте окончания жіктік жалғау к следующим словам.

Будьте внимательны, всегда ли это следует делать?

Мен саясаткер…, мен бағдарламашы…, Сіз дипломат…, Сіз бастық…, Сіздер тыңдаушы…, олар-хатшы…, ол-әкім…, біздер-қызметкер…, сендер оқушы….

Допишите окончания жіктік жалғау.

Мен алматылық…, қостанайлық…, қалалық…, қарағандалық…, тараздық…, астаналық…, талдықорғандық….

Прочитайте словосочетания и переведите на русский язык.

Обратите внимание на окончания ілік септік и тәуелдік жалғау.

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әділет министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Көлік және телекоммуникация департаментінің басшысы, министрдің орынбасары, иминистрдің көмекшісі, Президенттің баспасөз хатшысы.

4 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мінездеме.

Сабақтың мақсаты: Мінездеме жазуды, құрастыруды практикалық жолмен меңгерту; сын есімдерді, жалқы есімдерді, етістіктің өткен шағын қайталау.

Мінездеме (характеристика)

Мінездеме – мекеме, өндіріс, ұйым басшыларының тарапынан жеке адамға берілетін ресми құжат. Мұнда ұжым мүшесінің болмысы мен жұмысы, қоғамдық іс әрекеттері туралы пікір білдіріледі. Мінездемеде құжат берілетін адамның толық аты-жөні, туған жылы жазылып, оның іскерлік (жұмысқа, оқуға қабілеті, мекеменің қоғамдық өміріне қатысы және т.б.), моралдық қасиеттері жан-жақты көрсетіледі. Сонымен бірге, ол адамның бойындағы кемшіліктер мен жетімсіз қасиеттері де аталуға тиіс.

Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға, магистратураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көрсету мақсатында беріледі.

Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:

  1. Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:

    • аты-жөні;

    • ұлты;

    • әскери қызметке қатысы;

    • отбасы жағдайы;

    • білімі;

    • лауазымы;

    • туған жылы;

    • тұған жері;

    • азаматтығы;

      1. Қызмет істеген орны, атқарған жылдары.

      2. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.

      3. Мінездеме қайда берілді.

      4. Мекеме басшысының қолы.

      5. Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы), мекеменің мөрі.

Негізгі сөздік

тәжірибелі

-опытный

білікті, өз ісін жетік білетін

-квалифицированный

беделді

-авторитетный

мейірімді, қайырымды

-добрый, отзывчивый

салмақты, ұстамды

-выдержанный, уравновешенный

қайырымсыз, мейірімсіз

-беспощадный, черствый, бездушный

қатал

-строгий

арасында

-среди

Үлгімен танысыңыз

Студент Оразов Омар Жарасұлы университеттің филология факультетінде 4 курста оқиды. Ол университетке БҰТ барысынды 82 балл жинап, мемлекеттік грант негізінде өз қалауынша түскен. Оқу жылдары барысында өзін білімді де тәрбиелі жан екенін таныта білді.

Ұлты – қазақ. Жасы 20-да. О. Ж. Оразов 1985 жылы Алматы облысының Көксу ауданында педагогтар отбасында дүниеге келген. Мектепте қабырға газетінің редакторы болған. Спортпен шұғылданған. I разрядты волейболшы.

Университетте де өзін белсенді студент ретінде көрсете білді. Жолдастарының арасында беделі жоғары.

Мінездеме әскери комиссариатқа тапсыру үшін берілді.

Мекеме басшысы

/аты-жөні, қолы/

Айы, күні, жылы

5 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек қатынастарын реттейтін, басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар. Өтініш.

Сабақтың мақсаты: Басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар туралы түсінік беру, түрлерімен таныстыру; өтініш жазудағы тәртібі мен ережесін меңгерту; барыс, шығыс септіктерін, қарату формаларын, жалқы есімдер мен ай аттарын қайталау.

  1. Басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар.

Еңбек қарым-қатынастары, басқару қызметі күрделіленген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері де өте көп. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың түрлері сан алуан. Олар: өтініш, бұйрық, арыз, тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ, өмірбаян, резюме, мінездеме, жеке іс парағы, хабарландыру, хаттама және т.б.

ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-ның азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Олар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік басқару органының басшысы оны дер кезінде қарауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі бар: өтініш, арыз және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әр түрлі болып келеді. Өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады. Сонымен қатар өзі оқитын оқу орнында, жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Тапсырмалар:

  1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша тақырыптық сөздік құрастырыңыз.

  2. Негізгі ойды білдіретін тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтаңыз.

  3. Сол сөздермен, тіркестермен бірнеше сөйлем құраңыз (сұраулы, хабарлы).

  4. Мәтіндегі терминдерге анықтама беріңіз.

  5. Сөздердің дұрыс жазылуы мен дыбысталуына назар аударыңыз, өзіңізді өзіңіз тексеріңіз.

  6. Мәтін сөйлемдеріндегі сөздердің байланысы мен орын тәртібіне назар аударыңыз.

  1. Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.

Грамматикалық минимум

Барыс септік:

-ға/-ге, -қа/-ке.

Шығыс септік:

-дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен.

Есептік сан есім:

1, 17, 324, 1955, 2005.

Жіктеу есімдіктері:

мен, сен, сіз, ол.

Жіктік жалғау:

-мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін.

Қысқарған сөздер (аббревиатуры):

ҚР, ЖМУ, БАҚ, АҚ, ҰҚК.

Коммуникативтік минимум

Қарату формалары (формы обращения):

ханым, мырза, төраға, төрайым.

Етістік минимумы:

өтінемін /сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, босату, ауысу, пайдалану, бөлу.

Тұрақты клише үлгілері:

басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты; кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, материалдық көмек.

  1. Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:

  • жұмысқа қабылдау;

  • жұмыстан босату;

  • басқа жұмысқа ауыстыру;

  • кезекті демалыс сұрау;

  • кезектен тыс демалыс сұрау;

  • материалдық көмек, пәтер бөлу туралы сұрау;

  • мектепке қабылдау, балабақшадан орын бөлу туралы сұрау;

  • жалақыны көтеру туралы өтініш білдіру және т.б.

  1. Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:

  • менің мекен жайыма жолдауыңызды сұраймын;

  • аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын;

  • осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...

  • ... анықтауыңызды сұраймын;

  • ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймын

Өтініш үлгілерімен танысыңыз. Мәтіндегі құрылымдардың орын тәртібіне назар аударыңыз.

“Арай” шағын кәсіпорынының төрағасы

Болат Асқарұлы мырзаға

Талдықорған қ., Желтоқсан к. 47-үйде тұратын Ж. Өмірбекұлынан

Ө т і н і ш

Мені 2005 жылдың 7 ақпанынан бастап бағдарламашы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын. Білімім – жоғары, еңбек стажым – 5 жыл.

Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.

Ж.Өмірбекұлы

7ақпан

6. Мекемелердің, ұйымдардың, министрліктердің атауларын жазыңыз. Сіз жұмыс істейтін немесе оқитын оқу орнының, мекеменің толық атауы қалай жазылады?

  1. Берілген үлгіге қарап, төмендегідей себептерге өтініш жазыңыз:

  • кезектен тыс демалыс;

  • отбасы жағдайына байланысты;

  • жұмыстан босату;

  • бірлесе жұмыс істеу;

6 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар туралы түсінік, оларға қойылатын талаптар. Сенімхат. Оның мазмұны мен құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Сенімхат. Оның мазмұны мен құрылымын ескеріп, жазуды практикалық жолмен меңгерту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]