Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

Баяндаухат

2005 жылдың 21 ақпанында сырттай бөлімнің 116 “А” топ студенттері сабақ кестесі бойынша белгіленген мемлекеттік тілде іс жүргізу сабағына келмегенін хабардар ете отырып, шара қолдануыңызды сұраймын.

21 ақпан 2005 жыл

________________/қолы/

Баяндаухат

22.10.04

Талдықорған қ.

Талдықорған қалалық білім беру бөлімінің

бастығы Р.С. Махамбетов мырзаға

Оқушылар қабылдау жоспарының орындалуы туралы

Сізге кәсіптік білім беру Бас басқармасы бекіткен 2003/2004 оқу жылына оқушылар қабылдау жоспарының орындалғанын мәлімдеймін.

Орта білім топтарында оқыту үшін 9-шы сыныпты бітірген 257 оқушы және толық орта білімді 90 оқушы қабылданды.Талдықорған қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде өндірістік оқу шеберлері Д. М. Мұқағалиев, Л. Н. Иванов және Л. М. Ким белсенділік танытты.

Училище директоры

О. С. Қырықбаев

11 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қызметтік хаттар: шақыру хат, шағым хат, ескерту хат.

Сабақтың мақсаты: Шақыру хат, шағым хат, ескерту хат туралы түсінік беріп, үлгілерін жаздырту.

Қызметтік хаттар

Іс қағаздарының көп тараған бір түрі – қызметтік хаттар. Мекемелерде қызмет бабындағы жие жазылатын бұл хат көптеген мекемелерді өзара байланыстыруда ерекше рөл атқарады. Мұндай хаттар арқылы мекемелер арасында келіс сөздер жүргізіледі. Хаттардың мазмұны мен түрлері ғылым мен техникаға, экономика мен алыс-беріс, мәлімет беру және анықтамалық сипатта да жазылады.

Қызметтік хаттарды безендірудің жалпы ережелері. Құрылымы. Қызметтік хаттарды жазудың кең тараған үлгілері.

Әдетте хаттар баспада дайындалған арнайы бланкаларда жазылады. Бланк форматы — А4 210x297 мм. Кейде АЗ жөне А5 форматтары (210x297 мм жөне 210x135 мм) да қолданылады. АЗ форматы қызметтік хаттарға үлкен көлемді қосымша немесе иллюстрация, таблица берілген жағдайда қолданылады. Бұл форматтың (АЗ) көлемі стандарт форматтан (А4) екі есе үлкен болады.

Ал А5 (жарты) АЗ форматынан екі еседей кіші көлемде, бірінші кезекте жолдама хаттар жазу үшін, анықтама жазу үшін қолданылады.

Қызметтік хаттың құрылымы. Қызметтік хаттың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөліктерден тұрады:

1.Такырыбы

2. Датасы

3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты-жөні

4. Кіріспе сөз

5. Хаттың жалпы мазмүн, мақсатын көрсететін бөлік

6. Негізгі мәтін

7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері

8. Жіберушінің қолы

9. Қосымша (приложение) берілетін болса, оған сілтеме

10. Қосымша (приложение)

11. Құжатгы дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет

12. Постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін – P.S. таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер.

Жазылу мақсатына, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар:

а) ресми хаттар

ә) жеке хаттар

б) ұсыныс, кепілдемелік (рекомендациялық) хаттар

в) сұрау салу хаттары

г) шағым хаттар

д) жолдама хаттар

Ресми хаттар. Белгілі бір ортаның атқаратын Жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады жөне қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңцігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.

Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке үсыну жөнінде басшыға үсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.

Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмүнының негізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шагым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.

Хатты жазып отырғанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығыңызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқымаған жөн.

Шақыру хат белгілі бір іс-шараға екінші жақты шақыру мақсатында жазылады.

Шағым хатта (письмо – претензия) автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді. Ескерту хаттар адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындамаған кезде жазылады.

Хаттардың оң жақ бұрышына хаттың кімге бағытталғаны, одан төмен азат жолдан мазмұны жазылады, соңынан хат иесінің қолы қойылады.

Үлгімен танысыңыз.

Шақыру хат

І. Жансүгіров атындағы Жетісу

мемлекеттік университеті

қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі №220

10 қыркүйек, 2004 жыл

Экономика және құқық факультетінің

деканы, профессор

К. У. Тұрмағанбетоваға

Тілдер мерекесіне шақыру

Сізді 2004 жылы 21 қыркүйекте университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін Тілдер мерекесіне шақырамыз.

Басталу мерзімі – 15:00. Өткізілу орны – 116 аудитория.

Күн тәртібінде

    1. Пленарлық мәжіліс.

  1. Қазақ тілін үйретудегі өзекті мәселелер.

Баяндамашы доцент Мусатаев Н. М.

  1. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктері.

Баяндамашы аға оқытушы Серікқалиева Э. С.

    1. Мәнерлеп оқу байқауы.

  1. “Тілге құрмет – елге құрмет” атты мәнерлеп оқу байқауы.

  2. Концерттік бағдарлама.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының

меңгерушісі профессор Сыдықов Т. С.

12 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Факс және E-mail арқылы жіберілетін құжаттар.

Сабақтың мақсаты: Факс және E-mail үлгілері туралы мәлімет беру, оларды жаза біліп, жіберуге және қабылдауға үйрету.

Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс қазір кең қолданылады. Факстың ең құнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емес, кестелі құжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нұсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсты алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ.

Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсіпорындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау – хабарлау аппараты – факспен жабдықталған. Факстың жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез келген құжат санаулы минуттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді.

Факс арқылы жіберілетін құжат А4 кейде А5 формалы бланкіге толтырылады. Фотография, сызба, кесте т.б. үлкен көлемді құжаттар алдын ала кішірейтілуі керек.

Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:

  • жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкінің сол жақтағы бұрышына жоғарлау жазылады.

  • жіберуші мекеменің аты бланкінің оң жағына жоғарлау жазылады.

  • бланкінің ортасына “факс арқылы” деп үлкен шрифтілермен жазылады.

  • алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Мұратбеков Асқар Құрамасұлына.

  • жіберушінің аты жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады. Мысалы, кімнен: Досжанов Едіге Әлиасқарұлынан.

  • одан төмен сол жаққа факс нөмері жазылады. Мысалы, факс: 13 – 01.

  • оң жақ шетке, құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады. Мысалы, көлемі: 7 (жеті) бет.

  • факс нөмерінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмері жазылады. Мысалы: 8 – 3292 – 43-50-66

  • оң жаққа, құжат көлемі жөніндегі мәліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.

  • сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады. Мысалы: 1 жарты жылдық есеп.

  • оң жаққа, қажет болған жағдайда датамен төмен құжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, көшірмесі: Аяпова Назира Жакенқызына.

Осыдан кейін бланк көлденең жіңішке сызықпен сызылады да, сызықтан кейін “Тез қаралуға тиіс”, “Құпия”, “Қажетті белгілер соғу үшін” сияқты қосымша ескертулер жазылады. Бұдан кейін де көлденең жіңішке сызық сызылып, негізгі мәтін жазылады.

Мекемеге факс арқылы жіберілген құжаттар арнайы журналға тіркеледі.

Факсы и E-mail

Факс – это документ, полученный с помощью специального аппарата (телефакс) по телефонным каналом связи. Факс является копией переданного документа. По телефаксу могут быть переданы любые виды документов и приложений к ним: таблицы, чертежи, схемы, рисунки, фотографии. Факс – это разновидность переписки между деловыми партнерами, организациями. Оформление факса аналогично оформлению делового письма.

Дополнительными данными, которые проставляет сам аппарат (телефакс), являются:

  • указание (код) отправителя; дата и время передачи;

  • номер телефакса (аппарата), с которого передана информация; количество страниц;

Отправитель факса должен получить подтверждение (COMMUNICATION TX REPORT) о том, что информация дошла до получателя, в котором указывается:

  • код фирмы получателя; номер телефакса получателя;

  • дата; время и продолжительность передачи;

  • количество полученных страниц (Р); результат (RESULTS);

Главной является графа «RESULTS», в которой ставиться «ОК» (o’key), если сообщение получено полностью и без ошибок, если NG (негатив), если имелись сбои во время получение факса.

Ряд телефаксов указывает код ошибки и страницу, на которой произошел сбой при приеме.

ФАКСТЕР

Кәсіпорынның атауы Кәсіпорынның басшысы

Кәсіпорынның мекен-жайы

" " 2001ж. № факс (095) 141 1526

№ " " 2001 ж.

" " 2001 жылғы № шот бойынша төлемді кешіктіру туралы

Құрметті !

"Технократ-105" жабдығының комплектісін жеткізіп беру туралы " " 2001 жылғы №

шот бойынша төлемнің кешіктірілгенін естеріңізге саламыз. Шотты Сіздерге факс бойынша 10 күн бұрын жібергенбіз.

" " 2001 жылғы № келісім-шарттың 6.4. тармақшасына сәйкес 5 банктік күннен

кейін кешіктірілген төлем үшін өсімақы есептеледі.

Біз Сіздер тез арада мәселені шешеді деп сенеміз.

Директор қолы аты-жөні

Р.S. Бүл ескертпені алған кезде Сіздер төлемді төлеп үлгерген болсаңыздар, біз Сіздерге тек қана алғысымызды білдіреміз.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨШІРМЕ (Е-mail)

193.193.238.66 Е-mail

Электрондық көшірме (Е-mail)

193.193.238.66 Е-mail

Кімнен: Жанәділова Жанымкүл

Кімге: OblNK ListMember zdzhanadilova@mqd/kz

Жіберілді: 2001 жылдың 11 қаңтары, 18:57

Қосу: АТТ00000hтм КазначМФРК таблица по БК200г.дос; Классиф. сравнит.

Тақырыбы: Жіберілді: жаңа БК классификациясын қолдану туралы (01)

Бастапқы хабар

Кімнің: У.Ш.Тоғауытова

Жіберілді: 2001 жылдың 11 қаңтары 18:51

Кімге: Жанәділова Жанымкүл

Тақырыбы: Жаңа БК классификациясын колдану туралы

Маңызы: Өте жоғары

---Original Message---

From: Торгаутова У.Ш.

To: oblnk@mgd.kz

Sent: Thursday, January 11, 2001 12:36 РМ

Subject: По применению новой БКлассификации

Міндетті түрде алғандығы туралы растау қағазын жіберу керек.

13 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Басқару, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық.

Сабақтың мақсаты: Бұйрықтың мазмұны, түрілерімен танысып, үлгілерін жазу.

Бұйрық

Бұйрық – мекемедегі, ұйымдағы, кәсіпорындағы кадрларға байланыс мәселелерді іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бір түрі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі, жеке іс-парағы сияқты құжаттарға қатысы бар. Өйткені бұлардың барлығы да еңбек кітапшасында тіркеледі. Ал еңбек кітапшасы азаматтардың еңбек ету, демалу, білім алу, зейнет ақымен қамтамасыз ету құқықтары туралы мәліметтер жинақтайды.

Бұйрық белгілі бір ұйым, мекеме басшыларына сол ұйым мекемелердің алдында тұрған негізгі және нақты мәселелерді тікелей және басқару негізінде шешуіне мүмкіндік беретін құқықтық акт.

Бұйрық ретіне қарай жеке адамға да, мекеменің жалпы іс-әрекетіне де қатысты болады.

Жазылу құрылысы: қағаздың сол жақ бұрышына іс-қағазының аты, күні, нөмері, жазылған жері, бұйрықтың тақырыбы жазылады. Одан әрі мазмұны, соңына бұйрық берушінің қызметі, аты-жөні жазылып қол қойылады, мөр басылады. Мазмұны екі бөлімнен: дәлелдеме және бұйрық бөлімінен тұрады. Екі бөлімнің аралығын “Бұйырамын” сөзі байланыстырады.

Негізгі сөздік

бұйрық шығару

- издавать приказ

бұйрықпен танысу

- ознакомиться с приказом

басқа жұмысқа ауысуына байланысты

- в связи с переходом на другую работу

денсаулығына байланысты

- в связи со здоровьем

зейнеткерлікке шығуына байланысты

- в связи с уходом на пенсию

тағайындалсын

- назначить

қабылдансын

- принять

босатылсын

- освободить

ауыстырылсын

- заменить

жүктелсін

- возложить

Үлгімен танысыңыз

№7 Бұйрық

“28” сәуір 2005 ж.

№18 орта лицей-мектебі

Талдықорған қаласы

Математика пәні мұғалімін жұмысқа қабылдау туралы

Дошаева Лаура Жанеділқызы 2005 жылдың 28-ші сәуірінен бастап жоғары сыныптардағы математика пәнінің мұғалімі етіп қабылдансын.

Қалалық Білім бөлімінің бастығы “27” сәуір 2005 жылғы №31 бұйрығы негізге алынды.

М.О

№18 мектеп директоры /қолы/ Д.М. Садықов

Бұйрықпен таныстым /қолы/ Л.Ж. Дошаева

14 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Терминологиялық сөздікпен жұмыс. “Іс жүргізу және мұрағат ісі” сериясы.

Сабақтың мақсаты: Терминологиялық сөздікпен жұмыс жүргізуді, қолдануды үйрету, онымен жұмыс істеуге баулу.

Тапсырма: әр студентке мәтін беру, терминдерді көшіріп жазу, аудармасын табу.

Қазақстан Республикасының Мәдениет,

ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Қазақша – орысша

орысша – қазақша

терминологиялық сөздік

“Іс жүргізу және мұрағат ісі”

сериясы 29-шы том.

Мысалы:

автобиография

– өмірбаян

адрес приветственный

– құттықтау хат

акт

– акт

акт государственной власти

– мемлекеттік билік акті

акт записи гражданского состояния

– азаматтық халді тіркеу акті

акт подзаконный

– заңға тәуелді акт

акт нормативный

– нормативтік акт

акт нотариальный

– нотариалды акт

акт юридический

– занды акт

акты законодательные

– заң актілері

акты интерпретационные

– түсіндіру актісі

Республикалық мемлекеттік “Рауан” баспасы. Алматы 2000 ж.

15 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Құттықтаухат

Сабақтың мақсаты: Құттықтаухаттың үлгісімен, жиі қолданылатын сөздерімен танысу

Тапсырма: Құттықтаухаттың үлгілерін жазу

Құттықтаухат мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.

- Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]