Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

Телефонхат

Телефон, радио байланысы арқылы да құжаттар жіберіліп, қабылданады. Мекемеде жіберілген, келген телефонограммаларды тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. Олар екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберілген телефонограммалар мәтіндерін жазуға арналады.

Телефонограмма құрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ. Оның құрылымына адресаттың толық аты-жөні негізгі мәтін, жіберушінің аты-жөні, жіберілген телефонның нөмері, уақыты және айы, күні, жылы жазылады.

Үлгімен танысыңыз.

Тарих-филология факультетітің деканы А.М.Садықовқа.

Наурыздың 30-ы күні сағат 16:00-де Бас оқу ғимаратының мәжіліс залында кредиттік технология бойынша дәріс беруге арналған семинар өтеді. Осы мәліметті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары М.Ш.Сәлімгереева, И.Б.Ахметова және Г.С.Сүлейменоваға жеткізуіңізді сұраймын.

Қол қойған: ЭжҚФ-нің деканы К.У.Тұрмағамбетова.

Жіберуші: Байжұманова Г. тел. 22-07-89

Наурыздың 29-ы, 2005 жыл, сағат 14:00

Телефонограмма

                                                                                                    16 сағ. 35 мин.

 “Қазақстан темір жолы” ЖАҚ Ұлттық компаниясы Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп Департаменті.

Хабарлаған – мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы

_________________

Тел. 55-86-68

Қарағанды ФЭЦ

Қабылдап алған: аудармашы

Тел. 40-84-58

Телефонограмма

 

00.00.00. № 5 16 сағ. 35 мин .

Астана

 

           Мемлекеттік тілді оқыту мәселесі бойынша ұйымдастырылған қосымша іс-шаралар туралы ақпаратты толық көлемде және белгіленген мерзімде департаментке ұсыныңыз.

 

Департаменттің бастығы ____________

12 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Визит карточкасы – іскерлік қарым-қатынастың атрибуты.

Сабақтың мақсаты: Визит карточкалары атқаратын қызметтерімен таныстырып, үлгілерін дайындату.

Визит карточкалары

Қазіргі кезде визит карточкалары адамдардың іскерлік қарым-қатынасының бөлінбес атрибутына айналды. Сіздің визиткаңіз іскерлік қатынасты да, жеке басыңызға қатысты қарым-қатынасты да дамыту үшін не істеу керек? Визит карточкасы қандай болу керек?

Әдетте визит карточкасының бет жағына, анық оқылатын шрифтімен (негізгі жазулар үшін жартылай қанық бояулы Times-14 қолданылады):

  • Аты, жөні жазылады. Фамилия үлкен әріптермен теріледі. Мысалы, БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы. Ағылшын тілінде жазылатын вариантында алдымен фамилия, содан кейін әкесінің атының бірінші әріпі және өз аты жазылады. Мысалы, BEKBOLATOW K. Asan.

  • Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады. “Міндетін атқарушы”, “уақытша орындаушы”, “уақытша” сөздері визит карточкаларына жазылмайды. Мысалы, уақытша директор, бөлім бастығының міндетін атқарушы т.с.с. Ресми қабылданған, көпшілікке түсінікті қысқарған сөздерді ғана пайдаланыңыз. Бұл сіздің визиткаңыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға өз әсерін тигізеді.

Қызметі істейтік мекеменің аты толық жазылғанда иерархия сақталуы керек. Мысалы,

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі,

кадрлардың бас басқармасы,

әкімнің бөлімі. 7-сектор.

Заң тобы.

  • Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар визит карточка иесінің іскерлік қатынас қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Визитка иесінің белгілі қызметі болмағанда немесе атқаратын қызметін жасырын ұстау қажет болғанда ғылыми дәрежесі, әскери т.б. атағы ғана көрсетіледі. Мысалы,

“КҮНҒОЖАНОВ Абылай Арнайұлы

Авиация генерал-майоры”

  • Толық адресті жазған кезде хат-хабар алуға оңай болуы үшін индексті де жазып қоюға болады.

  • Үйдің телефоны.

  • Жұмыс орнының толық адресі көрсетіледі.

Енді Визит карточкаларының безендірілуі туралы. Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ. Бірақ көбінесе ол 50 х 90 мм-лік көлемдегі қатты қағазда жасалады.

Визит карточкаларының түр-түсі:

  • үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестіріп жасайды.

  • қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр, күміс жасыл түстері.

Ақ түс — қолының және ниетінің ақтығының символы болса, мемлекеттік ту түсі — мемлекеттік құрылымда істейтіндігін біддіреді және отанына адал қызмет ететіңдігін көрсетеді.

қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сүр, күміс, жасыл түстері.

Түрлі дәрежедегі басқару органдарында Істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фон көгілдір, шрифт — қара көк, фон — ақшыл сия түсті, шрифт — сия түсті, фон '— ақшыл қоңыр, шрифт - қара қоңыр т.б.) қалайды. Әр мамандық иесі өз қалауына қарай таңдап жасатады. Мысалы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатқанды жақсы көреді. Орман шаруашылығы қызметкерлері өз визиткаларының фонын көп жағдайда жасыл түске жақын етіп жасатады. Полиграфист қай тонды таңдаса да шрифті міндетгі түрде қара түспен береді.

Творчество адамдары өз визиткаларының бірден көзге үрып түратындай болғанын қалайды. Осыдан келіп өз визиткаларын түрлі түстерді бір-бірімен сәйкестендіріп немесе түрлі фигуралар мен өрнектер, бедерлер сала отырып жасайды. Сондықтан жазушы визиткасынан төгілген сияның суретін, музыкант визиткасынан нота белгілерін көруге болады.

Ғылыми интеллигенция, ішкі істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым қызметкерлері көбіне ақ фонмен, шрифтері қара, артық-ауыс белгі, фигуралары, сызықтары жоқ визиткалар жасатады.

Қызғылт жөне қызыл түсті визиткалар сирек кездеседі.

Енді визиткалардағы рәміздерге (символдар) келейік.

Мемлекет қайраткерлері мен партия қызметкерлері өз визиткаларында мемлекеттік ту мен елтаңба белгісін орынды, орынсыз орналастыра береді. Түрлі сала қызметкерлері өз мамандығына байланысты эмблемаларды көрсетеді. Фирма қызметкері — өз фирмасының эмблемасын береді. Географ визиткасынан компас т.с.с. белгілерді көруге болады. Творчество адамдары пушкин қаламынан бастап, түрлі сән үлгісімен жасалған шашқа дейінгі кез келген нәрсені бере береді.

Іссапар, конференция, семинар, көрме т.б. іскерлік байланыс жасалатын жерлерге жиналғанда визиткаларды жеткілікті етіп алып шығыңыз. Бұл жерлерде визиткалар сіздің жеке басыңыздың құжаты ретінде де, кепілдеме ретінде де сізге көп пайдасын тигізеді.

Визит карточкаларына кейбір жағдайда бір-екі ауыз сөз жазып та тапсыруға болады. Мысалы, сіз кездесу үшін іздеп келген адамының орнында болмады. Өз визиткаңызды ол адамға тапсыру үшін хатшыға тастап кетуге болады. Ол адамға арадағы жұмыс мақсаты мен мазмұнына қарай: “Жауап күтемін”, “сейсенбі сағ. келемін”, “кешірім өтінемін” т.б.

Визит карточкалар арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдайды ескерте кеткен жөн.

  1. “p.f” белгісі құттықтау мағынасын береді. Мысалы, “p.f 8/III-2005”.

  2. “P.C” – көңіл айту мағынасын береді.

  3. “P.r” – алғыс, рахмет айту, ризашылық білдіру мағынасын береді.

  4. “P.p” - әріптесіңізге жаңа адамды таныстыратын кепілдеме ретінде қолданылады.

  5. “P.p.c” – қоштасу мағынасын береді.

Тапсырма: Өз визит карточкаларыңызды дайыңдаңыз.

13 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Бұйрықтың құрылымы және мазмұнымен танысу.

Сабақтың мақсаты: Бұйрықтың құрылымы және мазмұнымен таныстырып, құрастыра білуге үйрету.

Бұйрық — жетекшінің мекемені басқару барысында, алда түрған маңызды, агымдағы, күрделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

Бұл құжатғың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бүйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бүйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бүйрықты 2 топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі Жұмыстарына байланысты; 2) жеке қүрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бүйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бүйрықтың мынадай реквизитгері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бүйрық мәтіні әдетте 2 бөліктен түрады. 1) констатациялық; 2) өкімдік. 1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бүйрықтың мақсаты, бүйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазьілады. Мысалы,

Қазақстан Республикасы

Қаржы полициясы агенттігі

Алқасының құрамын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігіндегі кадрлық өзгерістерге байланасты БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Алқасының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Алқасының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Төраға

Қаржы полициясы полковнигі Б.С.Серікбаев

14-15 СОӨЖ.

Сабақтың тақырыбы: Дәрісханада жұмыс. Жаттығулар орындау.

Сабақтың мақсаты: Студенттердің жаттығулар орындау барысында сауаттылығын арттырып, алған білімін бекіту.

Баспасөз беттерінен ҚР Президентінің Жарлығын жазу

Жарғы

Жарғы– ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, қоғамдық ұйымдардың жарғыларын съезд қабылдайды және бекітеді.

 

Жарғының жасалуы үшін қажетті мәліметтер:

–   мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) атауы;

–   құжаттың түрі;

–   индексі, күні, жасалған грифі;

–   мәтіні;

–   кәсіпорын басшысының қолы.

 

Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жазылады:

Жалпы ережелер.

Негізгі міндеттер.

Атқаратын қызметі.

Құқықтары мен міндеттері.

Басшылық.

Қарым-қатынас. Байланыс.

Өндірістік-шаруашылық қызмет.

Мүлік және құралдар.

Қызметті бақылау, тексеру жүргізу.

Қайта құру және жою.

 

Заң құжаттары: жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы, қажетті реквизиттері, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  Ж А Р Л Ы Ғ Ы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК  МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАУЛЫ КҮНДЕР ТУРАЛЫ

Қазақстандық патриотизм мен кәсіптік мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қ а у л ы  е т е м і н :

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер мен атаулы күндердің тізбесі бекітілсін. 2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                        Н.НАЗАРБАЕВ

Ақмола, 1998 жылғы қаңтардың 20-сы.

Қазақстан Республикасы    Президентінің 1998 жылғы    20 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК             МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАУЛЫ КҮНДЕРДІҢ ТІЗБЕСІ

Отан қорғаушылар күні                                             - 7 мамыр Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні                                                              - 31 мамыр Баспасөз күні                                                            - 28 маусым Спорт күні                                                                 - 13 тамыз Білім күні                                                                   - 1 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні                                 - 22 қыркүйек Ұлттық валюта-теңге күні                                        - 15 қараша

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]