Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668.16 Кб
Скачать

Сенімхат

Сенімхат – белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің (пәтерді сату немесе сатып алу, зейнетақыны немесе жалақыны алу) орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады. Сонымен қатар, сенімхат мекеменің атынан бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін іс қағазының түрі. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкіге жазылады да мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, жеке куәлігінің номері қоса жазылып қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Негізгі сөздік

жеке басының куәлігі

-удостоверение личности

сенім білдіремін

-доверяю

менің атымнан

-от моего имени

өкілетті етемін

-уполномачиваю

қажетті құжаттар

-необходимые окументы

менің орныма қол қою

-расписаться за меня

... дейін өз күшінде

-действительно по ...

нотариалдық кеңсе

-нотариальная контора

сенім білдіруші

-доверитель

анықталды

-установлен

әрекетке қабілеттілік

-дееспособность

тізбе

-реестр

тіркелген

-зарегистрировано

мемлекеттік салым

-государственная пошлина

Үлгілермен танысыңыз Сенімхат

Мен, Саттарова Нүрия, көршім Құрманова Асылға Талдықорған қ., Тәуелсіздік к., 17-үйде тұратын, 2005 жылдың қаңтар айының зейнетақымды алуға сенім білдіремін.

Жеке куәлік №_________________________ берілген күні____________________________

08 қаңтар 2005 жыл /қолы/

Нотариус

Ержанова Аңсарым

№ 111019888 ________________________________________қолын растаймын

Тапсырма:

  1. Оқыңыз, жазыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Мен, Сұлтанов Таймас, азамат Дошаев Асылбекті

  • маған келетін пошта, хат-хабарларын алуға,

  • пәтерімді сатуға,

  • пәтерімді жеке адамдарға уақытша жалға беруіне,

  • банкідегі есептерімді пайдалануына,

  • барлық мекемелерде мінің істерімді жүргізуге,

  • барлық сот мекемелерінде менің өкілім болуға өкілетті етемін.

Мұрагерлік істі жүргізу жөніндегі Сенімхат

Мен, азамат Садықов Дархан, жеке куәлігін №060719875 ҚР ІІМ 17.09.1985, мекен жайым Орал қаласы, А. Байтұрсынұлы көшесі, 71-үй, 5-пәтер.

Орал қаласы, Набережная көшесі, 97-үйде тұратын азамат Есенгелдин Жомартқа туған атам Садық Бақытовтың қайтыс болғанынан кейін қалған мүлікке:

  • жекеменшік үй: Орал қаласы, Бейбітшілік көшесі, 47-үй;

  • ВАЗ-2110 автокөлігі

менің мұрагерлік құқығымды ресімдеуіне сенім білдіремін.

Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты

  • Менің атымнан өтініш жазуға,

  • Анықтамалар мен құжаттар алуға,

  • Менің орныма қол қоюға,

  • Мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алуға өкілетті етемін.

Сенімхат 2004 жылдың 18 қаңтарына дейін берілген және 7 ай өз күшінде.

2003 жылғы 18 маусым. /қолы/

Осы сенімхатты 2003 жылғы 18 маусымда мен, Төлегенова Нұрсипат, Орал қаласы, №40 нотариалдық кеңсесінің нотариусы, куәландырамын. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді.

Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №107 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық 300 (үш жүз) теңге алынды.

Нотариус

(Мөрдің орны)

қолы

7 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қолхат жазудың тәртібі.

Сабақтың мақсаты: Қолхат жазуды, құрастыруды практикалық жолмен меңгерту; жіктеу есімдігі, өткен шақ және ауыспалы осы шақ формаларын қайталау; жалқы есімдерді, реттік және есептік сан есімдерді қайталау.

Тапсырма:

Оқыңыз, жазыңыз, аударыңыз.

Қолхат, кепілхат, қолхат беру, кепілхат беру, нотариусқа бару, нотариустың қолы, қолхат берілген орын, жеке басының куәлігі, ІІМ, алған ақшаның пайызы, төлеп тұруға міндеттенемін, басқа талабым жоқ, міндеттемелерді орындау.

Қолхат

Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас.

Негізгі сөздік

куәландыру

- удостоверяю

Тараптардың қолы

- подписи Сторон

міндеттенемін

- обязуюсь

пайыз төлеу

- уплатить процент

үш дана етіп жасалған

- составлено в трех экземплярах

келісімшартқа сәйкес

- в соответствии с договором

басқа талабым жоқ

- других претензий не имею

кепілхат

- гарантийное письмо, поручительство

жекеменшік

- собственность

қолхат беруші

- подписывающий

Қолхат үлгілерімен танысыңыз

15 тамыз 1998

Қолхат

Мен, Жоланова Гүлнар, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға мінднттенемін.

1999 жылғы 1 қазан

(қолы)

Тұрақты тіркестерді пайдаланып, берілген тақырыптарға қолхат жазыңыз

Айып төлеуге, міндеттемелер орындалмаған жағдайда, келісімшарттағы міндеттемелер, алынған ақшаны (қарызды), дер кезінде қайтаруға.

  • қарызға ақша алу;

  • мекеменің машинасын уақытша пайдалануға алу;

  • жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалану.

9 Практикалық сабақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]