Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

30. Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы.

Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыру жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мыңдаған колөнер шеберлері құлдыққа айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдық, жауыздық әрекеттерге жол берілді. Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және қалалық мәдениеті мешеу қалды. Марко Полоның айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерінде қалалардың «әскер енгізуге бөгет жасайтын қамал-қабырғалары мен қақпалары болуына рұқсат етпеді. Осылай ауыздықталған халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды». Жетісу қалалары жаугершілік кезінде қиратылған жоқ. Бірақ Жетісудың үстімен өткен қисапсыз көп әскер атының тұяғымен, тонауымен-ақ бұл ауданның шаруашылығына орасан зор зиян келтірілген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейінгі он жылдың ішінде қалалар қиратылып, егістік жер мал жайылымына айналдырылды. Монғол феодалдары үстемдік құрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырықшы-егіншілік дамыған, халық тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды. Монғол шапқыншылығының бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық катынастардың жақсаруына үлес қосты, байланыс және көлік қызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халықтар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халықтар жайлы мәліметтер таратты. Монғол феодалдары үстемдік кұрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырыкшы-егіншілік дамыған, халык тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды.

31. Қазақстан аймағы монғол ұлыстарының құрамында

Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]