Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

140 Қ.Р егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср –нің мемлекеттік егемендігітуралы декларация. Қ.Р –ның мем-к тәуелсіздігі туралы заң.

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. 1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары",- деп жазылған.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]