Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

124. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.

Қазақстан – май­дан ар­се­налы (1941–14–945 жж.)

Соғыс­тың алғашқы күнінен бас­тап Қазақстан май­дан ар­се­нал­да­рының біріне ай­нал­ды (ар­се­нал – күш-қуат, қару-жа­рақтар қой­ма­сы).

Қараған­ды шах­терлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн тон­на көмір өндірді, бұл шах­та­ның бүкіл өмір бойы өндіргенінен 3 млн. тон­на ар­тық еді. Орал-Ембі мұнай­лы ауда­нының кәсіпо­рын­да­ры сұйық отын шығару­ды 39 пайызға арт­тыр­ды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.

Көмір өнеркәсібі

1941 жығы 27 қара­шада БК (б) П ОК «Қараған­ды көмірін ти­еу ту­ралы» шешім қабыл­да­ды. Мұнай өнеркәсібі

Әске­ри-ша­ру­ашы­лық жос­парға сәй­кес Еділ бойы, Ба­тыс Сібір, Қазақстан мен Ор­та Азия аудан­да­рын­да қара және түсті ме­тал­лурги­яны, отын-энер­ге­тика­лық өнеркәсіпті, темір жол транс­пор­тын же­дел да­мыту қолға алын­ды. Ембіде мұнай көздерін бар­лап өндіру, Қараған­ды мен Маңғыс­та­уда шах­та­лар, бірқатар электр стан­са­лары мен балқаш мыс қоры­ту за­уытын­да от пен мыс та­зар­ту це­хы құры­лыс­та­рын са­лу белгіленді. Қазақстан­дағы отын-энер­ге­тика комп­лексі мен түсті ме­тал­лурги­яны да­мыту нұсқауы бойын­ша КСРО-ның соғыс ке­зеңіндегі ха­лық ша­ру­ашы­лық жос­па­рының құрам­дас бөлігі ретінде қарас­ты­рыл­ды. Соғыс­тың алғашқы бір жа­рым жы­лын­да 12 жаңа шах­та іске қосыл­ды.

Соғыс жыл­да­рын­дағы ірі құры­лыс­тар

1941 жылғы шілде­де Шығыс Қоңырат мо­либ­ден кен ор­ны­ның, Балқаш мыс қоры­ту за­уытын­дағы мыс та­зар­ту және ұса­тып-үгіту цех­та­рының құры­лыс­та­ры әске­ри маңызы бар екпінді құры­лыс деп жа­ри­ялан­ды. Қысқа мерзімнің ішінде су кор­пу­сын – ар­на­улы мо­либ­ден це­хының құры­лысын аяқта­ды. 1941 жыл­дың 7 қара­шасы­на қарай еліміздің ме­тал­лурги­ялық за­уыт­та­рына қажетті алғашқы мо­либ­ден өнімі шығарыл­ды. Бұл құры­лысқа Орал мыс кеніштерінің бұрғыла­ушы­лары келді. Ақша­тау мо­либ­ден-воль­фрам ком­би­натын са­лу аса ірі екпінді құры­лысқа ай­нал­ды.

Темір жол

Рес­публи­ка көлік қаты­насы ұжым­да­ры да өз жұмыс­та­рын соғыс уақыты­на бейімдеп, қай­та құрды. По­ез­дар қозғалы­сы ауыс­па­лы гра­фик­ке көшірілді. Бірінші ке­зек әскер­лер мен әске­ри жүкке берілді, жо­ла­ушы та­сымал­дауға шек­теу қойыл­ды. Түркістан-Сібір темір жо­лын­да ша­ру­ашы­лық жүктерін та­су жы­лына 2,5 есе өсті. Бүкіло­дақтық жа­рыс жеңімпаз­да­рының қата­рын­да 1942 жылғы ма­усым­да Түрксібтің Шар бөлімі де бол­ды. Бұл ұжымға ең жоғарғы наг­ра­да – МҚК-нің ауыс­па­лы Қызыл Туы тап­сы­рыл­ды.

Се­ло еңбек­керлерінің ерлігі

Қазақстан­ның кол­хозшы ша­ру­ала­ры соғыс­тың жеңіспен аяқта­лу­ына қомақты үлес қос­ты. Рес­публи­каның кол­хоз-сов­хозда­рына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау ба­сып алған аудан­дардан көшіп кел­ген ша­ру­алар еңбек­те ерліктің үлгісін көрсетті.

Қазақстан еңбекшілері та­ры өсірудің ше­бері – Шығанақ Бер­си­евті, атақты күрішшілер – Ыбы­рай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашыл­дар мен ас­тықтан мол өнім алу­дың май­тал­манда­ры Мұни­ра Са­тыбал­ди­наны, Ан­на Дац­ко­ваны, Нүрке Ал­пысба­ева­лар­ды және т. б. орын­ды мақтан етті. Ақтөбе об­лы­сы Ойыл ауда­нының озат та­ры өсірушісі Ш. Бер­си­ев та­рының қуаңшы­лыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сор­тын өсіріп шығар­ды. Ол 1942 жы­лы әр гек­тардан – 175ц, ал 1943 жы­лы – 202ц. өнім жи­нады. Қызы­лор­да­лық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жы­лы әр гек­тардың өнімін 192ц. жеткізді.

Мал ша­ру­ашылғы өнімдерін өндіру мен қоғам­дық мал ба­сының өсу жос­парла­ры ой­дағыдай орын­да­лып отыр­ды. Мал­шы­лар ара­сынан көпте­ген рес­публи­каға та­нымал еңбек озат­та­ры шықты. Мы­салы, Жезқазған ауда­ны Аман­келді атын­дағы кол­хоздың шо­паны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қой­дан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Аты­рау об­лы­сы «Жаңа та­лап» кол­хо­зының жылқышы­сы Ш. Шұғаипо­ва бір мыңнан ас­там жылқыны ешқан­дай шығын­сыз бақты. Қоғам­дық мал ба­сы Рес­публи­када соғыс жыл­да­рын­да 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жы­лы Бүкіло­дақтық еңбек жа­рысын­да мал ша­ру­ашылығын өркен­де­тудегі ора­сан зор та­быс­та­ры үшін Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жаңақала, Гурьев об­лы­сының Қызылқоға аудан­да­ры КСРО Қорғаныс ко­митетінің ауыс­па­лы Қызыл Ту­ын жеңіп ал­ды. Жал­пы соғыс кезінде Қазақстан­ның ауыл-се­ло еңбек­керлері өздерінің пат­ри­от­тық және еңбек па­рыз­да­рын ай­тар­лықтай өтеді. 1941–1945жж. олар май­дан мен ел­ге 5 829мың тон­на ас­тық, 734мың тон­на ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]