Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

83.XiXғ.Аяғы- xXғ. Басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару

XIX ғасырдың II жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп,жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттық аймақтарға қоныс аудару мәселесін қолға ала бастады.XIX ғасыпрдың 60жылдарынан бастап орыс шаруалары Қазақстан жеріне қоныс аудара бастады.1868 жылы «жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы »ереже қабылданды.1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу,Семей,Орал,Сырдария,Ақмола обылыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті.1883 жылы «Жетісу обылысына орыс,ұйғыр,дүнгендерді орналастыру туралы» ереже қабылданды.1889 жылы «Село тұрғындарының Қазыналық жерлерге өзі еркімен қоныс аударғандар мәселесін қарау жөніндегі »ереже қабылданды. Қазақстан жеріне қоныс аударған шаруаларға жан басына 15 десятинадан жер берілді.Жетісу облысына 1868-1880 жылдар аралығында 2099 шаңырақ қоныстанып үлгерді .Ақмола облысына 1855-1893 жылдар аралығында 10940 орыс отбасы қоныстанып,оларға жергілікті қазақтардан 251779 десятинп жер алынып берді.

84.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы.

1862-1877 жылдары Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліске қазақ,қырғыз халықтары да қатысты.Көтеріліс нәтижесінде ұйғыр мемлекеті құлады.Кейін Цинь империясы ұйғыр мемлекетін құлатып,көтерілісті басқан соң ,ұйғырлар мен дүнгендер мекендеген шығыс Түркістан жерінде Қытайдың Шыңжаң провинциясы құрылды.Осыдан кейін бұл жерлерді мекендеген Ұйғырлар мен дүнгендерді Цин империясы қыспаққа ала бастады.Бұл жағдай аталған халықтардың Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды. XIX ғасырдың 80 жылдарында ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жкріне қоныс аударуы басталды.Қоныс аударған Ұйғырлар саны 45000 Дүнгендер 5000 болды.Жаркент,Ақсу,Малыбай,Қарасу,Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалад.1897 жылы Ұйғырлар саны 55990 адамға Дүнгендер саны 14136 адамға жетті.Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақылдар ішінде би­дай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді.Ұйғырлар сондай-ақ мақта өсірумен және ішінара жібек құртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады. Жетісуда қоныс аудару қоныстандырушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да до­бал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т. б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылда­рын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар – қазақтар мен қырғыздардың әсерімен дүнгендер мал шаруашылығымен айналыса бастады.Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті.

85) Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. Ресей ықпалына біртіндеп өтуі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне өзгерістер әкелді.Дала өлкесін отарлау,империяның құрамына енгізілуі Қазақстанның мәдени,рухани өзгерістерін де тереңдете түсті. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастайды. Ғалым-картографтар,геогрофтар,минерологтар,тарихшылар ғылыми,кейде әскери экспедициялар құрамында жүріп зерттелмеген,алғашқы зерттеу,қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен,материялдық мәдениетімен,тарихымен танысты. Князь Александр Бекович-Черкасскийдің алғашқы ірі экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталып ,Хиуаны бағындыруға аттандырған әскери бөлім түгелге жуық қырылғанымен,Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды.

86. Хіх ғ.ғы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман» мектебі. Ақын-ойшылдар; Д.Б,Ш.Қ,М.М. еңбектері.Xix ғ адамзат тарихында мәдениеттің, ғылым мен білімнің, әдебиетпен өнердің дамуында ерекше орын алды. Хіх ғ.ң ортасына қарай бүкіл қазақ жері Ресей құрамына өтті. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығына капиталистік қатынастың енуі ерекше орын алды. 1822 ж :Сібір қырғыздарының жарғысы:, 1824ж : Орынбор қазақтарының жарғысы:, экономикалық, әкімшілдік және саяси мәселелерді ғана қамтып қоймай, сонымен бірге мәдениетпен білім беру ісін тездетті. Бірақ патша өкіметі отар халықтың сауатты болғанын қаламады. Оқыту орыс тілінде жүргізілді. Қазақ балаларына тұңғыш мектеп Бөкей ордасында Жәңгір ханның бастамасымен 1841 ж ашылды.Шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар мен орыс-қазақ училищелерімен мектептері, көптеп ашыла бастады. Ғасырдың соңына қарай Қ.да 730 бастауыш мектеп жұмыс жасады. Қазақ жерін отарлауды күшейтті, жерінен айырылған қазақтар әдет-ғұрып пен қазақы мінезіненде айырыла бастады. Осыған жаны ашып жырлаған ақындарды М. Әуезов «Зар заман жыршылары» д.а. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев халықтың мұң-мұқтажын жырлаушыларды «Зар заман» мектебінің ойшылдары деп атады.Солардың бірі –Дулат Бабатайұлы,(1802-1874),Шортанбай Қанайұлы(1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906). Бұлар Қ-ның Ресейге қосылған кезеңін өте ауыр кезең ретінде суреттейді, өлкедегі тауар-ақша қатынастарын, қазақ қоғамында пайда болып жатқан әлеуметтік топтарды сынға алды. М.М «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қатты дүние-ай». Д.Б «Бейшара менің қазағым», «О,Сарыарқа,Сарыарқа».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]