Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

147. Қазақстан халқы ассамблеясы мен форумдары

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.

ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея:

мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;

тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;

ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;

Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау

ісімен айналысады.

Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.

ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.

ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.

2007 ж. Конституцияға еңгізілген түзетулер бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне ҚХА 9 депутат сайлайды.

171. ҚР демографиялық дамуы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мемлeкеттік демографиялық саясаттың тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) елдің демографиялық дамуының негізгі қағидаттарын, басымдықтарын және міндеттерін білдіреді. Аталған Түжырьімдамада демографиялық даму ретінде халық санының өсуін ынталандыруға бағытталған, ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерге жауап беретін саяси, әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық шаралардың кешені ұғылады Демографиялық даму экономиканың өсуіне, елдің қорғаныс кабілеті мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ел Президентінің "Қазакстан-2030" жолдауында күшті демографиялық саясат елдің үлттық қауіпсіздігінің жетекші басымдықтары қатарына шығарылды.Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік демографиялық саясаттың субьектілері болып табылады. Мемлекеттік құрылымдардың демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі әріптестері халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық және басқа да ұйымдар болуға тиіс.Тұжырымдама адамның негізге алынатын қүқықтарын сақтаудың негізінде жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік демографиялық саясаттың негізін айқындайды.Түжырымдама әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен елдің тұрақты экономикалық дамуға көшуінің қазіргі заманғы кезеңіне және ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.Елдің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы белгілі бір жәрежеде таяу болашақта демографиялық ламуды реттеу жүйесінің шектеушісі болып табылады. Мемлекеттқ демографиялық саясат халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қагидаттары мен нормаларына жоне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Зандарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Түжырымдама демографиялық дамуды реттеудің дүние жүзілік тәжірибесін ескереді.

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ

Демографиялық саясаттың мақсаты - дсмографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету.

Демографиялық саясатты іскс асыру кезінде мемлекепік өкімет органдарының алдында мынадай міндетгер тұр:

осіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;

олімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің үзақтығын ұлғайту;

тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрнақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру;

отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;

көші-қон процестерін реттеу;

коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін жауапкершіпікті арттыру;

экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.

Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:

нәсіліне, ұлттына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының тендігі;

осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауауды еркін таңдау;

аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың құрықтары туралы" және "Әйелдеріс катысты кемеітушіліктердің барлық нысындарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басының нелері ретінде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;

тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы меи демографиялық және коші-қондык процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, коші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;

демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын нормалардың негізінде орталық жәме аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимыльн қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;

халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әралуандықты сақтау және табиғатты үтымды пайдалануды ұйымдастыру.

МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі багыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде халық санының азаю қарқынын бәсендету жөнінде шара қолдану және оны тұрақтандыруға қол жеткізу қажет.

Бұл:

туудың қулдырауын бәсендету және оны тұрақтандырудың;

өлімді азайтудың және өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту;

көшіп кетуді азайтудың және репатрианттардың (оралмандардың) қайтып оралуына қолайлы жағдай жасаудың есебінен шешілетін болады.

Екінші кезенде:

тууды материалдық және моральдық ынталандырудың;

көші-қонның оң сальдосына қол жеткізудің есебінен сан жағынан да, сапа жағынан да халықтың жалпы өсімі қамтамасыз етілуі тиіс.

Мемлекеттік демографиялық саясаттың халықтың дамуын реттеудегі негізгі бағыттары қазіргі заманғы ахуалды және әлеуметтік-экономикалық дамудың алғы шарттарын қатаң есепке алуға негізделген неғұрлым өзекті проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары:

экономика мен әлеуметтік саланың барлық секторларының тепе-теңестірілген дамуын камтамасыз студің есебінен халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, шағын және орта көсіпкерлікті дамытуды;

санның ұлғаю серпінімен салыстырғанда елдің озыңқы экономикалық өсуі негізінде адамдардың тыныс-тірішілігі жағдайын сдәуір жақсартуды қамтамасыз ету;

салауатты өмір салтын насихаттаудың, адамның тыныс-тірішілігінің барлық элементтері профилактикасының, еңбек пен демалыстың, спорт ғимараттары мен спорт кешендерін пайдаланудың қол жетімділігі жөнінде шаралар қабылдаудың негізінде еліміз халқының денсаулық деңгейін көтеру;

халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және оның санитариялық-гигиеналық сауаттылығын көтеру жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды, бірінші кезекте, экологиялық қолайсыз аймақтарда, іске асыру;

халықтың, бірінші кезекте, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың еңбек жағдайының нашарлауына, нашақорлық пен алкоголизмнің таралуына байланысты жазатайым жағдайлардан, өдірісте улану мен жарақаттанудан өлімін азайту;

туберкулезбен, диабетпен және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен науқастануды азайту;

өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтаудың дамуы деңгейін арттыру есебінен әйелдермен салыстыргавда еркектер өмірінің ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту, зейнеткерлерге арналған әлеуметтік көмек және емдеу-сауықтыру мекемелері желілерін кеңейту. Жасы келген азаматтар үшін күндізгі стационарларды дамыту;

туудың құлдырауын бәсендету және оны турақтандыру, бала туылған кездегі, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар үшін материалдық жәрдемнің тізбесі мен көлемін ұлғайту жолымен тууды материалдық ынталандыру жүйесін құру;

өсіп-өну үшін денсаулықты сақтау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, өсіп-өну қам-қарекеті, ана болудың қауіпсіздігі, адамгершілік-жыныстық және мәдени-этникалық тәрбие, отбасылық өмірге даярлау мәселелері бойынша ақпарат жүйе құру, халықтың контрацепцияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістеріне деген қажеттігін қамтамасыз ету, оқу орындарының бағдарламасына валеология оқу пәнін енгізу;

ана мен баланың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласынлағы басымдықты багыт деп тану. Бұл бағыттың негізгімақсатты тапсырмасы: сәбилер олімінің коэффициентін томендету және құрылымын дамыған елдерге жақындату жағына өзгерту;

туу кезінде ана өлімін, жүктілік пен туғаннан кейінгі кезендегі асқынуды қысқарту;

адамның иммундық тапшылық вирусымен және СПИД-пен, және жыныстық жолмен жұғатын аурулармен зақымдануының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

әйел бедеулігінің алдын алу және оны емдеу, аборттың алдын алу және аборттың зардаптарын жою;

отбасы-неке қатынастарын нығайту жөніндегі заңнаманы жетілдіру және насихаттау, отбасы мәртебесін көтеру; еркекетің отбасы-неке қатынастарын нығайтудағы рөлі меп жауапкершілігін арттыру, жалғыз бастыларды таныстырудың түрлі клубтары желілерін дамыту;

эмиграцияны реттеу және ескертулік шараларды жузеге асыру жолымен көші-қондық азаюды бәсендету. Иммиграцияны реттеу, республиканың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, этникалық, қазақтардың елге оралуы жөніндегі жыл сайынғы экономикалық негізделген квотаны белгілеу;

өз отанына оралған отандастарымызды қабылдау және жайластыру үшін қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтік ортаға тезірек кірігуі үшін жағдайды қамтамасыз ету. Шет елдердегі қазақ диаспорасының қабілетті және дарынды балаларын, жасөспірімдері мен жастарын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларымен бірдей оқу орындарына қабылдау. Шет елдердегі қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;

этникалық қазақтар шығатын елдермен азаматтықтан шығудың оңайлатылған тәртібі туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қою;

иммиграциялық бақылауды енгізу және жүзеге асыру жолымен иммиграциялық процестің бақылануын қамтамасыз ету;

әр азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, халықтың өзін салауатты өмір салтын қалыптастыру процесіне тарту;

мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарын қалпына келтіру және олардың тұрақты жұмыс істеуі жөнінде шара қабылдау, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс үйлерінде оқушыларды сауықтыруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік білім беру ұйымдарына психологиялық қызметтерді құру, мектептерде, интернаттарда және мектеп жасына дейінгі ұйымдарда психолог және әлеуметтік педагог қызметін енгізу;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жоніндегі шараларды жүзеге асыру;

арнаулы түзету мекемелерінің, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің және мектеп-интернаттардың материалдық - техникалық базасын нығайту, балалық шақты әлеуметтік қорғаудың ғылыми-әдістемелік базасын құру, комелетке толмағандардың әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін кеңейту, корғаншылыққа мұқтаж балалардың мүліктік және басқа мүдделерін қорғау;

кәмелетке толмағандардың қылмыс, құқық бүзушылық жасауының және қадағалаусыздығының алдын алу жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеу. Түзеу мекемелеріндегі өндірістің мүдделерін, сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін еңбекке орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып, оларды оқыту жүйесін құру.

Демографиялық дамудың стратегияларын іске асыру:

бар нормативтік құқықтық кесімдерді, әлеуметтік-экономикалық және үйымдастырушылық-әкімшілік кадамдар мен іс-шараларды олардың демографиялық өсу жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкестігі бөлігінде тексеруді және жаңаларын жасауды;

демографиялық даму жөніндегі саясатты, стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеу үшін қажетті мемлекеттік ресурстар бөлуді, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, донорлар және мамандардың тарапынан көмектерді тартуды және пайдалануды;

демография жөніндегі тұжырымдамалық, ал кейін стратегиялық нүскауларды жалпыұлттық және салалық жоспарлауға және олардың мониторингіне міндетті түрде енгізуді;

деректерді жинау және талдау үшін ұлттық олуетті тығыз үйлестіруді жүзеге асыруды және нағайтуды, демографиялық дамуды кешенді зерделеу, болжау және жоспарлау ушін стратегиялық зерттеулер жүргізуді және деректердің базасын әзірлеуді;

демографиялық даму процестерін реттеу нүсқауларын насихаттауда және іске асыруда мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауды көздейді.

172. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеу деп-Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық, шаралар кешені түсініледі.

Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді. Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс.

Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.

Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін айқындайды.

Тұжырымдама еліміздің тұрақты дамуға көшу кезеңіне және экономиканың тұрақтануы мен өсуінің ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.

Тұжырымдама таяудағы перспективаға мемлекеттің саяси болмысын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын негізге алады, олар Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін реттеу жүйесінің шектеушілері болып табылады.

Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін ескереді.

Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:

көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;

көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;

жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;

Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;

жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.

Көші-қон саясатын іске асырудың басты бағдарламалық-нысаналық әдісі - республикалық көші-қон бағдарламаларын, өзге де нысаналы бағдарламаларды, атқарушы органдардың көші-қон проблемаларын шешуге бағытталған аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады. Бағдарлама көшіп-қонушылардың әртурлі санаттарының проблемаларын шешуге сараланған көзқарасты қоса, құқықтық, үйымдық және экономикалық шараларды көздеуге тиіс.

Көші-қон процестерінің елдегі мешекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық ахуалға ықпалының жан-жақты сипатын ескере отарып, көші-қон саясатын әзірлеуге және іске асыруға орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысуға тиіс.

173. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталуының ерекше мәні бар

Жолдаудың басты ерекшелігі - онда халыққа, қарапайым азаматтардың тұрмыс-тіршілігін көтеруге бағытталған модернизациялық бағыттар көрсетілді. «Әлеуметтік кепілдік» қай қоғамда болмасын әлеуметтік топтар үшін маңызы жоғары болатындығы рас. Сол үшін де бұқаралық ақпарат құралдарында «әлеуметтік кепілдік» мәселесінің қоғамның рухани түлеуімен, мәдени дамуымен жиі астарлас келуін атауға болады. Яғни, саяси билік үшін де, қоғам үшін де адам факторы басты болып саналады. Қоғамдағы адам факторы, оның әлеуетін арттыру әлеуметтік кепілдіктің өзі болып қала береді. Ал Қазақстан халқының әлеуметтік дамуы Елбасының жыл сайынғы Жолдауының басты бағытының бірі. Мемлекеттегі бұқара халықтың әлеуметтік ахуалы қашан да мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық нысаны болуы тиістігін ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауыларында басым бағыт беріп, ерекше атап өтеді. Елбасының осы жылдар ішіндегі жолдауларының атаулары айтып тұрғанындай, оларда ел, халық, азамат мүддесі басты назарда ұсталған. Биылғы Жолдауда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы­ның жалғасы ретінде экономикалық жаңғырту қадамдарына басымдық берілген. Сондықтан да оның әлеуметтік салмағы басым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет дамуының басты векторын таңдау тұрғанда Елбасы «алдымен экономика, сосын саясат» деп тектен текке айтпаса керек. Өйткені экономикасы дамыған елдің ғана саясаты салиқалы болып, идеологиясы мызғымас тұрақты болады. Білім беру мен денсаулық сақтау саласын өркендетудің, тілдерді дамытудың, соның ішінде қазақ тілінің дамуының басым бағыттарын атаған Президент саяси бағдарлаудың дәлелі ретінде алдағы онжылдықта елдегі мемлекеттік тілде сөйлейтін азаматтар санын 95 пайызға артуы тиістігін таяу болашақтан емес, бүгінгі күннен бастау алатынын ерекше атап көрсетті. Қашан да әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмайтын Елбасы Үкіметке азаматтарды жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын жасауды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жолдарын қарастыруды, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің тиім жолдарын табуды тапсырды.

174. ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы

Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті, әсіресі банк, несие, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі- нарықтық экономика екендігін адамзат тәжірибесі көрсетті. Көптеген экономистер нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде,- деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық қызметке ықпал етеді. Жақсы жұмыс істейтін нарық, нарық институттары әлсіз дамыған қоғамға қарағанда инновациялық қызметке рентабельділікті қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы төлем қабілеті бар сұранысқа сәйкес өндіріс көлемі мен құрылымын қалыптастырады. Нарыққа бағытталған экономиканың тармақталған инфрақұрылымдық сеті бар. Экономикалық ақпарат тауарлардың бар немесе жоқ болуы, саны мен сапасы, оларды өндіру шығындары, тұтынушыға пайдалылығы жөнінде хабарлайды. Қазақстан Республикасы өзінің дамуында нарықтық бағытты анықтап, реформаларды «ҚР тәуелсіздігі туралы» Конституция Заңын 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаннан кейін интенсивті түрде жүргізе бастады. Қазақстанның нарық қатынастарына көшуінің бастапқы шарттарын келесі түрде жалпылама сипаттауға болады. 1991 жылы және кейінгі жылдары да өндірістің қысқаруымен, әрекет етіп отырған басқару құрылымдарын нарықтық шаруашылықта тиімді әрекет етуге қабілеті бар жаңа органдармен ауыстырылусыз құлдырауыш жалғасатын әлеуметтік-экономикалық жүйе дағдарысы байқалған. Реформалардың басында әрекет етіп отырған «нарықтық» институттар, сауда және қамсыздандыру өткізу ұйымдары түбегейлі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделмеген еді. Дағдарыс қаржылық жүйесін де жаулап алды: ақша эмиссиясы өсті, ақшалай табыстардың өсуі тауарлы массамен қамтамасыз етілмеді. Тауар айналымының көлемі баға факторы есебінен артып отырды. Гиперинфляция кезеңі басталды. Үкіметпен қабылданып жатқан ең алғашқы іс-шаралар мен бағдарламалар, біріншіден, саясат, экономика, құқық, қаржы және әлеуметтік салаларда нарық қатынастарын қалыптастыру және дамыту бойынша іс-шаралардың кешенділігін қарастырған. Екіншіден, олар экономиканың макро және микро деңгейлерін, үшіншіден, өткізіліп жатқан реформалардың кезеңдер бойынша жүруін қамтамасыз етті. Қазақстан нарыққа көшу бағдарламалары: - институционладық реформа, мемлекет ролін қайта қарастыру, заңдылықтар реформалары, орындаушы биліктің қайта құрылуы, әлеуметтік қорғау жүйесін құру, мемлекеттік институттардың (салық жүйесінің, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін бақылау, ақша саясатын бақылау) реформасы; - макроэкономикалық тұрақтылықты, қатаң бюджеттік және несие саясаты, мемлекеттік бюджет тапшылығымен күресу; - баға және нарық реформасы: бағалардан бақылауды алып тастауды, өндірістік факторлардың бәсекелестік нарығын құруды және сауда либерализациясын; - кәсіпкерлікті дамытуды: жеке меншік секторының қалыптасуын, меншік құқығын нығайтуды, салаларға фирманың қол жеткізе және шыға алуын, кәсіпорындардың қайта құрылуын қарастырады. Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады. Қазiргi кезеңдегi мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi мен қызметi 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзiретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргiзiледi. Аталған құжат мемлекеттiк басқару жүйесiне елеулi өзгерiс әкелген 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалаудың кезектi шаралары атты Президент жарлығының жалғасы болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттiк органдар құрылымы келесiдей: • Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi; • ҚР-ның көлiк және коммуникация министрлiгi; • ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi; • ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлiгi; • ҚР бiлiм және ғылым министрлiгi; • ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлiгi; • ҚР стратегия жөнiндегi агенттiгi; • ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiк; • Үкiмет құрамына кiрмейтiн бiрқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар. Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс. Ол бiр жағынан нарыққа өтпелi кезеңде аймақ басқару субьектiсi ретiнде, екiншi жағынан нақтылы елдегi әлеуметтiк экономикалық процестер әсерiнен бiрiккен жергiлiктi қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерiнен дамиды. Бұрынғы орын алған мемлекеттiк билiк пен басқару құрылымдарының бiрқатар кемшiлiктерi болған. Олардың қатары төмендегiдей: • Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндiрiстiк, экономикалық және интелектуалдық әлеуеттiң тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етпедi; • Нарықтық қатынастарды ендiру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнiмдi ынталандырудың жаңа тетiктерiн енгiзудi, кәсiпкерлiк пен бәсекенi жетiлдiрудi мүмкiн етпедi; • Басқару органдарының әдiстерi мен нысандары ескiше болды; • Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметi басым болып, кәсiпорындар әрекетiне себепсiз араласу мен олардың экономикалық дербестiгiн шектеу орын алды; • Елеулi кемшiлiк болып қабылданған басқарушылық шешiмдерге жауапкершiлiктiк орын алмауы табылды; • Келiсiмсiз әрекет жасау, қызметтi пайдалану, атқарушы органдарда кең етек алды; 175. Индустриалды-инновциялық даму

Алматы облысы бойынша Индустрияландыру картасына 25 жоба енгізілді, 2,5 мың жұмыс орнын құрылуымен. 2010 жылы он объекті іске қосылды.

Ағымдағы жылы сегіз объектіні іске қосу жоспарланған. Бірінші жартыжылдықта бес объекті: 1) «Кормовик-Евротехнология» ЖШС премикстер мен концентраттарды өндіру заводы, қуаттылығы жылына 1200 тонна жем қоспаларын өндіру; 2) «ЮрИнвестСтрой» ЖШС асфальт өндіру заводы, қуаттылығы жылына 850 мың тонна; 3) Жылына 1800 тонна сүт өнімдерін өндіру заводы «Байсерке Агро» ЖШС; 4) Пішінді құбырларды өндіретін завод «Компания SONIK» ЖШС, қуаттылығы жылына 24 мың тонна құбырларды өндіру; 5) Хундай жүк автомобильдері мен автобустарын ірі-тораптық жинақтау бойынша жоба «ХундайАвтоТранс» ЖШС, қуаттылығы жылына 500 автокөлікке дейін.

2011 жылғы екінші жартыжылдықта үш жоба іске қосылады: 1. Индустриялық (стационарлық) қорғасын-қышқыл аккумуляторларын игеру «Қайнар-АКБ» ЖШС, іске қосылуы қараша айында. 2. Текелі қаласында 3,65 га жерінде жылыжайдың құрылысы «Green House - жасыл үй» ЖШС, іске қосылуы қараша айында. 3. Вакуумдық орауышта блокты ет және ірі тілімді еттерді шығару бойынша етті қайта өндіру кешенін құру «Байсерке Агро» ЖШС, іске қосылуы желтоқсан айында.

Сонымен қатар, Республикалық Индустрияландыру картасының аясында 2011 жылы 2 объектіні іске қосу жоспарланған: Шарын өз. Мойнақ СЭС және «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]