Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

1)Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат міндеттері және оның зерттеулерінің өзектілігі. Тарих адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып үйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға,арысқа, жүзге бөлінуі емес оныі тұтастығына,туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, елі жұрты барына талдау жасауға арнлған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз,ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Яғни тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет.. Сонда ғана адам өзінің толыққанды адаммын деп санай алады, Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып саналады. Оның негізгі міндеті-тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар: -Ғылымныңқазіргі даму ережесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру. -Пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру; - Тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру;

2)Қазақстан территориясындағы тас дәуірі ескерткіштері Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар. Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас. Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б. Жаңа тас ғасыры-неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. Бұл жерден 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70000 жылқының сүйегі табылды.

3)Қола дәуіріндегі Қазақстан. Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Шаруашылығы: Дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер - жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды. ОңтүHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"стHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"ік ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"азақстан мен Жетісудан қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B0_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D1%96"олаHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B0_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D1%96" дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Оңтүстік Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары Таутары, Бесарық, Алакөл ойпатында Қарақұдық қорымы зерттелген еді. Олардың мерзімделуі — біздің заманымызға дейін XVI—XIII ғасырлар.. Өлікті жерден қазылған, бетін үлкен қақпақ тастармен жапқан қабірге жерлеген, өлікті өртеп барып қою ғұрпы басым болған. Өлген адаммен бірге қыш кұмыралар қойылған. Олар көбіне тарақ жүзді өрнекпен өрнектелген. Жетісудағы кола дәуірі қорымдарының үлгісі ретінде Қаракұдық кешенін алуға болады. Ондағы жер беті құрылыстары тақта тастардан шеңберлей немесе тіктөртбұрыштанып соғылады. Қабірдің екі түрі кездеседі: ірі қақпақ тастардан жасалған тас сандық және қабырғасы тақта тастардан каланған тас сандық (циста). Сонымен бірге қабірден қола айна, қола моншақтар, білезіктер, қыш ыдыстар табылған.

4)Андронов мәдениеті. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті-ғылымда Андронов мәдениеті деп аталды. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған оңт.Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- Андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 ж Б.В.Андрианов жүргізген. Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: 1) Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі)-б.з.б. ХVIII-XVIғғ 2) Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) - б.з.б XV-XIIIғғ 3) Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) - б.з.б ХІІ-VIIIғғ Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. Андронов мәдениетінің негізгі ерекшеліктері мынадай: *Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі *Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал және егін шаруашылығы болып бөлінуі; *Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті; *Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады; Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінде халық тығыз қоныстанған аймақ болған. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазаұстанның оңтүстігінен табылды.Жетісудың орта қола дәуіріне Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жатады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы ашылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәуірінің бірегей ескерткіші - Түгіскен кесенесі ашылды.

5)Сақтар

Б.з.б І мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер-сақтар. Сақ тайпалар одағы б.з.б VII-IV ғасырларда құрылды. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңт.Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген киф тайпаларымен ұқсастығы болды. Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы болды: *Парадарайа (Теңіздің ар жағындағы сақтар) *Тиграхауда(Шошақ бөрікті сақтар) *Хаумаварга(Хаома сусынын дайындайтын сақтар). Қоғамдық құрылысы: Сақ қоғамында халықтың 3 тобы болған.Олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауымшыл сақтарға-сары мен көк түстер тән еді. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да елдермен бірдей қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Б.з.д VI-V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғары сатысына көтерілгендігін, оған экономикалық және саяси алғышарттардың болғандығын көрсетеді. Мәдениеті: Сақ мәдениеті- орт.жіне Алд.Азияның мәдениеті мен өнер жетістіктерінің бірі болды. Сырдария,Іле,Талас,Лепсі және т.б өзендер аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. мысалы: Жуантөбе қорымы-300 обадан,Берікқара қорымы-500 обадан, Кетпен-Төбе алқабында700 обадан тұратын қорымдар табылған. Сақтар Алтай,Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады.Шығыс Қаз. мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан. Б.з.б 7 ғасырдан бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігінде "аңдық стиль" деп аталатын өнер пайда болды. Басты тақырыбы-аңдар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу. "Аңдық стиль" дәстүрімен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезіде танысқан. Осы жерден алғаш рет "өмір ағашы" атанған арыстан бейнесі тараған. Жылқы- күн және отпен байланыстырылды. есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар-күннің қозғалысын білдіреді. Қабан бейнесі- күн күркіреу құдайы. Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштан ойып жасалған бейнелер мен бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік өнердің тамаша туындылыры Есік және Шірік-Раббат қоныстарынан табылды. Жазба деректері: Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) Антик дәуірінің авторлары(гректер)-Геродот,Страбон,Ксенофонт,Птоломей және т.б. 2) Ахеменидтер әулетінен(көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы т.б.) Парсы жазбалары "Сақ" атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды "Азиялық скифтер" деп атайды. Парсы сына жазбаларында хаомаварга сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюрьгий сақтары деп аталды.

Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі аталған: *Гректер-Азиялық скифтер; *Парсылар-Құдіретті еркектер; *Ирандықтар-Жүйрік атты турлар ; 6)Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы Ұлы «Жібек Жолы» —ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен батысты байланыстырып, жерорта теңізінен қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Үлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз(620-630ж.ж) Б.з.б ІІІ-ІІ ғ.ғ - жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып дамыды. Олар -Лазурит жолы -Нефрит жолы -Дала жолы Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған,. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. .Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Кейін бұл жол арқылы Үндістан,Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Ұлы жібек жолымен ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Сондай-ақ бұл жолдың бойымен дін таралды. Буддизм-Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңт.Қаз және Жетісуда кең тарады. Жібек жолымен ІІІ ғасырда Иранда пайда болған манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы "Екі негіздің қасиетті кітабында" жазылған. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды. 7) Неолит төңкерісінің мәнін ашып көрсетіңіз: Неолит кезеңі б.з.б 5-3 мыңжылдықтар арасын қамтиды. Бұл тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау, пайда болды. Тастан балта, кетпен, келі, келсаптар, дән үккіштер жасалды. Микролиттер дайындау неолитте меңгерілді. Сүйек өңдеу жетілдіріле түсті. Мал және егін шаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын өндіруші шаруашылықтың басуы-сол кезеңнің аса маңызды белгісі болып табылды. Ғылымда бұл құбылыс-Неолит төңкерісі деп аталды.

9.Сақтар археологиялық ескерткіштері

Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі Бабыш молда қаласы.Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VI­II-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қаружарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.

Сарматтар археологиялық ескерткіштер

Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

10.Ғұндардың тарихы

Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Үйсін

Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]