Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих все ответы.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
11.09.2019
Размер:
1.01 Mб
Скачать

22. Көне түрік жазуының ескерткіштері.

Б.З. I мыңжылдығының ортасында қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі.

Олар үш топқа бөлінді(VI-VIII):

Бүлгар-хазар.

Батыс-түрік(оғыз)

қарлұқ. VIII-X ғасырларда батыс –түрік тілдер тармағынан қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңтүстік қазақстан халқы Монғыл-Қидан , Соғды ,араб тілдерінде де сөйлеген.IX-XII ғ.ғ.-түріктерде араб тілі кеңінен қолданылды. Түріктердің жазыуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды(VIғ.IIжартысы)

Ежелгі түрік жазуларының ескерткіштері- Солтүстік Монғолиадан , Орхон , толы , Селенгі , өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар, бұл жазулар белгілі қаған , күлтегін (732ж , 735ж.).Тоныкөк(716ж.)құрметіне жазелған.

Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг тапқан.Жазу скандинавиялық руна жазуына үқсас болғандықтан руна жазуы деп атаған.

VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды . VIII-X ғасырдағы “Қорқыт ата ” Эпосы . Жүсіп Баласағұни XI ғ.“Құтты біліні ” Махмұт Қашқари XI ғ 1072-74 жылдары жазылған “Диуани лұғат ат-түрік ”. Қожа Ахмет Йассуи XI ғ. “Диуани Хикмет ”. сүлеймен Бақырғани .XII ғ. “Хакім ата ”. Ахмет Хүгенеки (Югнаки )XII ғ. “Хибат ул-хақайк”. Әбу Насыр Әл-Фарабй.IX-X ғ. “Ғылымдар энциклопедиясы”. Әбу Райхан Әл-Бируни.X-XI ғ. “Ежелгіхалықтардың хронологиясы”. Атты жазба деректер бар.

23. Түркі тайпаларының наным- сенімдері мен салт-дәстүрлері.

Түркілер ежелден қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылысында көкке сиынып, көк тәңірге арнап құрбандық шалған.Түріктердің дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы.Түрік жазбаларының дәлелдеуінше ҮІІІ ғ. Монғолияда Ежелгі Түрік мифологиясында Умай құдай – анасы қағанның әйелінің қорғаушысы және жас сәбилердің анасы болған.

Түркілер парсы, қытай және орыс секілді ірі мемлекеттермен көршілес болған. Бір-бірінен өзгеше мәдени ошақтарды ішін-ара байланыстырған түркілер, олардың діни сенімдері мен дәстүрлеріне де мән берген. Халық арасында ислам дінінің ықпалы айтарлықтай жоғары болған. Шаманизмнің басты өкілдері өз сарындарында ислам киелілерін марапаттауы осыған негіз бола алады.

24.VI-XII ғ.ғ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті.

Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.

Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.

Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.

Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.

VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Оты­рар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған.

Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған.

Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар)

Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және са­уда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айна­лымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған.

Тараз. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар за­манында ерекше гүлденді. Бұл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орна­ласқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыр­тында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған», — деп жазған.

Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр билеушісі Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған.) Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндегі беделі өсе берді.

Сығанақ – Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ғасырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы бол­ды.

Баласағұн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша Ба­ласағұн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп аталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]