Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туроперейтинг.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.95 Mб
Скачать

Тур бағдарламасы

1-күн «Көктума» кентіне келу, теміржол бекетінде туристермен кездесу, трансфер, «Көктума» пансионатында орналасу

2-күн . таңғы ас. Дәрігердің тағайындауы бойынша таңғы емдік шаралар, түскі ас, бос уақыт, кешкі ас.

3-күн. Аралтөбе аралына катерде экскурсия. Түскі ас, бос уақыт, кешкі ас.

4-күн Таңғы ас, таңғы емдік шаралар, шомылу мен демалуға бос уақыт кешкі ас.

5-күн . Таңғы ас, балық аулау, түскі ас, бос уақыт, кешкі емдік шаралар, кешкі ас.

6- күн таңғы ас. Таңғы емдік шаралар, бос уақыт, түскі ас, кешкі ас.

Алакөл көлінде балаларымен демалысын өткізгісі келетін туристер үшін қолайлы нұсқа болып поездың купе вагонын таңдау. Орналастыруды қарастырады: стандартты номер (екі кереует, стол, орындық , жуыну бөлмесі, туалет, жуыну кабинасы қабатта): екі орынды номер:

1) тәуліктік баға 2300х6 күнге 13800т

2) теміржол жолақысы 4000т

3) көлге жолақы 100х7күнге 700т

4) сақтандыру 400т

5) трансфер 1000т

Осының негізінде бір ересек адамға жолақы құны 19 900 теңгені құрайды.

1. тәулік бойынша 7350х6күнге 6450т

2. көлге жолақы 100х7үнге 700т

3. сақтандыру 200т

2-ден 7 жасқа дейінгі балалар үшін орын және тамақтануды қосқандағы жолдама құны 7350 тенгені құрайды.

1. Бір балаға тамақтану 500тгх6түн 3000тг

2. Көлге жолақы 100тгх7күн 700тг

3. сақтандыру 200тг

Турист жадынамасы

Үнемі дәрігерлік қадағалауда қажет ететін тұлғаларға маршрут таңдау кезінде емделіп жүрген дәрігермен кеңесу керек.

- төлемді (жолдаманы), жолақы құжаттарын және туристік ваучерді растайтын құжаттарды бөтен немесе басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады:

- Алакөл ауданының территориясында, белсенді ультракүлгін сәулену (күн) болғандықтан күннен қорғану кремдер мен көзілдірікті пайдалану:

- Алакөл ауданы – кене, жыландар кездесетін мен осыған қарамастан соңғы жылдары кене энцефалитімен ауырған жағдайлар Алакөл ауданы территориясында тіркелмеген, сондықтан да алдын – ала егу жұмыстарын жүргізіп, сақтандыру алу.

Кене шаққанда алдын – ала емдеу шараларында келесі ережелерді қадағалау керек. Орманға немесе экскурсияға серуендеу барысында кене тұмсығы кірмейтін киім кию қажет. Киім адам денесіне тығыз орналасуы керек; төменге шальар киген әбден дұрыс. Киіміңіз біртүсті болса, кенені байқау қиынға соқпайды. Есіңізде болсын! Кенелер шөпте көп болады, сондықтан демалыс үшін құрғақ ашық, құмды топырақты жерге отырған дұрыс. Орманнан жұлынған гүлдер, бұталар алып келуге тыйым салынады.

Әрбір 15 минут сайын киімді толық тексеру керек, ал әрбір екі сағат сайын – денені толық қарап шығу керек.

Негізгі ережелерді орындаумен қатар қорғанудың арнайы шараларын қолдану керек: химиялық препараттар, иісмайлар, аэрозольдар. Кене энцефалитін емдеу мен алдын алу шаралары құралдарының бірі болып «Йодантипирин» препата болып табылады, ол вирусқа, қабынуға қарсы және иммунды әрекетімен сипатталады. Аталған препарат дәріханада сатылады.

Есіңізде болсын, неғұрлым кене тез алынса, соғұрлым оның қоздырғыш мөлшері де аз болады. Қазақстан Республикасының жергілікті халықтың салт дәстүрлерін, мәдени тарихи құндылықтарға құрметпен қарауларыңыз тиіс.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. келісім жүргізудің психологиялық тұрғыдан тоғыз ережесін атаңыз?

  2. келісімшарт дегеніміз не?

  3. келісімшарт қандай бөлімдерді қамтиды?

  4. қызметті жабдықтаушылармен келісім шарт не үшін қажет?

  5. туризмде келісімдік қарым қатынас қандай нормативтік құқықтық құжаттармен реттеледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)

  • Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1 : ХР (2)

  • Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст] : учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5 : ХР (6)

  • Экономика и организация туризма [Текст] : учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса ; ред. : И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2 : ХР (10)

12-13. Туроператор қызметін ұйымдастырудағы тәсілдер.

Лекция мақсаты: Туроператор іс әрекетін ұйымдастырудағы тәсілдерді талдау

Сұрақтар:

  • Туроператор іс әрекетін ұйымдастырудағы тәсілдердің мазмұны мен маңызы

  • кәсіби біліктілік, персонал білімі мен қойылатын талаптар

Туроператор іс әрекетін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер мыналардан тұрады:

1. Офис қозғалысы көп көшелер мен орындарда және орталықта орналасуы тиіс. Ең маңыздысы халық көзіне жиі ұшырасатын фирма келбеті әрқашанда жоғары болуы қажет.

2. Фирма бірінші қабатта бөлек кіру есігі бар әйнекті құрылыс ғимараты мен заманауи үлкен терезелерден тұратын жерде орналасуы тиіс.

3. Машиналарға қолайлылығы үшін немесе автотұрақ қасына жақын орналасуы керек.

4. офис екі кабинеттен тұруы тиіс - ол сіздің агенттігіңіз үшін қолайлы аудан. Үлкен кабинет сату залы ретінде қолданылса, ал екінші кіші зал сіздің кабинетіңіз ретінде қолдануға болады.

5. Фирма кем дегенде үш телефон номері (мини АТС) болуы керек. Бір номер ақпарат алуда қоңырау ретінде қолданылса, екіншісі факс ретінде, ал үшіншісі күтуші ретінде тұтынушылар үшін жұмыс істейді.

6. Фирмада аса қажетті заттармен жабдықталуы тиіс, ең алдымен ұйымдастыру техникасы. Фиксимильді аппарат, компьютер, телефон аппараты, көшірме, бейне.

7. Жұмсақ дивандардың болуы. Ол әсемдік үшін емес, істің пайдалылығына арналуы қажет.

8.Қосымша сұраныс кезінде міндетті түрде қосымша қызметтерді енгізу: бейне-көрсетілімдер, соңғы баспажурналдары, күту уақытын жеңілдетуде ұсынылатын кофелер.

9. Фирмада міндетті болу керек: директор, қаржылық менеджер, аға менеджер, менеджер, туроператормен байланысы бойынша менеджер, сонымен қатар уақытша кейбір тапсырмаларды орындайтын қызметкерлер, тазалықшы, аудитор, заңгер, жарнамалық агент.

10. Қызметкерлер бірыңғай форма киюі тиіс.

11. Фирмалар қызметкерлерін қалыптастыру тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарлатуға, кәсіби шеберліктің өсуіне, сонымен қатар әртүрлі бағыттау бойынша туристік кәсіпорынның іс әрекетіне үлесін және ұсынысын қосуда мадақтауға, жеке қызметті жетілдіру және өңдек бойынша бағытталуы тиіс.

12. Өтімділікті тұрақтандыру шаралары тұтынушыларға бағытталады:

13. Негізгі сапарға бірнеше күн ағымында қосымша қызметтерді ұсыну

14. Конкурс, ұтыс ойындары, викториналарды өткізу (жеңімпаз тур жолддаманы тегін алу)

Персонал білімі

Заманауи кәсіпорынның көптеген мәселелерінің шешілуі өндірісті қамтамасыз етумен қатар білікті белсенді мамандарды басқару.

Егер кәсіби біліктілік сұрағы арнайы туристік білімі немесе еңбек өтімі бар кадрларды іріктеу жолымен шешуге, белсенділік, жауапкершілік тұлғаның жұмысқа деген шығармашылық тәсілі фирма ішінде басқару жолымен шешіледі. Бірақ та, персонал біліктілігі анықтаушы фактор болып табылмайды.

Тұлғаның сапасына қойылатын талаптар:

  • аналитикалық қабілеттері, ойлау қабілеті;

  • ұйымдастырушының қабілеті, шығармашылыққа бейімділігі, жаңашылдыққа қызығушылығы, сонымен қатар басқару, бақылау, қаржымен жұмыс істеу қабілеттілігі;

  • байланысы, сыпайылығы, кәсіби келбеті.

Туристік кәсіпорынның персоналы келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • ҚР туризм саласындағы заңнамасының негізгі құжаттарын және туристік қызметтерін тұтынушыларды білу;

  • ҚР туризм сферасындағы халықаралық келісімдер;

  • Туризм сферасындағы халықаралық құжаттар, халықаралық талаптар жүйесі;

  • ГОСТ 50644-94, ГОСТ 50 681-94, ГОСТ 60680-94 туристік маршруттар қауіпсіздігін анықтайтын нормативті құжаттар;

  • Орындалатын жұмыс сәйкестігімен шетел тілін білу;

  • Басқару әдістерін;

  • Тұтынушы үшін қажетті ақпаратты игеру;

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. туризмде халықаралық келісімдік қарым қатынас қандай нормативтік құқықтық құжаттармен реттеледі?

  2. қонақ үй кәсіпорындарымен келісімдердің түрлерін? Олардың құрамын атаңыз?

  3. әуе компанияларымен келісімдер мен оладың ерекшеліктерін көрсетіңіз?

  4. тур маршруты бойынша ТО ТО келісімі қандай жағдайларды қамтиды?

  5. ТО ТО келісімінде тамақтанудың қандай түрлері көрсетілуі мүмкін?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)

  • Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1 : ХР (2)

  • Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст] : учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5 : ХР (6)

  • Экономика и организация туризма [Текст] : учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса ; ред. : И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2 : ХР (10)

14-15. Туроператор іс әрекетін ұйымдастырудың стратегиясын жасау.

Лекция мақсаты: турфирма қызметінің сапасын жоғарлату бағыттары талдау

Сұрақтар:

    • ақпараттық технологиялар

    • турфирма қызметінің сапасын жоғарлату бағыттары

    • қызмет көрсету стратегиясы

Ақпараттық технологияларды қолдану бірінші кезекте нақты мамандардың кәсіби еңбегін автоматтандыруға бағдарланған. Бұл міндет ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдауды заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы шешіледі. Туристік кәсіпорынның заманауи офисінде қолданылатын техникалық құралдар жіктемесіне келесі тәсілдерді ұсынуғ,а болады:

  • компьютерлер;

  • желілік жабдықтар;

  • байланыс құралы;

  • ақпаратты енгізу-шығару қондырғысы;

  • ақпаратты сақтау қондырғысы;

  • мультимедиа және виртуальды шынайылық қондырғысы;

  • ұйымдастыру қондырғысы;

  • Қосымша құралдар.

Техникалық құралдар қызметін қамтмасыздандыру және оны шешу құралдарына программалық қамтамасыздандыру қажет.

«Тал-тур» фирмасы мынадай компьютерлік программмаларды қолданады: Мicrosoft World, Мicrosoft Excel, Мicrosoft Outlook, Out look express, Мicrosoft Power point, Internet, Мicrosoft Out Look және Out look Express электрондық почта жұмыс үшін арналған, топ жаңалықтар не оны топтап талқылауға қолданады.

Жаңалықтар топтамалық жұмысы сервер жаңалықтары арқылы іске асады. Бұл программалар өзіне мекенжайлық кітап, контактілі мәліметтерді кең түрде басқаруға және хабарламаларды реттеп электронды почталарды орналастыруға мүмкіндік береді.

Адрестік кітап Интернет каталогіне қол жеткізу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Адрестік кітап программасында бірнеше каталогтарға желілік мүмкіндік бар. Бұл прграммада мынадай функциялар іске асады:

  • Хабарлама оқылғаны туралы ескерту (жөнелтілген хабарлама сұрату, алушыға жеткендігі туралы есекерту)

  • Көптілдік жақсартылған қолдау (аты әртүрлі тілдердің символы ретніде қолданылатын файлдар мен жасау мүкнішілігі)

  • Қауіпсіз пошта

  • Мicrosoft почталық желілік қызметпен жұмыс жасау.

  • Жаңа бланкілер. Хабарламаларды құрауда он шақты жаңа блнкілер қолданылады.

  • Контакт терезесі (мекен жайы)

  • Бірнеше қол қою құжаттарының ресімделуі ескі нұсқасы.

  • Хабарламаларды жөнелту

  • Керек емес хабарламаларды тазарту

турфирмасының сапасын жоғарылату үшін мынадай бағыт береді:

  • Турфиманың ауданын кеңейту қажет

  • Шағу және кіру есіктерін жеке-жеке жасау

  • Персоналдық квалификациясы (араласу мәдениеті, жұмысқа қызығушылық, орныдалған жұмыс көлемі ағылшын тілінде, квалификацияны жоғарлату, жаранмалық турлар);

  • Келушілердің сұрағына нақты және анық жауа беру, тұтынушыларға қажет ақпараттарды білу:

- Заңнамалық және нормативті актілерді, туризм сферасында және халықаралық туристік организациялардың құжаттарының халықаралық нормаларының ресмилігін білу;

  • өнімнің өмірілік циклін есептей білу;

  • қызметтің сапалық технологисын қолдану;

  • алдын-ала төленген қызметтің гарантиясы

  • өмірлік қауіпсіздік азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта гарантиясы

  • Жаңа операторлық программаларды өңдеу

  • әртүрлі мелекеттер және қоғамдық орындар мен туристік компанияның жақсарып қалыптасуына, имиджін жоғарылату үшін жақсы байланыс орнату

  • үлкен жарық маңдайша жазу орнату

  • жақсы интерьер орнату (қолайлы, жылы жиһаздар)

  • қызметкерлерге униформа беру

  • оргтехникалардың жаңа түрлерін қолдану

  • прессада жарнамаларды кеңейту, телевизиялы жарнамаларды қолдану

  • фирмада, әртүрлі семинарда, высавкада, конференцияларда қатысу

  • сувенирлік өнімдерді жіберу, әртүрлі календарлар, күнделіктер, открыткалар, буклеттер, знечоктар, зажикалкалар, ручкалар, кружка, сағаттар киімдер

  • басқарушыға жеңілдік құқығын беретін купон әдістерін енгізу

  • потенциалды клиенттерге пошта рақылы жарнамалы материалдарды жіберу

Осы аспектілердің барлығы фирма сапасының жоғарлауына әсер етеді. Жұмыс нәтижелерін талдай келе, келесідей қорытынды шығаруға болады: туристік өнім турист ақысымен жүзеге асатын саяхат барысында турист қажеттілігін толық қанағаттандыратын кез келген қызмет түрі. Кез келген фирманың жетістігі бірінші кезекте өндірілетін өнімнің тартымдылығынан тәуелді. Ол маркетингтік кешеннің негізгі бөлігін түзеді, яғни барлық элементтері мен өзара байланысқан: баға, нарыққа шығуы және таралуы. Туристік өнімде тауардан қызметті ажырататын төрт сипаттамалар тән: сезінбеушілік, өндіруші мен тұтынушының ажырамауы, өзгермелілігі және сақтауға қабілетсіздігі.

Кез келген туристік бағдарламаны жасау жалпы мақсаттарды өңдеуден, алдын ала болжамды шығарудан, ол ең алдымен тұтынушы сұранысы мен бәсекелестер ұсыныстарын зерттеуге незізделеді. Жаңа өнімді өңдеу бірнезе кезеңдерде жүзеге асады. Алдымен компания туристік өнімді өңдеу стратегиясын қалыптастыруы қажет, яғни қажет өнім түрлерін орнату, жүзеге асып жатқан өнімді модификациялау, сонымен қатар өнім жасау үшін ресурстарды бөлу. Жаңа өнімді жетістікпен өңдеуді өңдеудің ресми талаптарын орнататын туристік компаниялар, дәлірек айтсақ, туристік өнімді өңдеудің жүйелі бағдарламалары бар ірі корпорациялар айналысады.

Қызмет көрсету стратегиясы – қызмет көрсетудегі стратегиялық мақсаттар басымдылығын, туристік фирманың оң бет бейнесін қалыптастырудағы қызметтерге қол жеткізуде, нарықта қаржылық бағыт пен үнемі тұтынушылардың тұрақтылығын анықтайтын бас жоспарлар әрекеті.

Инкаминг – шетел азаматтары үшін өз елінің территориясында турларды өңдеу, жылжыту және сату бойынша туроператордың қызметі.

Инсайдинг – ішкі турөнімді жоспарлаушы, жылжытушы және жүзеге асырушы туроперейтинг түрі, яғни өз елінің территориясында тұратын азаматтарға арналған турлар. Инсайдинг – туроперейтинг өз елінің туристік әлеуетіне негізделіп, өз азаматтарының туристік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. турдың технологиялық құжаттары не үшін қажет?

  2. турдың технологиялық құжаттарының толық тізімін көрсетіңіз?

  3. туристік жолдаманың мазмұнын және формасын, кіммен бекітілетінін атаңыз?

  4. турдың технологялық картасы дегеніміз не?

  5. шет ел туристерін шақырудың технологиясы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)

  • Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1 : ХР (2)

  • Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст] : учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5 : ХР (6)

  • Экономика и организация туризма [Текст] : учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса ; ред. : И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2 : ХР (10)