Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туроперейтинг.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.95 Mб
Скачать

4. Туроперейтингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі кезеңдері.

Лекция мақсаты: Туроперейтингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі кезеңдерін талдау.

Сұрақтар:

    • Турды өткізу және қызмет көрсету сапасын бағалау

    • турларды калькуляциялау

    • маркетингтік зерттеулер

    • стратегиялық жоспарлау

Турды дайындау кезінде менеджер-туроператор тур фирма жетекшісіне келесі құжаттарды көрсетуге міндетті.

Маршрут сипаттамасы, тур бағдарламасы орналастыру нысандарына сипаттама (мекен жайы, атауы, орналастыру жағдайы) және тамақтандыру шарттары; Тур калькуляциясы;

Саяхаттау елі салты мен дәстүрі, тарихы және мәденеиеті, ерікті орындары және экскурсиялық көрсетілімдегі басқа объектілер, қоршаған орта жағдайы туралы, валюта айырбастау шарттары, мерекелі күндер мен саяхаттау орындарының басқа да ерекшеліктері туралы ақпараттар;

Маршруттағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарының тізімі;

Ресми тұлғалар туралы елшілік туралы қажеттті мәліметтер, (елшілік), (аты жөні, телефоны, мекен-жайы):

Қабылдайтын турфирма туралы (аты –жөні, телефоны, мекен-жайы, шиеленіскен жағдайларды шешу жолдары);

Қабылдаушы жақ пен келіскен тур жолдама мен ваучер үлгісі

Уақытша келген елге келу жүріп тұру ережелері тур ақпараттар, кедендік ережелерді қоса алғанда.

СУРЕТ 1 – Туроператор жұмысын ұйымдастырудың негізгі кезеңдері

Осы аталған барлық мәліметтер бас директор мен қатар, бас бухгалтер, сонымен бірге сәйкестілік сертификатын алу үшін сертификаттау органымен бекітілген құжаттарда көрініс табады.

Туристің арыз түрінен және ұйымның тәсіліне байланысты турлардың сатылуы тұлғалық және топтық болуы мүмкін.

Тұлғалық турлар туристерге үлкен еркіндік пен өзіндік жүріп тұруына арналған, бірақ ол өте қымбат, мысал келтіретін болсақ көлік гидтерді өзімен бірге алып жүру және кейбір басқа туристер осындай қызмет түріне толығымен төлейді (топтық турда бұл бағалау топтың барлық мүшелеріне үлестіріледі немесе бөлінеді). Тұлғалық турлардың қымбат болу салдарынан бұқаралық туристерге бұл турға қол жеткізу қиын.

Топтық турлар айтарлықтай арзан және сондықтан да бұқаралық туристер қол жеткізе алады. Бірақ топтың саяхаттарда әрекет ету бостандығы шектелі, себебі әрбір қатысшы саяхаттаушы топтардың тәртібі үшін бектілген ережелерге бағынуға міндетті.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. «туристік пакет» құрамына кіретін факторларды сипаттаңыз?

  2. туристік пакеттің бағасы қалай анықталады?

  3. туризмде баға белгілеуге әсер ететін факторларды атаңыз?

  4. турды жобалау деп нені түсінеміз?

  5. турды жобалау қандай заңды құжаттар арқылы анықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)

  • Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1 : ХР (2)

  • Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст] : учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5 : ХР (6)

  • Экономика и организация туризма [Текст] : учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса ; ред. : И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2 : ХР (10)