Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туроперейтинг.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.95 Mб
Скачать

2. Туроперейтинг теориялық негіздері

Лекция мақсаты: Туроперейтингтің негізгі ұғымдарына сипаттама беру

Сұрақтар:

  • Туроперейтингтің негізгі ұғымдары

  • Турларды өңдеу кезеңдері

  • Тур өнімді диверсификациялау

Ең алдымен туризм сферасында нақты орнатылған ұғымдық аппарат жоқ. Көптеген авторлар тур, турөнім, турпакет және т.б. ұғымдарға әртүрлі түсініктеме береді. Әрине, 1996 жылы қарашада қабылданған федеральды заңда шиленісу туындайтын туристік ұғымдарды нақты талдаса, кейбір авторлардың есептеуінше бұл талданған түсініктер дәл емес деп есептейді.

Заңға сәйкес тур өнімді қалыптастыру - турөнімге (қонақүй, тасмалдаушылар, экскурсоводтар. (гидтер) және басқалары) кіретін жеке қызмет түрлерін көрсететін үшінші тұлғамен келісім шарт жасау мен қолдану бойынша туроператорлардың іс - әрекеті. Туризм және сервис саласында көптеген оқу құралдары мен оқулықтың авторлары терминге өз анықтамаларын береді, мысалы: Донат Исмаев, «Основная деятельность туристкой фирмы» атты кітабында туристік өнім - туристік саяхат үшін қажетті тур фирмалардан туристер сатып алатын қызметтер кешені деп есептейді. Бұл кешенге оның пікірі бойынша, әдетте әртүрлі нұсқадағы көліктік тасымалдаулар, орналастыру, тамақтандыру құралдарына тұрақтану, аялдама пунктеріндегі кездесулер мен өткізулер, экскурсиялық және ойын сауық шараларын жатқызады.

Д.Исмаев ұсынған терминология анықтама толық, әрі нақты. Осы терминологияға сәйкес, турұғымы турөніміне қарағанда біршама ауқымды, яғни турөнім дегеніміз тек турға деген құқық болып табылады.

Турдың бірінші құрамдас бөлігі тур маршрут болып табылады. Бұл анықтамада көріп отырғанымыздай «қызметтер пакеті» тур ұғымына сай.

Шетелдік тәжірбе «пэкидж тур» және «инклюзив» тур терминдерін қолданады.

Тур: ұғым, құрылымы және түрлері.

Турдың толық құрылымын келесі сызбанұсқада көрсетуге болады. Бұл сызбанұсқадан көріп отырғанымыздай, тур өзіне турдың тұтынушы қасиеттерін біріктіреді, яғни маршрут, қызметтер пакет, және баға. Тур маршруты туристердің қызығушылығы, тілегі мен арманын қанағаттандыруға және оған қажетті тартымдылық беруде үлкен рөл ойнайды.

Туристерді келген еліндегі қалалар арасында тасымалдау. Бұл тасымалдау қабылданған турфирма туристімен ұсынылған қызмет пакетіне кіреді. Бірақта тур оператор қызмет пакетін келісу кезінде қабылдаушы фирмамен бағыттары бойынша елде туристерді тасымалдау бойынша ұсынылатын шарттармен келісуге немесе келіспеуге құқылы. Маршрутты құрастыру кезінде жылдамдық пен қолайлы тасымалдауды қамтамасыз ететін, транзиттік аялдама болмайтын және экскурсиялық белсенділігі үшін туристерге күндізгі уақытын бөлудегі көліктің түріне аса мән беріледі.

Көлікті таңдау кезінде белгілі бір мәнге тасымалдау құны кіреді.

Қызмет пакеті – турдың екінші құрамдас бөлігі, өзінің мазмұны, қызметтік және сапалық қасиеттері бойынша саяхаттаушы туристі қанағаттандыру керек. Қызметтер пакеті қызметке кірген сандық қызметтік қасиеттер мен сапасына байланысты ең әртүрлі нұсқалардан тұруы мүмкін. Пакеттің типтік үлгісі болып орналастыру қызметі, кездесулер мен өткізулер, тамақтану және экскурсиялардан тқратын кешен табылады.

Турларды өңдеу кезеңдері..

Туристік өнімді туроператорлармен жасау үрдісі тұтас алғанда келесі этаптардан тұрады:

1. Идея бастамасы салыстырмалы түрде жаңа турөнімнің баңасымен құндық және тұтыну қасиеттері.

2. Жаңа турөнім тұжырымдамасын өңдеу.

3.Турөнімді позициялау.

4. Жаңа турөнімді жылжыту және сату стратегиясын таңдау міндетті.

5. Толық маркетинг.

6. Жаңа турөнімді коммерциялау..

Турөнімді қалыптастыру саласында туристік фирмалар арасында негізгі бәсекелестік күрес екі стратегиялық бағытта жүреді: диверсификация және сапалы жоғарылату.

Турөнімді диверсификациялау дегеніміз алуан түрлі турларды жасауда аса үлкен емес нарықтық сегмент сұранысын қанағаттандыруға қабілетті және жеке тұлғаның қажеттілігіне сай тур өнім жасау болып табылады. Диверсификация стратегиясы, жеке алғанда турфирма жұмысының негізгі бағыттары (елдер) бойынша, турлардың алуан түрлілігімен жетілдіруін қарастырады. Көптеген туроператорлар 1-2 елдерге маманданады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. турперейтингтің қандай түрлері белгілі?

  2. турперейтингтің негізі функциялары

  3. жеке тур дегеніміз қандай тур?

  4. топтық тур дегеніміз қандай тур?

  5. тур өнімнің негізгі тұтынушылық қасиетін атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)

  • Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1 : ХР (2)

  • Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст] : учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5 : ХР (6)

  • Экономика и организация туризма [Текст] : учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса ; ред. : И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2 : ХР (10)